Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет49/103
Дата09.02.2024
өлшемі7.85 Mb.
#491487
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   103
Педагигика

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
энциклопедияда (1999ж.): «білім беру – жеке тұлға мен қоғам мүддесі үшін жүргізілетін 
педагогикалық 
тұрғыдан 
ұйымдастырылған 
әлеуметтендіру 
процесі» 
ретінде 
тұжырымдалған. А.В.Петровский, А.Г.Асмолов, В.С.Безрукова, И.П.Подласый: білім беруді 
- білімнің, іскерліктің, дағдының, ойлау тәсілдерінің оқыту үдерісіндегі жетістігі жүйесі 
ретінде қарастырған. Академик В.А.Сластенин: білім беруді – адам, қоғам, мемлекет 
мүддесіне, мақсатына бағытталған тәрбие және оқыту үдерісі ретінде түсіндірген. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 3-тарауының 10-бабында білім 
беру жүйесі ұғымы: білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және білім беретін оқу бағдарламаларының;
меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске 
асыратын білім беру ұйымдарының; білім беруді басқару органдары мен тиісті 
инфрақұрылымдардың, оның ішінде білім беру мониторингін жүзеге асыратын оқу-
әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарының; білім беру қызметінің 
субъектілері бірлестіктерінің жиынтығын бiлдiредi. 
ҚР Білім туралы заңында (11-бап) білім беру жүйесінің міндеттері: 
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері 
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған 
сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, 
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты 
дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, 
мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, 
Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың 
қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз 
құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен 
республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; 
мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету; 
7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды 
демократияландыру;
8) қоғам мен экономиканың қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың 
ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі; 
9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру 
бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез 
бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;
10) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының 
қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге өзінің білім мен 
біліктілікке негізделген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту 
жүйесін өмір бойы дамыту; 
11) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясы;
12) білім алушылардың кәсіптік ұмтылысын қамтамасыз ету; 
13) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-
қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық қарқынмен дамытылуын 
қамтамасыз ету; 
14) мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау 
болып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет