Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын



Pdf көрінісі
бет47/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

 
 
9.1-сурет. Қайта түзілген шашырау ореолы құрылысының сұлбасы: 
1 – т1бірлік кенсыйыстырушы таужыныстар; 2 – кен денесі;
3 – мору ыртысы; 4 – айта т1зілген шашырау ореолы 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
115 
Б. Б. Полынов морылудың төрт сатысын бөлген: 
1) Сынықты саты. Бұл сатыда шомбал таужыныстардың 
механикалық ыдырауының нəтижесінде ірі сынықты жəне ұсақ 
түйірлі өнімдер жаралып, морылудың физикалық факторлары 
басым болып келеді. Қаһарлы климат жəне белсенді денудация 
жағдайында морылу осы сатымен шектеледі.
2) Қаныққан сиаллитті мору қыртысы. Қоңыржай климатқа тəн 
болып келеді. Минералдардың гидролизі есебінен сілтілі ортаның 
қалыптасуы жүзеге асады. Бұл сатыда алғашқы таужыныстардың 
тотығуы 
(қышқылдануы), 
гидратациясы, 
гидролизі 
жəне 
карбонаттануы нəтижесінде қайта түзілген ореолдар қалыптасады. 
3) Қанықпаған сиаллитті мору қыртысы. Мол ылғалдану 
жəне баяу (бəсең) денудация жағдайында қалыптасады. Морылу 
өнімдерінен сілтілі жəне сілтіліжерлі элементтердің шығарылуымен 
сипатталады, соның салдарынан орта қышқылды болып келеді. 
Қайта түзілген минералдардан каолинит жəне галлуазит басым 
болады. 
4) Аллитті мору қыртысы. Ыстық ылғалды климат 
жағдайында, баяу денудация жəне белсенді химиялық морылу 
жағдайында қалыптасады. Темір, кремний жəне алюминий
тотықтарының жиналуы жүзеге асады. 
Қайта түзілген шашырау ореолдары қалыптасуының
бастапқы материалдарына рудалы ашылымдардың жəне
бүйірлік таужыныстардың морылу өнімдері жатады. 
Морылу жəне денудация процесі құрлық үстінде типі жəне 
қалыңдығы бойынша əр түрлі борпылдақ шөгінділердің 
жаралуына əкеп соғады, олар астына төселген таужыныстар 
есебінен жəне де өз кезегінде бедердің төмендеген 
бөлікшелерінде 
түбірлік 
таужыныстарды 
жабындайтын 
морылудың араласқан өнімдері есебінен дамиды. 
Түбірлік таужыныстармен өзара қатынасы бойынша борпылдақ 
шөгінділердің екі класы бөлінеді: автохтонды жəне аллохтонды. 
Автохтонды борпылдақ жаралымдар астына төселген таужыныс-
тары есебінен азғантай орын ауысумен немесе сол орнында дамиды 
(элювий, делювий, элювий- делювий). Аллохтонды (алыстан келген) 
борпылдақ шөгінділер түбірлік таужыныстарды немесе жер бетінің 
төмендеген бөлікшелерінде борпылдақ аллохтонды түзілімдерді 
көмкеріп орын ауыстырған морылу өнімдері болып келеді. 


Я. К. Аршамов 
 
116 
Рудалы кенорындарды олардың қайта түзелген шашырау 
ореолдары арқылы литогеохимиялық іздеудің тиімділігі борпылдақ 
таужыныстардың генезисіне жəне олардың түбірлік (субстрат) 
таужыныстармен қарым-қатынасына байланысты болады. 
Тегістелген бедер жағдайында жəне морылудың алғашқы 
сатысында түбірлік таужыныстардың морылу нəтижесінде
пайда болған жəне өзінің жаралған орнында қалған өнімдер – 
элювий құралады. Өзінің құрамы бойынша элювий түбірлік 
таужыныстардың құрамын дарыптайды жəне химиялық морылу, 
биогендік процестер туындататын өзгерулер мен кенденулерді 
көрсетеді. Делювий деп баурайлардың бөктерін жабындаған 
жəне атмосфералық жауын-шашынның жəне ауырлық күшінің 
əсерінен орын ауыстырған түбірлік таужыныстардың морылу 
өнімдерін құрайтын кез келген петрографиялық құрамды 
борпылдақ жаңа шөгінділерді айтады. Делювий, беткейдің 
негізінде жаппай жамылғы қалыптастыра отырып, суайрыққа 
дейін жетеді, бұл жерде өзінің құрамына жақын элювиймен 
қосылады. Нəтижесінде борпылдақ шөгінділер əлсіз толқынды 
элювий-делювийлі жамылғыны құрастыра отырып, барлық 
өңірді жабындайды. 
Кенорындарды 
олардың 
қайта 
түзілген 
шашырау 
ореолдары арқылы литогеохимиялық іздеу кезінде элювий–
делювийлі жамылғылармен, яғни əлсіз араласқан морылу 
өнімдерімен жиі кездесеміз, олар құрамы жəне орналасқан 
орны бойынша түбірлік таужыныстармен анық байланыста 
болады. Элювий –делювийлі шөгінділердің қалыңдығы көп 
жағдайда денудация жылдамдығына байланысты болады, əдетте 
0,5-2 м-ден 10-12 м. арасында өзгереді, сирек одан да көп 
болады. Осы нүктедегі элювий–делювийдің құрамы беткей 
бойынша 
гипсометрлік 
жоғары 
орналасқан 
түбірлік 
таужыныстардың құрамын көрсетеді. Тік қима бойынша 
элювий-делювийлі шөгінділер тереңдікте элювиймен алмасады, 
олар өз кезегінде тығыз түбірлік таужыныстарға ауысады. Кенді 
таужыныстардың элювий-делювийлі шөгінділерінде морылу 
кенорындардың 
литогеохимиялық 
шашырау 
ореолдарын 
тоқтаусыз құрайды, ал денудация толассыз жаңартып отырады, 
олардың кен денелері денудациялық қиманың деңгейіне 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
117 
шығарылады. Бұл реттелген режимге ұмтылған процесс, нақты 
заңдылықтарға бағынған кенорындардың қайта түзілген шашырау 
ореолдарының гипергенез белдемінде тұрақты геологиялық 
жаралымдар ретінде тіршілік етуін қамтамассыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет