Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын



Pdf көрінісі
бет5/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

Я. К. Аршамов 
 

Осы кезеңдерде геохимиктер көбінесе ионды түрде 
болатын элементтердің ерітінділер мен балқытпалардағы 
миграциясына көп көңіл бөлген. Осыған байланысты 
геохимияда ионды концепция басты маңызға ие болып, оның 
негізін қалаушы ғалым В. М. Гольдшмит болған. Гольдшмит 
ионды радиустардың өлшемдерін есептеп шығарып (1926), 
кристаллохимияның бірінші заңын жəне изоморфизм ережесін 
тұжырымдады, минералдар геохимиясының негізін қалады.
Вернадский, Ферсман жəне Кларк сияқты ғалымдармен 
бірге Гольдшмит – геохимияның негізін қалаушы əйгілі 
танымал ғалым болды. 
Геохимиялық əдістер – пайдалы қазба кенорындарын 
іздеудегі кеңінен қолданылатын əдістердің бірі. Негізінен кез 
келген пайдалы қазба əртүрлі табиғи орталарда (геосфераларда) 
элементтердің жəне серіктес-элементтердің ореолдарымен бірге 
болады жəне олар геохимиялық іздеу əдісі арқылы анықталуы 
мүмкін. 
Геологиялық ғылымдардың басты міндеттерінің бірі 
пайдалы қазба кенорындарын анықтау. Қолданбалы геохимия 
пайдалы қазбаларда іздеу кезінде теориялық геохимиялық 
принциптерді іс-жүзінде қолданумен айналысады. 
Геохимияның теориялық тұжырымдары пайдалы қазба 
кенорындарын іздеу мен барлауда қолданылады. Н. И. Сафронов 
жəне А. П. Соловов қолданбалы геохимияның (іздеу геохимиясының) 
негізін қалаушылар болып келеді. Олар 1931-1932 жылдары 
бұрынғы КСРО-ның əртүрлі кенді аудандарында рудалы 
кенорындарды геохимиялық əдістермен іздеу жұмыстарын 
жүргізіп, олардың жоғары геологиялық тиімділігін көрсетті. 
Пайдалы қазба кенорындарын іздеудің геохимиялық 
əдістері А. И. Перельманның, Е. М. Квятковскийдің,
В. И Красниковтың, В. В. Поликарпочкиннің, Л. Н. Овчинниковтің, 
С. В. Григорянның, В. А. Алексеенконың жұмыстарында өзінің 
кейінгі 
дамуын 
жалғастырды. 
Кеңес 
заманы 
кезінде 
геохимиялық іздеу əдістері Қазақстанда да кеңінен қолданылды. 
Осы жұмыстарға үлкен еңбек сіңірген А. П. Соловов,
Н. И Сафронов, С. Д. Миллер, Г. Р. Бекжанов, В. З. Фурсов,
Б. А. Досанова жəне т.б. басқалары болатын. 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 

Пайдалы қазба кенорындарын болжаудың, іздеудің жəне 
бағалаудың геохимиялық əдістері бүкіл əлемде кеңінен 
қолданылады. Жоғары тиімділікпен геохимиялық зерттеулер 
геологиялық жəне геофизикалық түсірулермен, содан кейін 
геологиялық барлау процесінің барлық сатысында, үлкен 
аумақтарды аймақтық түсірулерден бастап, өнеркəсіптік 
кенорындарды игерімдік барлау кезіндегі тауқазылым жəне 
бұрғылау жұмыстарымен үйлеседі. Геохимиялық іздеу 
жұмыстары қатты пайдалы қазбаларды іздеу кезінде, соның 
ішінде ең алдымен рудалы кенорындарды іздеу кезінде өте 
маңызды мəнге ие болады. 
Индустриалды дамыған елдерде минералдық шикізатқа 
деген қажеттіліктің үзіліссіз артуы кейбір елдерде жəне 
аудандарда «жеңіл ашылатын» кенорындар қорының азаюына
тіпті мүлдем аяқталуына алып келді. Бірақ «қиын ашылатын» 
кенорындар қоры мүлдем қолданылмады десек те болады. 
В. А. Алексеенко бойынша «қиын ашылатын» кенорындарға 
мыналарды жатқызуға болады: 
1) жер бетінде көрініс берген, бірақ кейіннен жас 
борпылдақ шөгінділермен көмкерілген кенорындар; 
2) алғашқы геохимиялық ореолдардың жоғарғы бөліктері 
жер бетінде көрініс берген, бірақ кен денелері морылу процесіне 
ұшырамаған кенорындар; 
3) кендердің алғашқы жəне туынды минералдары физикалық 
жəне химиялық морылуға оңай ұшырайтын жəне көрінетін 
ореолдарды тудырмайтын кенорындар; 
4) кен денелері өзін қоршаған таужыныстардан жəй көзбен 
ажыратылмайтын кенорындар.
Осындай қиын ашылатын кенорындарды анықтау үшін 
геохимиялық іздеу əдістері қолданылады. Олардың ең тиімдісін 
пайдалану зерттеу ауданының геологиялық, геохимиялық жəне 
ландшафты-геохимиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. 
Көп жағдайда іздеудің тиімділігін арттыру үшін бірнеше 
əдістерді пайдаланатын кешенді жұмыстар жүргізіледі.
Пайдалы қазба кенорындарын геохимиялық іздеу əдістері 
табиғи жағдайда кездесетін элементтердің жəне олардың 
қосылыстарының таралу заңдылықтарын зерттеуге негізделеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет