Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
Қорытынды - бір нәрсенің негізінде жасалған қорытынды немесе бір нәрседен
туындаған салдар
болып табылатын пайымдау, ой-пікір, тұжырым.
Миға шабуыл әдісі - белгілі бір проблеманы қарқынды талқылау – шығармашылық
белсенділікті ынталандыру жолы. Бұл тәсіл кезінде қатысушылардың ойлау үдерісі белгілі
бір мәселені шешу жөнінде түрлі идеяларды талқылауға және ойлап табуға бағытталған.
Портфолио (итал.
portfolio - «құжаттар сақтайтын папка», «маманның папкасы»)
белгілі бір
кезеңде жұмыстың орындалғанын, әртүрлі бағыттағы қызметтер (оқу,
шығармашылық, әдістемелік, зерттеушілік) бойынша нәтиже
болғандығын растайтын және
бір немесе бірнеше бағыттарда өрлеу және жетістікке қол жеткізілгендігін көрсететін
дәлелдемелердің толық жинағы.
Портфолио критериалды жүйе бойынша жетістіктерді (мұғалімнің, оқушының)
бағалауда әділдік пен айқындықты арттыру мақсатында енгізіледі.
Портфолионы ресімдеудің критерийлері:
- өздік мониторингтің жүйелілігі мен жиілігі;
-
материалдардың құрылымдалуы, барлық жазбаша түсініктемелердің ықшамдылығы,
- қисындылығы;
- ресімдеудің ұқыптылығы
және әсемділігі;
- ұсынылған материалдардың тұтастығы, тақырыптық тұрғыдан аяқталуы;
- таныстырылымның негізділігі мен көрнекілігі.
Достарыңызбен бөлісу: