Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері
133
9.9-сурет. Кен денесін құрғататын жылға алқабының əртүрлі
бөлікшелерінде шашырау ағынындағы элемент мөлшерінің (Сх)
жəне ағын өнімділігінің (Р) өзгеруі
I – бөлікшеде: Сх = Сф;
III – бөлікшеде: Сх = Сф+Р/S;
II – бөлікшеде: Сх = Сф + [P(x-Ro)]/[S(R-Ro)],
мұнда Р – кен денесінің өнімділігі, S – сужинағыш ауданы.
Шын мəнінде
Сх бізге белгілі, ал
Р табу керек, идеалды
шашырау ағынының теңдеуі мынадай түрде қолданылады (кері
тапсырманы шешу):
P = Sx(Cx - Cф)
шашырау ағыны өнімділігінің өлшем бірлігі – м
2
%.
Идеалды үлгіге сəйкес, рудалы материалдар келіп түсуі
тоқтайтын нүктеден (R нүктесі)
төмен ағынның өнімділігі
тұрақты деңгейде қалуы керек.
Шашырау ағынындағы элементтер м0лшеріне əсер ететін
факторлар.
Шашырау ағынындағы элементтің мөлшері
шынайы түрде бірқатар факторларға байланысты болады. Ол
факторларды шашырау ағындарын сынамалау əдістемесін
таңдау кезінде жəне алынған нəтижелерді интерпретациялау
кезінде ескеру қажет.
Кен денесі жылғаның шыңына неғұрлым жақын болса,
пайдалы қазбаның сол ресурстарында Сх
аномалиясы соғұрлым
Я. К. Аршамов
134
қарқынды болады (9.10-сурет). Бұл жағдай алқаптардың төменгі
бөліктерінде əлсіз аномалияларды бөлудің əдістемесіне
қойылатын талаптарды арттырады.
Ірі фракция ұсақ фракцияға қарағанда қарқындылау, бірақ
созылыңқылығы аздау шашырау ағындарын береді. Сөйтіп,
əлсіз аномалияларды анықтау үшін
бірқатар жағдайларда ірі
фракцияларды алған дұрысырақ болады (9.11-сурет).
9.10-сурет. Жылға алқабында кен денесінің орналасуына байланысты
шашырау ағынында рудалы элемент мөлшерінің өзгеруі
9.11-сурет. Сынаманың гранулометриялық құрамына байланысты
шашырау ағынында рудалы элемент мөлшерінің өзгеруі
Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері
135
Шашырау ағындарыны. геохимиялы ерекшеліктерін
аны тайтын факторлар. Су түбінің шөгінділердегі металдардың
фондық жəне аномалды мөлшерлерінің шамалары толып жатқан
бірқатар
факторлармен
шартталады,
олардың
ішіндегі
маңыздылары төмендегілер:
1) рудалардың жəне оларды сыйыстыратын таужыныстардың
минералогиялық-геохимиялық ерекшеліктері;
2) индикатор-элементтердің миграция түрлері;
3) ландшафты-геохимиялық жағдайлар.
Шашырау ағындары бойынша іздеу ж%мыстары. Əдетте
бұл əдіспен рудалы кенорындарды іздеу жұмыстары жүргізіледі.
Бірақ олар қатты бейрудалы пайдалы қазбаларды анықтау үшін
де қолданылуы мүмкін. Cонымен,
кимберлитті денелердің
бұзылуы кезінде Ni, Co, Cr, Zn, Сu шашырау ағындары
қалыптасады, олар өз кезегінде аңғардың құрғақ алқапты бөлігі
ауқымында жер бетінен немесе 15-20 см тереңдіктен алынатын
лайлы-сазды жəне құмды фракцияларды сынамалау кезінде
анықталады.
Шашырау ағындары
арқылы ұсақ масштабты іздеу
жұмыстарын жүргізуде концентрация жəне рудалы аудандар
мен түйіндерде элементтердің қайта бөліну өрістерін анықтауға
болады. Іздеу жұмыстары кезінде жанама индикатор-
элементтердің аномалияларына да ерекше көңіл бөлу қажет.
Сулы алаптардағы (теңіздер, көлдер) шашырау ағындары
ағыстармен пайда болады. Олардың қалыптасуы соқпа толқындар
белдемінде кенорындардың бұзылуымен жəне өзендермен
материалдардың келіп қосылуымен байланысты болуы мүмкін.
Қарастырылып отырған шашырау ағындары қазіргі таңда əлі
толық зерттелмеген. Бірақ та теңіздердегі
минералды қазба
байлықтарды игеруге деген қызығушылықтар сулы алаптардағы
шашырау ағындары бойынша іздеу жұмыстарының рөлі артады
деуге мүмкіндік береді.