Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
кездесулерді ұйымдастыруды көздейді. Болон үдерісі демократиялық жоғары технологиялық
ақпараттық нарықтық қоғам талаптарына сай келетін және жеке бағыттылықты, таңдау
еркіндігін және өзіндік білім жолын игерумен, білім жинаудың ақпараттық- ізденімпаздық
сипатын қалыптастыруды мақсат тұтады. Болон үдерісінің басты мақсаттарының құрамында
еуропалық мәдени құндылықтарды дамытудағы университеттердің негізгі басты орнын
мойындау; жоғары білімді қоғам талаптарына сай бейімдеу қажеттігі; білім орталықтарына
қол жеткізу мақсатындағы азаматтардың жұмылуы; түлектердің кәсібін айқындауда түсінуге
жеңіл, салыстыруға боларлықтай дәрежелер мен мамандықтар қабылдау; әртүрлі
мәдениеттерге, тілдерге, ұлттық жүйелерге сый-құрметпен қарау; университеттік
автономияны және академиялық еркіндіктерді дамыту; үздіксіз білім беру; Болон үдерісі
мүшелерінің арасында сенім философиясын орнату жатады. Ресми заңдық тұрғыда Болон
процесі Батыс Еуропа мен Қазақстанда қалыптасқан кәсіби білім деңгейін біркелкі
«бакалавр-магистр» формуласымен теңестіріп, қазақстандық жоғары білім құжаттарының
Еуропада мойындалуына жол ашып, мүмкіндік береді.
Болон үдерісі (Болондық қайта құрылулар) – жоғары білім министрлерінің
Декларациясына сәйкес, еуропалық жоғары білім жүйесін жақындату процесін белгілеу үшін
жиі пайдаланылып жүрген термин. (Париж, 1998; Болонья, 1999; Прага, 2001; Берлин 2003).
Болон үдерісі – жалпы қызмет қағидасына негізделген жоғары білімнің біріңғай еуропалық
жүйесінің құрылу үдерісі.
Қазақстан 2010 ж. 11 наурызынан бастап бірінші орталық-азиялық мемлекет болып
(Болондық үдерістегі) Еуропалық білім беру кеңістігінің толық мүшесі болды.
Болондық декларацияның 46 елінің өкілдері Қазақстанның қосылуы туралы шешімді
қолдады. Біздің мемлекетіміз Еуропалық жоғары оқу орындарының аймағына енген 47-ші ел
болды.
Болондық үдеріс – жалпы қызмет қағидаларына негізделген жоғары білімнің біріңғай
еуропалық жүйесінің құрылу үдерісі.
Болондық үдерістің принциптері:Еуропалық білімнің бәсекелестікке қабілеттілігін
және тартымдылығын жоғарылату; Ұлттық білім жүйелерін жақындастыру; Көп деңгейлі
жоғары білімді енгізу; Академиялық кредиттер жүйесін қабылдау; Білім сапасын бақылау.
Болон реформалары «нәтижелерге бағытталу» және «студенттік орталықтандырылған
оқыту» терминдерімен сипатталады. Бұл жерде сөз оқыту нәтижелерін кең мағынада
түсінуде болып отыр. Осы терминдер ECTS, модуляризациямен және институционалдық
еркіндікпен байланыста болуды болжай отырып, педагогикалық практиканың алға
жылжуының негізгі элементтері болуы керек. Сонымен қатар Болондық құрылымда
біліктіліктің «Дублиндік дескрипторлар» деп аталатын білім беру бағдарламаларын меңгеру
нәтижелеріне негізделеді, құзіреттілік түрінде тұжырымдалады және біліктіліктің Еуропалық
шеңберінде келістіріледі. Ол маманның 5 біліктілігін айқындайды. Олар: қабілеттіліктерін
және білімін тәжірибеде қолдана білуі; өзінің көзқарасын, идеясын, қорытынды жасай білу
қабілеттерінің болуы; оқу үдерісіндегі іскерлігі; ақпаратты, пікірлерді, шешімдерді
мамандарға, маман еместерге жеткізе білуі; білімі және түсінігі арқылы қалай өмір сүруі.
Болон үдерісінің үш деңгейінің арасында баланс болу керек: өкіметке, жоғары оқу
орындарына және студенттерге қатысты еуропалық деңгейде белгіленген мақсаттар;
процесті жүзеге асырудағы ЖОО - лардың алатын негізгі рөлі; ұлттық стратегиялардың рөлі
және алдыңғы екі деңгейдің бірігуіндегі және әрбір елдегі үдерістерге көмек көрсетудегі
заңдылықтар. Болон үдерісі – еуропа аймағындағы жоғары білім беруді және ғылыми
зерттеулерді қорғау және жақсарту құралы, ашықтық пен мобильділікті көтеру құралы
болып табылады. Болон үдерісі жоғары оқу орнының қоғамдағы орнын мойындайды және
сапаға ерекше мән береді, сапаны қолдау мен оны жоғарылату, жүйе мен оның кадрларына
берілетін мемлекеттік инвестицияны көтеруді талап ететіндігін айтады.
Мектептер мен университеттер барлық әлемде бірдей білімдік-тәрбиелік жүйе ретінде
|