Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын


 Элементтердің геохимиялық ассоциациялары



Pdf көрінісі
бет25/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

4.4. Элементтердің геохимиялық ассоциациялары 
В. И. Вернадскийдің шашырау күйі заңына сəйкес кез 
келген табиғи нысанда барлық химиялық элементтер кездеседі. 
Бірақ, көбінесе жер қыртысының жеке бөлікшелерінде түбірлік 
таужыныстарда, топырақта, суларда, атмосферада бірқатар 
элементтер бірге жинақталады. Осындай жағдайда əдетте 
«жоғары концентрацияларда болатын, элементтер ассоциациясы» 
туралы немесе «элементтер ассоциациясы» туралы айтады.
Элементтердің бірге жинақталуы ішкі жəне сыртқы 
факторларға шартталған миграция жағдайларының ортақтығымен 
түсіндіріледі. Элементтердің концентрациясына ұқсас ішкі 
факторлар шешуші əсер ететін жағдайларда, жоғары 
концентрациядағы 
элементтер 
ассоциациялары 
əртүрлі 
геологиялық жəне ландшафты-геохимиялық жағдайлардың кең 
диапазонында (ауқымында) сақталады.
Сонымен, келесі ассоциациялар тұрақты: U—РЬ— Не, 
Th—Pb—Не, К—Аг, олардың жаралуы радиоактивті ыдыраумен 
байланысты болып келеді. Егер элементтер ассоциацияларының 
жаралуына 
сыртқы 
факторлар 
негізгі 
ықпал 
жасаса, 
элементтердің бірге болуы нақты жағдайлардың кешенімен 


Я. К. Аршамов 
 
56 
шектеледі. Au—Cu—As—Pb—Zn—Fe ассоциациясы тек қана 
алтынсульфидті кендерге тəн, олардың морылуы нəтижесінде 
жаңа ассоциациялар пайда болуы мүмкін: Au—As—Fe, Си—
As—Zn—Au—Fe жəне т.б. 
Техногенді геохимиялы аномалияларға өзіндік химиялық 
элементтердің ассоциациясы тəн. Оларды толық жете зерттеу 
арқылы В.А. Алексеенко келесі заңды тұжырымдады: «ірі 
техногенді геохимиялы аномалияларды %райтын химиялы
элементтерді. ассоциациясы, негізінен ластану кезіндегі ғылым 
мен техниканы. даму де.гейімен аны талады».
 
Өйткені химиялық элементтердің ассоциациясын табиғи 
аномалияларды техногенді аномалиялардан ажырата алатын 
белгілердің бірі ретінде қолдануға болады. Техногенді 
аномалиялардағы химиялық элементтердің ассоциациясын 
қарастырайық. Негізінен, қазіргі таңда құрылған аномалияларда 
олар келесідей болады: Pb, Zn, Cu, Mo, Ni, V, Со, Ва, Mn, Ti, Cr, Fe. 
Техногенді 
аномалияларда 
бұл 
элементтерді 
(олардың 
қосылыстарын) жиі ластаушы заттар деп атайды. 
Геохимиялық зерттеулер кезінде неғұрлым жиі минералдарды 
құрайтын, демек магмалық, метаморфтық жəне шөгінді 
таужыныстарды құрайтын, əртүрлі типті кенорындардың 
гипергенді жаралуларын жəне шашырау ореолдарын құрайтын 
элементтер ассоциациясымен кездесуге тура келеді.
Таужыныстардағы элементтердің бірлескен концентрациясы
В. И. Вернадскийдің, В. М. Гольдшмидтің, А. Е. Ферсманның, 
А. И. Заварицкийдің геохимиялық жіктемелерінде көрсетілген. 
Нақты бір ассоциацияның кейбір элементтерінің сəйкес 
ландшафты-геологиялық жəне геологиялық жағдайда кездесуі 
басқа да элементтердің бəлкім бар болуын дəлелдейді. 
Геохимиялық іздеулердің қазіргі деңгейі қожайын-
минералдарда 
жоғары 
мөлшерлерде 
кездесетін 
қоспа-
элементтерді жəне олардың ассоциациясын білуді қажет етеді. 
Қоспа-элементтердің бір бөлігінің жаралуы изоморфты орын 
басу заңымен түсіндіріледі. Минералдардағы механикалық 
қоспа ретінде болатын қоспа-элементтердің екінші бөлігінің 
жаралуын 
миграциялық 
қабілеттілігі 
бойынша 
толық 
бөлінбеуімен түсіндіруге болады. 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
57 
А. А. Сауков (1966) былай деп жазады: «кез келген минерал, 
минералды. негізін 
%раушы атомдарды. концентрациясы 
болып, алғаш ы т1бірлі таужыныстарда – магмалы
бал ымаларда, флюидтерде немесе ерітінділерде болған бас а 
да атомдарды %райды».  
Рудалы кенорындарды іздеу кезінде гидрогеохимиялық 
əдістерді қолдану əртүрлі типті кенорындардың шегіндегі 
сулардың 
құрамында 
жоғары 
мөлшерлерде 
кездесетін 
элементтер ассоциациясын білуді ұйғарады. 
Барлық типтердің кенорындарында “өткінші” металдар 
болып келетін, жоғары мөлшерлерде Сu, Zn, Mo кездеседі. 
Олардың мөлшерлері кенденудің бар екенін көрсетпейді, тек 
қана, осы элементтердің қомақты концентрациясы іздеу 
маңызына ие болады. Қарастырылып жатқан элементтер 
ассоциациялары арасында қомақты бөлігі тура индикаторлармен 
сипатталады. Бірақ, жиі «іздеудің маңыздылығына» сол 
ассоциацияларда болатын жанама индикатор-элементтер ие 
болады. Сонымен, полиметалды кенденудің ең жақсы 
гидрогеохимиялық индикаторына кадмий жатады. Zn, Ni, Со, 
Сr, V, Ga жəне Сu жоғары концентрациялары бойынша 
кимберлитті түтікшелерді гидрогеохимиялық іздеулермен 
жүргізуге болады. 
Биохимиялық 
процестермен 
туындаған 
элементтер 
ассоциациясы ерекше орынға ие болып келеді. Олардың 
жаралуы, бір жағынан тірі материяның физиологиялық 
қажеттіліктерімен, ал екінші жағынан – қоршаған (жəне 
қоректенетін) ортаның химиялық құрамымен шартталады. 
Қоршаған ортаның құрамы (түбірлік таужыныстардың жəне 
топырақтардың) өзгерген сайын өсімдіктердегі металдардың да 
құрамы өзгереді. Əсіресе шұғыл өзгерістер кенорындар үстінде 
жүзеге асады. Көптеген зерттеушілердің жұмыстары əртүрлі 
кенорындар үстіндегі өсімдіктер күліндегі жоғары мөлшерлерде 
кездесетін негізгі элементтердің өздеріне тəн ассоциацияларын 
алдын ала бөлуге мүмкіндік берген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет