Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері
103
Алғашқы ореолдың шеткі аймақтары бойынша рудалы
элементтердің
мөлшері
бірте-бірте
фондық
мөлшерге
жақындайды, бұл жағдай оның күрделі конфигурациясын жəне
оның сыртқы шекарасының шартты түрде екенін анықтайды.
Қарапайым жағдайларда негізгі рудалы элементтің
алғашқы ореолы кеңейтілген шекараларда кенді дененің пішінін
қайталайды. Серіктес-элементтердің алғашқы ореолдарының
контуры кен денелерінің пішінінен өзгеше болуы мүмкін.
Негізінен, кенорындарды
олардың алғашқы ореолдары
арқылы іздеу рудалы кенорындардың мысалында қарастырылады,
бірақ бұл əдістеменің негізгі ережелері кез келген қатты пайдалы
қазбаларды іздеу кезінде қолданылады, жəне де мұнай мен газ
кенорындарын іздеу кезінде қолдануға болады.
Кенсыйыстырушы таужыныстардағы литогеохимиялық
аномалияларды «алғашқы ореолдар»
деп атауға тек қана кен
денесі немесе кенорны маңында оның дамуы дəлелденген
немесе болжанған жағдайда болады.
Алғашқы ореолдардың жаралуы кентүзілуге міндетті
болғандықтан, яғни химиялық элементтердің концентрациялану
процестеріне байланысты болғандықтан, оларды «шашырау
ореолдары» деп атауға болмайды,
бұл терминді бұрын
қалыптасқан кенорындардың шашырауы жəне бұзылуы процесі
кезінде жаралатын қайта түзілген геохимиялық ореолдарды
атаған кезде қолданған орынды болады.
Рудалы элементтің алғашқы ореолы төменгі аномалды
мөлшердің шекарасында,
алғашқы жақындағанда, кеңейтілген
түрде кенденудің құрылымдық-тектоникалық, магмалық немесе
литологиялық-стратиграфиялық
бақылауына
бағынатын
шегінулермен кенді дененің контурын қайталайды.
Кенді дене жəне оның алғашқы ореолы арасындағы шекара
геологиялық мəнге емес, өнеркəсіптік кендерді баланстан тыс
кендерден бөлетін тек қана уақытша экономикалық мəнге ие
болады.
Алғашқы ореол металдар мөлшері бар аз ғана дəрежеде
жергілікті фондық мөлшерден асатын кенсыйыстырушы
таужыныстар белдемін кіріктіреді.
Алғашқы ореолдардың
контурлары кейде кенді дененің пішінін қайталайды, ал кейде
кенді дене пішінінен өзгеше болып келеді (8.1-сурет).