Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын


 Жер қыртысындағы химиялық элементтердің



Pdf көрінісі
бет4/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

1.2. Жер қыртысындағы химиялық элементтердің
концентрациялану жəне шашырау процестерін
зерттейтін геохимияның ғылым ретінде қалыптасуы 
Геохимия – жер қыртысының химиялық құрамы жайлы 
жəне химиялық элементтердің миграциясы, шашырауы жəне 
концентрациясы жайлы ғылым. Ең алғаш біздің елімізде
ХХ ғасырдың басында пайда болған. Оның негізін қалаушы
В. И. Вернадский болды. 
Геохимияның 
ғылым 
ретінде 
қалыптасуында
В. И. Вернадскийдің, А. Е. Ферсманның жəне норвегия ғалымы 
В. Н. Гольдшмидтің еңбектері жетекші рөлді атқарады.
Геохимияның зерттеу нысанына химиялық элемент, оның 
бөлінуі жəне əртүрлі жүйедегі миграциясы жатады. Осындай 
бағыт келесідей ғылыми мəселелерді анықтады: жер 
қыртысының орташа құрамын анықтау (кларк проблемалары), 
химиялық элементтердің жалпы таралуын зерттеу, литосферада 
элементтерді анықтаудың бейминералды түрлерін зерттеу. 
Химиялық элемент, минералдардың жəне таужыныстардың 
химиялық құрамы, кендерді жəне пайдалы минералдарды іздеу 
түсініктері бұрыннан келе жатқан түсініктер. Бұл түсініктер 
б.э.д. 460-370 жж. Демокриттің, Аристотельдің жұмыстарында 
жəне де Авиценаның (985-1057), Бойльдің (1627-1691), 
Лавуазьенің (1743-1794) жəне т.б. жұмыстарында көрсетілген.
ХVII ғасырда ағылшын ғалымы Р.Бойль атмосфераның 
жəне табиғи сулардың химиясын зерттеген, ал голландық ғалым 
Х. Гюйгенс өмірді түсінуді ол космостық құбылыс деп санады. 
ХVIII ғасырда М. В. Ломоносов химияның геологияға деген 
маңыздылығын 
негіздеді, 
көмірдің, 
мұнайдың 
жəне 
шымтезектің жаралу процестеріне түсініктеме берді, сонымен 
қатар өзінің еңбектерінде бірқатар басқа да геохимиялық 
проблемаларды қарастырды. Француз ғалымы А. Лавуазье 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 

атмосфера газдарының жəне табиғи сулардың геохимиясына 
негіз қалады. Геохимия үшін Д. И. Менделеевтің 1869 жылы 
ашқан периодтық заңының маңыздылығы өте жоғары болды. 
Бұл 
ғұлама 
химик 
ғалымның 
еңбектерінде 
бірқатар 
геохимиялық тұжырымдамалар орын алады. 
ХIХ ғасырдың 80-жылдары жер қыртысының орташа 
құрамын анықтаумен Вашингтондағы америкалық геологиялық 
комитеттегі химиялық зертхананың жетекшісі Ф. У. Кларк 
жүйелі түрде айналысқан. 1882 жылы Америкалық геологиялық 
комитеттің химигі Ф. У. Кларк үлкен фактілік материалдар 
негізінде жер қыртысындағы негізгі 30-40 химиялық 
элементтердің таралуы жайлы нақты сандық мəліметтер берді.
Геохимия 
ғылымы 
1908-1911 
жылдары 
Мəскеу 
университетінің минералогия кафедрасында дүниеге келген. Бұл 
кафедраны 1891 жылдан В. И. Вернадский басқарған. 
Минералогияны 
ғалым 
жер 
қыртысының 
химиялық 
қосылыстары деп түсінген, сондықтан ол минералдардың дəл 
химиялық талдауларына көп көңіл бөлген. Вернадский 
минералдармен таужыныстардағы элементтердің санын анықтау 
үшін спектрлік талдауды кеңінен қолданған. 
Сонымен геохимияны минералогиядан пайда болған ғылым 
деп айтуға да болады. Оның ғылым ретінде қалыптасуына
ХХ ғасырдың басында жарық көрген атом туралы жаңалықтар, 
яғни оның шынымен де ақиқат күрделі жүйе туралы көзқарастар 
өз үлесін тигізді. Көне замандағы ғалымдардың керемет 
геохимиялық тұжырымдарының орнына ХVIII жəне XIX ғ.ғ. 
Вернадскийдің еңбектерінде ғылымға толық анықтама беріліп, 
оның зерттеу мəселелері анықталды.
Геохимия ғылымы бойынша ең алғаш дəрістер курсын
А. Л. Шанявский атындағы Мəскеу университетінде 1912 жылы 
Вернадскийдің дарынды шəкірті, геохимия ғимаратын салуға 
атсалысқан А. Е. Ферсман оқыған. Кейіннен осы дəрістер 
жинағы баспадан шығарылған.
А. Е. Ферсманның ХХ ғ. 20-жылдарында  Қола түбегіндегі 
геохимиялық зерттеулері тек қана танымал теориялық 
нəтижелермен шектелмей, сонымен қатар апатит кенорындарын 
жəне басқа шикізат кенорындарының ашылуына септігін тигізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет