Я. К. Аршамов
108
Ореолдың элементтік
құрамы жалпы кен денесінің
құрамын көрсетеді жəне геохимиялық спектрмен сипатталады.
Геохимиялық спектр – кларкқа қатысты концентрация
коэффициентімен көрсетілген ореолдың заттық құрамының
сипаттамасы (КК= Сорт/кларк).
Планда жəне қимада ореолдың морфологиясы көбінесе кен
денесінің
пішінімен анықталады, бірақ, егер кен денелері бір-
біріне жақын орналасқан болса ореолдың пішіні күрделі болады
(8.3
а-сурет). Алғашқы ореолдардың өлшемдері элементтің
концентрациясына,
таужыныстардың өткізгіштігіне, кен денесінің
мөлшеріне байланысты болады. Мынадай эмпирикалық (тəжірибеге
негізделген) анықталған тəуелділік (байланыстылық) бар: егер
кен денесі ірі жəне бай болса,
онда алғашқы ореолдың кен
денесіне қатысты салыстырмалы өлшемдері кіші болады
(8.3
б-сурет).
8.3-сурет. Кен денелерінің алғашқы ореолдары:
а – алғаш ы ореолдарды. морфологиясы; б – алғаш ы ореолдар мен
кен денелері к0лемдеріні. ара атынасы; 1 – кен денелері;
2 – алғаш ы ореолдар
8.3. Алғашқы ореолдардың белдемділігі
Алғашқы ореолдардың белдемділігі ореолдың əртүрлі
бөліктерінде элементтер мөлшерлерінің заңды өзгеруімен
сипатталады.
?стік,
бойлы жəне
к0лдене. белдемділіктер
бөлінеді (8.4-сурет).
?стік белдемділік гидротермалды
ерітінділердің
бағытында дамиды, ал егер кен денелері тік
құлаған жағдайларда вертикалды белдемділікпен сəйкес келеді.
Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері
109
Көптеген субгоризонтальды кен денелері үшін горизонтальды
(бүйірлік) белдемділікпен сəйкес келеді.
Бойлы белдемділік
созылуы бағыты бойынша ореолдардың
белдемді құрылысын
сипаттайды. Субгоризонтальды орналасқан кен денелері үшін
ореолдардың үйлесімді дамуы жағдайында бойлық белдемділік
горизонтальды сияқты анықталады жəне өстік белдемділікпен
сəйкес келеді, ал көлденеңді вертикалды белдемділіктің аналогы
болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: