Тəрбие сағаты Тақырыбы: Адалдықты ту етіп Куратор : Солтанбекова Ш. О. 2020-2021 оқу жылы



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата12.02.2024
өлшемі1.57 Mb.
#491640
1   2
Tarbie sagaty1

Сұрақтар: 
Адал достық дегенде нені түсінесіңдер? 
Сендердің де адал достарың бар ма? 
Сенің адалдыққа деген сенімін қандай? 
«Адалдық – адамшылық бастауы» дегенді қалай түсінесіңдер? 
«Адалдық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, шыншылдық» ұғымдарымен қатар жүре ме? Неліктен? 
Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. 
"Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ 
пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар - ұждан, жан тазалығы. Адал дос дегеніміз - өтірік айтпайтын, 
шындықты жақтайтын, досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын, барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол 
ұшын беріп көқмектесетін, қашан да қасынан табылатын, барын бөлісетін нағыз жолдас. 
Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін саяхатқа шығу ойынын ойнайық. 
Сұрақтар: 
– 1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? 
– Үлкен кісімен амандасып жол беремін. 
– 2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек? 
– Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды. 
– Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім. 
– 3. Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің? 
– Асықпай түсіндіріп беремін. 
– 4. Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн? 
– Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек. 
– 5. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек? 
– Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек. 
– 6. Әдептілік деген не? 


– Адамдардың жүріс - тұрысы мен өзара қарым - қатынасының ережелері. 
7. Ата - ананның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын бағдарламаңмен бір уақытта келіп 
қалды делік, сен оны үзбей қарайсың. Бірақ өкінішке орай екеуі екі арнадан беріледі. Сен қандай шешімге 
келер едің? 
8. Құрметті досым! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай 
келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. 
Мен бермесем, «Сен сараңсың»- дейді. Мен не істеуім керек? 
9. «Жалғастыр» 
«Не істеуге болмайды?». 
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.) 
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.) 
- Құстарды...........................(атуға болмайды.) 
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.) 
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.) 
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.) 
10. «Не істеу керек?» 
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.) 
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..) 
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.) 
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.) 
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.) 
Шығармашылық жұмыс.
Берілген суреттерден коллаж жасау. Яғни суретте не көріп тұрсыздар соған байланысты мақал - мәтелдер, 
нақыл сөздер жазу. 
Ана айты бір өсиет баласына Егерде жол үстінде тікен жатса, 
Бір жолдың шығарып сап саласына. Кірер деп аяғына біреу басса
Ей, балам шамаң келсе жақсылық, Ерінбей - ақ иіліп қолыңменен 
Ақпейіл адамзаттың арасына. Сол тікенді көтеріп алып таста. 
Бұл еңбегің қалмасты басқа, бекер 
Соны көрген соңғы жас солай етер. 
Жақсы үлгіні жалпы жұрт дәстүр жасап, 
Жол тазарып жолаушы жолдан өтер. 
4-арал. «Досым саған арнаймын» 
Достыққа байланысты ақын - жазушыларымыздың өлеңдерін айту. М. Мақатаев 
Досым, саған сенемін. Сеніп өтем! 
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен. 
Достық деген — адамның көрігі екен, 
Достық деген адалдың серігі екен. 
Достарың көп пе? 
Апырау неткен жақсы едің? 
Досым аз менің... 
Досым - ау менің, тапшы емін? 
Достарыңменен достастыр мені, асылым, 
Достастыр мені? 
Болайын құлың нақ сенің! 
Дос болам десең, 
Досымды сыйла, қымбаттым! 
Досыңа сонда, 
Досыммен ғана қымбатпын. 
Дос болам десен, 
Мендегі доспен достасқын, 
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын. 
Дос жүрегі шар айна, 
Сылтауыңа қарай ма, 
Бүлдіріп алма қалайда, 
Кір шалдырма жарай ма! 
Шимайланса шар айна, 
Жанарды тартар жалтырап, 
Дос жүрегі – бал бұлақ. 
Қорытынды 
Адамгершілік қасиет - жеке адамның басындағы емес, жалпы қоғамның қордалы байлығы. 
Адамдық борыш ар үшін, 
Барша адамзат қамы үшін. 
Серт берген еңбек етем деп, 
Алдағы атар таң үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет