Я. К. Аршамов
38
Жанама іздеу белгілері кенденудің ашылуы мүмкіндігін
көрсетеді. Оларға төмендегілер жатады:
1) кен маңайындағы таужыныстардың өзгеруі;
2) геофизикалық аномалиялар;
3) геоморфологиялық белгілер.
Кен ма.айындағы таужыныстар 0згеруі - пайдалы
қазбалардың жаралуы жəне бұзылуы кезінде жүзеге асады. Кен
маңайында таужыныстар
өзгеруі біршама кең тараған
процестер. Эндогенді кенжаралу процесі кезінде келесідей кен
маңындағы өзгерістер тəн болады: скарндану, грейзендену,
кварцтану,
доломиттену,
каолиндену,
серпентиниттену,
серциттену, хлориттену жəне т.б. Бұл процестер кең аудандар
көлемінде таралады, сондықтан маңызды жанама іздеу
белгілеріне жатады. Осы процестердің
байқалуы минерал
жаралу процесінің бар болуын куəландырады (дəлелдейді).
Мысалы: скарндық процестермен көптеген темір, мыс,
қорғасын, мырыш, вольфрам, молибден, бериллий, алтын,
кобальт, қалайы жəне бор кенорындарының жаралуын
анықтауға болады. Грейзендік процестер мен қышқыл
интрузивті денелер, вольфрам касситеритті кенорындар
байланысты жаралады.
Листвениттену процестері тальк,
кварцты алтын жəне мыс-кобальты кенденулермен жəне желілі
мыс кенорындарымен байланысты болады.
Пропилиттену процесі сульфидті кенорындардың ашылуын
куəландырады. Карбонаттану, флюориттену жəне бариттену
процестері
гидротермалдық
процестердің
дамуымен
ерекшеленеді жəне орта – төменгі температуралық кенорындардың
жаралуының дəлелі бола алады. Таужыныстардың цеолиттену
процесі исланд шпаты кенорнының іздеу белгісі болып
табылады.
Геофизикалы аномалиялар деп табиғаттағы физикалық
өрістердің тұрақты жағдайдан біршама ауытқуын жəне
зерттеліп жатқан аймақтағы таралу ерекшеліктерін айтамыз.
Геофизикалық
аномалиялар орнының байқалуы, кенорынды
анықтау
мүмкіндігін
немесе
зерттелінетін
ауданның
геологиялық құрлысының ерекшелігін айқындау мүмкіндігін
көрсетеді. Геофизикалық аномалиялардың барлығы бірдей
Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері
39
пайдалы қазбалар шоғырлануына байланысты пайда болмайды,
сондықтан олар жанама белгілер тобына жатады.
Пайдалы қазбалар əсерінен туындайтын геофизикалық
аномалиялар: магниттік, радиоактивті, гравитациялық, электрлік
деп төртке бөлінеді:
Магниттік аномалия деп жердің магниттік өріс өлшемінің,
бақылау нүктесіндегі қалыпты магниттік өрістен ауытқуын
айтады.
Магниттік аномалиялардың белсенділігіне байланысты
мынадай түрлерге бөлінеді:
1) интенсивті аномалиялар, олар онмыңдық жəне жүзмыңдық
гамм аралығында ауысады;
2) орташа аномалиялар, өлшемі мыңдаған гамм;
3)
нашар аномалиялар, өлшемдері ондаған жəне жүздеген
гамм.
Радиоактивті
аномалиялар
таужыныстардағы
жəне
кендердегі
радиоактивті
элементтердің
көп
мөлшерде
кездесуімен немесе топырақтың ауасында радиоактивті
ыдыраудың газ тəрізді өнімдерінің бар болуынан туындайды.
Осыған байланысты гамма-аномалиялар жəне эманациялық
аномалиялар бөлінеді.
Гравитациялық аномалиялар деп жер қыртысының жеке бір
бөлікшелеріндегі қоршаған орта үшін қалыпты мəндерімен
салыстырғанда ауырлық күші үдеуінің жоғары мəндерімен
немесе ауырлық күші потенциалының екінші туындыларының
жоғары мəндерімен сипатталатын аномалияларды айтамыз.
Гравитациялық аномалиялар таужыныстардың жəне кендердің
тығыздықтарының əртүрлілігімен шартталады жəне милигалда
өлшенеді. Гравитациялық аномалиялар темір рудаларының
үстінде, сульфидті кендер жəне хромитті кендер шоғырларының
үстінде жоғары тығыздылықпен сипатталып туындайды.
Электрлік аномалиялардың мəні таужыныстар жəне
пайдалы қазбалардың жатындары əртүрлі
электрлік қасиеттермен
(меншікті электрлік кедергі, диэлектрлік өткізгіштік жəне
электрхимиялық ерекшеліктер) сипатталады. Таужыныстардың
жəне
кендердің
электрлік
қасиеттерінің
арасындағы
айырмашылықтар
олардың
құрамымен,
құрылымымен,
бітімімен жəне орналасу жағдайымен шартталады.
Я. К. Аршамов
40
Геоморфологиялы
белгілерге
микробедердің кен
денелермен жəне кен маңайындағы өзгерістермен байланысты
оң жəне теріс элементтері жатады. Микробедердің оң пішіндері
кен денелері жəне кен маңындағы өзгерулер морылуға қарсы
жоғары тұрақтылығын иемденген кезде жəне морылуға
қарсылық көрсетуі төмендеу таужыныстар арасында орналасқан
кезде пайда болады. Кенді ашылымдардың осындай пішіндері
бедерлерде биіктігі
бірнеше метрге жететін жал, шоқы жəне
қабырға тəрізді пішіндермен бөлінетін қалың кварцты жəне
пегматитті желілерге тəн болып келеді. Қазақстанның туынды
кварциттері далалық жазықтар үстінде ондаған метрлерге
биіктеген жартасты шоқыларды құрайды.
Бедердің теріс пішіндері шұңқырлармен, жыралармен
(жылғалармен) жəне атыздармен сипатталады. Олар морылуға
төзімді таужыныстар арасында орналасқан тез морылатын кен
денелеріне
жəне
карстармен
генетикалық
байланысты
кенорындарға тəн. Сонымен қатар бедердің теріс пішіндері оңай
шаймаланатын сульфидті жатындарға,
карстармен байланысты
бокситті
кенорындарға,
Оралдың
силикатты-никельді
кенорындарына тəн болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: