Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет13/150
Дата12.02.2024
өлшемі1.71 Mb.
#491664
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   150
SP RK 4.02-104-2013

* 4.5 Өрт қауіпсіздігі  
ҚР ҚН 2.02-01 сәйкес жобалау, пайдалану кезінде ережелерді сақтау керек: 
а) Объектілердің өрт қауіпсіздігі жүйелерімен қамтамасыз етіледі: 
- өрттің алдын алу; 
- өртке қарсы қорғау; 
- ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар. 
б) Объектілердің өрт қауіпсіздігі адамдар қауіпсіздігінің нормативтік деңгейін 
қамтамасыз етуге және өрт нәтижесінде үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупінің алдын 
алуға бағытталған іс-шаралар кешенін қамтуы тиіс
в) Өрттің алдын алу, өртке қарсы қорғау және ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар 
жүйесінің құрамы шаруашылық жүргізу объектісінің функционалдық мақсаттарымен 
айқындалады және «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық 


ҚР ЕЖ4.02-104-2013* 
 

регламентімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен 
және өрт қауіпсіздігі мәселелерін реттейтін нормативтік құжаттармен белгіленеді; 
г) Өрттің алдын алу жүйесіне қойылатын талаптар: 
1) жанатын ортаны: 
- жанбайтын материалдарды барынша мүмкін қолдану; 
- технология және құрылыс шарттары бойынша барынша мүмкін жанғыш заттар мен 
материалдардың массасын және (немесе) көлемін шектеу
- жанғыш заттар мен материалдарды, сондай-ақ бір-бірімен өзара әрекеттесуі 
жанғыш ортаның пайда болуына әкелетін материалдарды орналастырудың ең қауіпсіз 
тәсілдерін қолдану; 
- тотықтырғыш және (немесе) жанғыш заттар ортасында қауіпсіз шоғырлануды 
ұстап тұру; 
- қорғалған көлемге флегматизаторды енгізу арқылы жанғыш ортада тотықтырғыш 
концентрациясының төмендеуі; 
- жалынның таралуына жол бермейтін ортаның температурасы мен қысымын ұстап 
тұру; 
- жанғыш заттардың айналысымен байланысты технологиялық процестерді 
механикаландыру және автоматизациялау; 
- өрт қауіпті жабдықтарды жеке үй-жайларда немесе ашық алаңдарда орнату; 
- үй-жайдың көлеміне жанғыш заттардың шығуын болдырмайтын өндірістік 
жабдықтарды қорғау құрылғыларын немесе үй-жайда жанғыш ортаның түзілуін 
болдырмайтын құрылғыларды қолдану; 
- үй-жайлардан, технологиялық жабдықтар мен коммуникациялардан өндірістің өрт 
қауіпті қалдықтарын, шаң, түбіт шөгінділерін алып тастау жолымен. 
2) Жанғыш ортада тұтану көздері: 
- өрт қауіпті және (немесе) жарылыс қауіпті аймақ сыныбына, жарылыс қауіпті 
қоспаның санаты мен тобына сәйкес келетін электр жабдықтарын қолдану; 
- конструкцияда Электр қондырғыларын және от алдыру көздерінің пайда болуына 
әкелетін басқа да құрылғыларды қорғайтын тез әрекет ететін құралдарды қолдану; 
- статикалық электрдің пайда болуын болдырмайтын жабдықты және технологиялық 
процесті жүргізу режимін қолдану; 

ғимараттарды, құрылыстарды және жабдықтарды найзағайдан қорғау 
құрылғысымен; 
- жанғыш ортамен жанатын заттарды, материалдар мен беттерді қыздырудың 
қауіпсіз температурасын ұстап тұру; 
- жанғыш ортада ұшқын разрядының энергиясын қауіпсіз мәндерге дейін шектеудің 
тәсілдері мен құрылғыларын қолдану
- тез тұтанатын сұйықтықтармен және жанғыш газдармен жұмыс істеу кезінде 
ұшқынға қауіпсіз құралдарды қолдану; 
- айналымдағы заттардың, материалдар мен бұйымдардың жылу, химиялық және 
(немесе) микробиологиялық өздігінен жануы үшін жағдайлардың алдын алу; 
- пирофорлық заттардың ауамен байланысын қоспағанда; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   150




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет