Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
моделі, оқу үрдісінің параметрлік моделі екендігін, оқу үрдісін бүтіндей жобалау мақсат
қою, болжау, өзіндік жұмысты мөлшерлеу, оқу үрдісінің логикалық құрылымы, түзету,
технологиялық карта т.с.с. қарастыру болып табылады. Педагогикалық жобалауды
объектілеріне байланысты классификациялаған дұрыс, өйткені технологияландырудың
негізгі критерийі жобаның бар болуы. Мәселен, түгелдей педагогикалық жүйені жобалау,
педагогикалық, оқыту үрдістерін жобалау, бөлек педагогикалық жағдайларды немесе
педагогикалық жүйе компоненттерін жобалау және т.б. Оқыту үрдісін технологиялық карта
арқылы жобалау дидактикалық ақпараттың қатаң ұйымдастырылуын, жаңа технологиялық
этиканың бекітілуін, білім беру үрдісінің тиімділігін анағұрлым арттырылуын қамтамасыз
етеді. ХХ ғасырдың соңында «жобалау» адамның шығармашылық іс-әрекетіндегі ойлаудың
өзіндік ерекшелігі бар түріне және жіктемелік белгісіне айналды. «Жобалау» іс-әрекеті
ғылымға, өнерге және жалпы адамның қоршаған дүниеге қатынасына тән іс-әрекет түріне
айналды.
Яғни ол адам өмірінің барлық сфераларында өз орнын алады. «Жобалау» сөзі қазақтың
«жоба» деген сөзінен жасалынған, мағынасы – жаңа нәрсенің жобасын, сұлбасын жасау.
Ғылымда ол тек қана жаңа нәрсенің жобасын жасау ғана емес, сонымен қатар оны негіздеу,
басқадан айырмашылығын көрсетуді білдіреді. Бұл термин алғашында құрылыс, техника
саласында қолданылды. Өткен ғасырдың орта шенінен бастап гуманитарлық ғылымдарда да
қолданыс таба бастады. Кеңестік энциклопедиялық сөздікте «жобалау» ұғымы: «1)
құрылыстың, механизмнің немесе құрылғының жоспарын жасау; 2) белгілі бір құжаттың
алдын ала мәтінін жасау» деп түсіндіріледі.
Л.Арчердің анықтамасы бойынша, жобалау — «белгілі бір міндетті шешу», ал
Г.Надлер бойынша,«бұрынғы белгілі үлгілерге қарағанда неғұрлым жетілдірілген идеал үлгі
жасау» болып табылады.
И.В. Котляровтың айтуынша, жобаны іске асырудың нәтижелі болуы оны жобалау
кезеңдерінен тәуелді. Кез келген саладағы жобалау мынадай кезеңдерден тұрады: мақсатты
анықтау, ғылыми зерттеулер, міндеттерді қою, идеяларды іздеу, тұжырымдама жасау,
талдау, эксперимент, шешімдер т.б. Гуманитарлық ғылымдардағы «жобалаудың» ерекшелігі
– оның әлеуметтік құрамдас бөлігінің болуы. Бір сөзбен айтқанда, әлеуметтік жобалауда
адамның тұлғалық ерекшеліктері, оның қоршаған ортамен, басқа адамдармен қатынасы
есепке алынуы тиіс. Ж.Т.Тощенко т.б. еңбектерінде «жобалау» тек қана жасалуы тиіс
нәрсенің күйін болжауды емес, сонымен бірге әлеуметтік-педагогикалық заңдылықтарды
зерттеуге бағытталған, өзара әрекеттесуге қабілеттілікті мақсатты түрде дамытатын іс-әрекет
түрі ретінде қарастырылады. Өткен ғасырдың соңғы ширегінде әлеуметтік жобалау аясында
педагогикалық жобалау дами бастады.
Оның себептері ретінде төмендегілерді көрсетуге болады: білім беруде инновациялық
процестердің дамуы (бұл оқытушыда жобалау іскерліктерінің жүйесін қалыптастыруды
қажет етеді); педагогикалық жүйелердің инновациялық үлгілерінің жасалуы (оларды жасау
жобалау арқылы жүргізіледі); білім беруді диверсификациялау. Кейінгі уақытта
педагогикалық жобалаудың, оны педагогикалық қауымдастықтың меңгеруінің және ғылыми
негізде практикада тиімді қолданылуының динамикалық бірлігі ретінде инновациялық
процестер мәселесі педагогика теориясының өзекті мәселесіне айналды. Себебі бүгінгі күні
білім беру жүйесінің дамуы инновациялық процестер және оларды жобалау арқылы жүзеге
асуда.
Педагогикалық жобалау көптеген ғалымдардың зерттеулерінде әр қырынан көрсетілді
(В.С. Безрукова, Н.В. Борисова, А.Н. Дахин, В.В. Краевский, В.А. Болотов, Е.И. Исаев, В.И.
Слободчиков, Н.А. Шайденко, Т.К. Смыковская, Е.А. Крюкова және басқалар). Аталған
авторлардың еңбектері мен басқа да педагогикалық-психологиялық зерттеулерді талдау
олардың көпшілігінде «жобалау» түсінігінің «жоспарлау», «болжау», «құру» түсініктерімен
байланыстырылатыны байқалды. Мәселен, В.С. Безрукова педагогикалық жобалауды
|