Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
Проект (жоба) уникалды өнім яки қызмет тудыру мақсатымен
уақытша айналысатын
жұмыс. Себебі әр жобаның өз уақыты, яғни басталуы мен аяғы болады. Уникалдылығы
туралы айтқанда өзге осындай тапсырмаларға ұқсамайтындығын айту керек. Жобаға бірнеше
студент қатысуы мүмкін.
Жоба ретінде тапсырманы құру, журналдың номерін дайындау,
ақпараттық жүйесін құру және т.б. Жобалау технологиясы мынадай түрлері бар: Ойын
жобасы, экскурссиялық жоба, нақты
қызығушылыққа негізделген жоба, құрастырушылық
жоба, тәжірибеге-бағытталған жоба, зерттеушілік жоба, ақпараттық жоба,
шығармашылық
жоба, рөлдік жоба. Жобаның түрін студенттердің өздері топ бойынша таңдайды.
Аннотация ( лат. сөзі annotatio – белгі, естелік) – кітаптың,
мақалының қысқаша
сипаттамасы, яғни кез келген мәтіннен оның көзқарасы бойынша мазмұнын, формасын және
басқа ерекшеліктерін белгілеп қою. Аннотацияның мақсаты – мәтінде не туралы айтылатыны
жөніндегі сұраққа жауап беру, ол туралы жалпы түсінік беру. Аннотация – материалды
сұраптау арқылы
мазмұнын ашып, баға беру.
Аннотацияның құрылымы:
1. Мәтіннің библиографиялық баяндалуы, суреттелуі.
Автор туралы мәліметтер, басылымның аты, орны және уақыты (Шыққаны
туралы
мәліметтер).
2. Мәтіннің тақырыбы.
Жалпы тақырып көздері көрсетіледі. Онда төмендегілер көрсетіледі: тақырыпқа, мәселеге,
мақаланың тақырыбына, т.б. арналған мақала (кітап, монография және т.б.) Мақаланың
тақырыбы .....болып табылады.
3. Мәтіндегі мәселе.
Мәтіндегі айтылатын мәселелер немесе сұрақтар төмендегідей беріледі:
мақалада
(кітапта) келесі мәселелер талданады (арналады, сипатталады, талқыланады, ашып
көрсетіледі, қарастырылады); талдау жасалады (сипаттау,
суреттеледі, шолу); нәтижелері
келтіріледі; теориясы беріледі (тарихы, әдістемесі, мәселесі); сұрақтар зерттелінеді (мәселе,
үрдіс, тәуеледілік, қасиеті) және т.б.
4. Адресат.
Мәтіннің біреуге арналғаны белгіленеді: мақала ....саласындағы мамандарға арналады;
мақала ....қызығушылық тудырады (оқырмандарға) және т.б. Аннотация кітаптың титульный
парағының астыңғы бетінде болады. Негізінде кітаппен танысқанда
алдымен аннотациясын
оқиды. Аннотацияның тілі әдеби, түсінікті және қарапайым болуы керек. Онда артық ақпарат
болмауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: