Интерферон түрлері:
1.Альфа-интерферон- лейкоциттер түзетіндіктен лейкоцитарлық деп аталады.
2.Бета-интерферон-фибробластық дейді, себебі дәнекерлеу ұлпасының жасушасы фибробластарымен синтезделеді.
3.Гамма-интерферон-иммундық деп аталады, себебі белсендірілген Т лимфоциттер, макрофагтар, яғни табиғи, иммундық
жасушаларымен түзіледі.
Әсер ету механизмі:
Ол вирусқа тікелей әсер етпей жасушаның арнайы құрылыс құрамымен байланысқа түсіп вирустар өңген кезде оларға қажет ақуыздың
түзелуіне кедергі жасайды. Интерферонды вирустар қоздыратын аурулардан ( мысалы: тұмау) алдын-алу үшін, немесе вирустық
созылмалы ауруларды(гепатит В,С,Д, ұшық) емдеуге қолданылады. Адам ағзасынан алынған интерферон жануарларға әсерсіз.
Интерферонды алу:
1.Адамға/адам лейкоцитіне қауіпсіз вирус түрін жұқтырып, оларды интерферон түзуіне мәжбүр қылады. Сосын интерферонды өңдеп,
қажетті препараттарды дайындайды.
2.Гендік-инженерлік әдіс. Белгілі бір микроб түрінің ДНҚ-на интерферонның генін жалғастырады. Өзгерген микроб арнайы ортада өсіп
интерферон түзеді. Ол рекомбинантты деп аталады. Мысалы:реаферон.
11.Антиген мен Антидене сипаттамасы.
Антиген-макроорганизмге енген кезде иммундық жүйе танитын және оны жою үшін иммундық тітіркену тудыратын организм үшін
генетикалық бөгде органикалық биополимер.
Жіктелуі:
1..Тегіне қарай- экзогендік(организмнен тыс пайда болған және эндогендік(ағзаның өзінде пайда болған). Эндогендіктің ішінде
маңыздылары- неоантигендер, аутоантиген.
2.Табиғатына сәйкес- ақуызды(протеидтер), не бейақуызды(полисахаридтер) полимерлер және т.б.
3.Бөгделік дәрежесі бойынша- ксено-,алло-, изоантигендер.
Антидене-антигендерге жауап ретінде түзілетін, антигендермен спецификалық байланысқа түсетін мүмкіншілігі бар, көп түрлі
иммунологиялық жауап қайтаруға қатынасатын гаммаглобулиндер.
Антиденелер иммундық жауаптың себебінен пайда болғандықтан оларды- иммундыглобулиндер деп атайды. Иммундыглобулиндер
гликопротеиндерден тұрады. Олардың молекулалары сахаридтердің қалдықтарымен тұрақталған, бірімен-бірі қосылғанда бірнеше
полипептидтік тізбектен құралады.Иммуноглобулиндердің 5 түрі бар: Ig A, IgM, Ig G, Ig D, IgE. Иммуноглобулиндер құрылысы 2 ауыр
тізбек және 2 жеңіл тізбектен тұрады.
Болжамды агглютинация(АР) реакциясы
|