Бактериологиялық әдіс-негізгі және барлық уақытта жүргізіледі, теріс нәтиже инфекцияның толық жоқ екеніне негіз емес.
Биологиялық әдіс- бактериологиялық әдіспен бірге жүргізіледі. Салмағы 250-300 болатын теңз шошқаларына немесе 17-20 грамм салмақты ақ тышқандардың шап
аймағына, іш қуысына зерттеу материалын 0,5-1 мөлшерде енгізу арқылы жүргізіледі.
Серологиялық әдісте бруцеллез қоздырғыштарының антигендерін анықтау
реакциялары қолданады;
Антиденелерді бейтараптау реакциясы- АбДР- антиденелердің антигендерді бейтарптап, арнайы антигенмен байланысқан эритроциттердің агглютинациялануын
тоқтатуға негізделген.
ЖГАР- адам қан сарысуларында бруцеллездік антиденелерді анықтайтын арнайы және жоғары сезімтал дтагностикалық әдіс.
ИФТ- аурудың барлық түрлеріне қолданады, эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу үшін және бруцеллезге қарсы вакцинацияланған адамдарды анықтау үшін
қолданылады.
Емдеуі. Негізгі емі – кең спектрлі антибиотиктермен емдеу. Созылмалы түрінде антибиотиктер әсер етпейді, сондықтан арнайы иммунды емдеу- өлі вакцинаны және
бруцеллездік иммунды глобулинді қолданады.
Алдын ал. Бруцеллезден сақтануда – санитарлық –гигиеналық шаралар маңызды рөл алады. ҚР 2002 жылға дейін эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша
бруцеллездік құрғақ тірі вакцина адамдарға қолданылды.
Достарыңызбен бөлісу: