Я. К. Аршамов
86
Сф – элементтің фондық мөлшері;
S – орташа квадраттық ауытқу.
Сондықтан, егер графиктің нүктесі осы мəннен жоғары
орналасса, онда ол аномалия болады, ал егер төмен болса –
фонның ауытқуы болады (6.4-сурет).
6.4-сурет. Геохимиялық аномалияның төменгі шекарасын (шегін)
анықтаудың принципі.
6.3. Геосфералардағы геохимиялық аномалиялардың
өзара байланысы
Таужыныстардың қабаттарында шоғырланған кез келген
минералдық құрамды пайдалы қазбалардың өнеркəсіптік кен
денесі өз кезегінде геохимиялық аномалия бола тұра, тиісті
жағдайларда
литогеохимиялық,
гидрогеохимиялық,
биогеохимиялық жəне атмогеохимиялық ореолдарды жəне
шашырау ағындарын құруға қабілетті болады. Осы барлық
геохимиялық аномалиялар химиялық элементтердің жалпы
миграциясы жəне геосфералар арасында үзіліссіз
алмасуы
салдарынан
бір-бірімен
тығыз
байланысты
болады.
Литосферада, атмосферада, гидросферада жəне биосферада
рудалы геохимиялық аномалиялардың өзара байланысы,
сонымен қатар туындайтын тура жəне кері байланыстардың
ерекшеліктері келесі сұлбалық суретте көрсетілген (6.5-сурет).
Кен денелері жəне олардың алғашқы ореолдары
литосферада
шоғырланып, мору өнімдерінде жəне көмкеруші
таужыныстарда қайта түзілген шашырау ореолдарының,
сонымен қатар гидроторабтың аллювиальді шөгінділерінде
Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері
87
шашырау ағындарының жаралуына қабілетті болады. Бұл
геохимиялық аномалиялар іздеу нысаны болатын литосферада
шоғырланған рудалы кенорыннан сəйкесінше бірінші жəне екінші
қашықтау болып келеді. Газдардың тереңдіктен рудалы белдемдер
бойынша эффузиясы жəне диффузиясы есебінен жерасты жəне
жермаңы атмосферасында газды ореолдар жəне шашырау
ағындары қалыптасады. Литогеохимиялық шашырау ореолдарының
рудалы минералдары осы процестерге
қатынасуы салдарынан
газды аномалияларды іздеу нысанынан сəйкесінше екінші жəне
үшінші
дəрежелі
қашықтау
деп
есептеуге
болады.
Атмогеохимиялық ореолдардың газ тəрізді компоненттері тотығу
белдеміндегі химиялық реакцияларға қатынасып, сорбция
(сіңірілу) жəне окклюзияға (бітелу) ұшырап, қатты фазаға ауысады.
Бұл жағдай олардың литогеохимиялық шашырау ореолдарымен
белсенді кері байланысын көрсетеді.
6.5-сурет. Геосфераларда геохимиялық аномалиялардың өзара
байланысы:
I–V іздеу нысанынан ашы тау дəрежесі. Н%с ау тілдермен тура
жəне кері байланысты. бағыттары к0рсетілген
Я. К. Аршамов
88
Түбірлік кенденумен жерасты суларының,
сонымен қатар
атмосфералық жауын-шашынның қайта түзілген литогеохимиялық
ореолдармен жəне өзен суларының литогеохимиялық шашырау
ағындарымен арақатынасы кезінде рудалы минералдардың еруі
нəтижесінде туындайтын іздеу нысанынан екінші жəне үшінші
дəрежелі қашықтауға гидросферадағы геохимиялық аномалиялар
жатады. Осы гидрогеохимиялық ореолдар жəне шашырау
ағындары алғашқы кенденуге жəне литогеохимиялық ореолдар
мен шашырау ағындарына химиялық реакциялар, сорбция жəне
булану арқылы белсенді кері əсер етеді. Табиғи сулардың
таужыныстарымен
өзара
байланысы
кезінде
рудалы
элементтердің таралуындағы тепе-теңдік жалпы жағдайда қатты
фазаның пайдасына қарай бағытталған болады.
Кендену
белдемінде
өсетін
өсімдіктер
жергілікті
биогеохимиялық аномалиялардың
пайда болуын анықтай
отырып, сулы ореолдар жəне шашырау ағындарынан рудалы
элементтердің жоғары мөлшерлерін шоғырландырады. Рудалы
элементтердің өсімдіктермен жұтылуы қайтарылмайтын құбылыс
емес болып келеді. Ылғалды жұту процесі кезінде рудалы
кенорындардың үстіндегі атмогеохимиялық аномалиялардың
биогенді бөлігін құрастырып,
өсімдіктердің жеңіл ұшпалы
металды органикалық қосылыстарды атмосфераға шығару
қабілеті бар екені дəлелденген. Атмосфералық жауын-шашын
арқылы осы газды компоненттер литосфераға жəне гидросфераға
қайтып оралады. Өсімдіктердің табиғи ыдырауы жəне содан
кейінгі олардың минералдануы кезінде жыл сайын рудалы
элементтер гидросфераға ерігіш қосылыстар түрінде немесе
литосфераға қатты минералды қалдықтар түрінде қайта оралады.
Осындай кезекті байланыстардың тізбегі
жануарлар ағзаларына
қарай жалғасын табады.
Литогеохимиялық түсірулерден гидрогеохимиялық түсірулерге
жəне
гидрогеохимиялық
түсірулерден
биогеохимиялық
түсірулерге ауысқанда рудалы кенорындар жəне анықталған
геохимиялық аномалиялар арасындағы байланыс өте күрделі
жəне
қашық
болып
келеді.
Биогеохимиялық
жəне
гидрогеохимиялық аномалияларға қарағанда қайта түзілген
Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері
89
литогеохимиялық ореолдар мен шашырау ағындары жəне
кенорындардың алғашқы ореолдары кен денелермен анық тура
байланыста болады. Анықталған литогеохимиялық аномалиялар
күтілімдегі болжамды кенденудің масштабын бағалауға жəне
сонымен қатар іздеу-барлау тау қазылымдары мен ұңғымаларды
жүргізуге негіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: