5. Тәжірибелік/семинар және лабораториялық/студиялық сабақтарды өткізу
жоспары және тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
Семинар сабағы тақырып бойынша оқу материалдарын меңгерудің қорытынды кезеңі
болып табылады, мұндай сабақта студенттердің өзіндік жұмыстары қорытылып, бағаланады.
Дәріспен салыстырғанда, семинар сабағында студенттер теориялық
мәселелерді тереңінен
қарастырып, оларды практикада қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Студенттер талқыланатын мәселелерді түсіндіру, талдау, бағалау, сараптау,
ситуацияларды
жан-жақты талдау, логикалық тұжырымдау, жүйелі түрде ойлау,
негізгі
мәселе аясында нақты баяндау, басқаның пікірін тыңдау және сыни тұрғыдан бағалау сияқты
белсенді әрекеттері арқылы өз пікірлерін, ұстанымдарын келтіреді. Семинар сабағын топтық
талқылау және пікірталас арқылы ұйымдастырған тиімді.
Семинарға дайындық барысында:
• семинардың тақырыбын талқылап, талдауға ұсынылатын
негізгі мәселелер мен
мақсаты туралы ойластырыңыздар; осы тақырып бойынша
оқытушының дәрісте берген
материалын көңіл қойып оқып шығыңыздар;
• ұсынылған әдебиеттерді оқып, оқығаныңыздың ішінен семинарда талқылауға қажеті
болатындарынан конспекті жазыңыз;
• әрбір сұраққа оны нақты мәліметпен дәлелдей отырып,
өз пікіріңізді айтуға
талаптаныңыз;
• оқулықпен және ғылыми әдебиетттермен өзінік жұмыс жасаған уақытта туындаған
сұрақтарды жазып алыңыз, сосын семинарда оған жауап аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: