33
есімдер болып бөлінсе, күрделі зат есімдер біріккен, қосарланған,
қысқарған жəне тіркескен түбірлі зат есімдерден жасалады.
Зат есімдердің ішінде түпкілікті мағынасы мен қызметінен
бүтіндей не жартылай айырылып, көмекші сөз қызметінде
қолданылатын сөздер көмекші есімдер деп аталады.
Көмекші
есімдер өздеріне тəн лексикалық мағыналарының жалпылануы
нəтижесінде морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп,
синтаксистік жағынан кейде жеке дара мүше есебінде, кейде күрделі
мүше құрамында қолданылады.
Көмекші есімдердің зат есімдерден айырмашылығы: мағыналық
жағынан дерексізденіп, семантикалық тұрғыдан нақтылы бір
ұғымды, яғни затқа қатысты кеңістікті,
мекенді өзінен бұрын
тұрған есім сөзге тіркесу арқылы білдіреді. Көмекші есімдердің
мағынасы мен қолданысындағы мұндай ерекшеліктер олардың
морфологиялық тұлғасына əсер етіп, олардың басым көпшілігі
тəуелдеулі тұлғада жұмсалады. Көмекші есімдердің басқа көмекші
сөздерден, атап айтқанда көмекші етістік пен шылаулардан да
өзіндік айырмашылығы бар. Егер көмекші етістіктер қимыл
ұғымын білдіретін етістіктерге де (
айтса екен, алып қал, көрген
емес, т.б.), есім сөздерге де (
жаман емес, бала екен, сəлем берді)
тіркесіп, лексика-грамматикалық жағынан түрлі қызмет атқарса,
көмекші есімдер бұл орайда тек есім сөздер, оның ішінде зат есім
жəне зат есім орнына қолданылатын сөздермен ғана (
ауылдың
маңы, анасының қасы, үстелдің үсті, жердің асты, қардың беті,
т.б.) тіркесіп қолданылады. Ал шылаулардан ерекшелігі: көмекші
есімдердің мағынасы дерексіз, жалпы болғанымен, шылау сөздердің
мағынасы сияқты бүтіндей не жартылай жоғалып кетпей, керісінше,
сол деңгейде сақталып қалады. Сонымен
қатар көмекші есімдер
қосымша жалғау жұрнақтарды қабылдаса, кей жағдайда негізгі
сөзден дараланып, жеке қолданылады. Мысалы,
қасынан жүгіріп
өтті, маңынан табылады, алдынан шықты, т.б.
Ғалым А. Ысқақов көмекші есімдердің қалыптасу негізі мен
зат есімдермен арақатынасындағы тығыз байланысын «кейбір зат
есім
дер өздеріне тəн байырғы
қызметтерінен жартылай айры-
лып, көбінесе, көмекші сөздер, яғни көмекші есімдер есебінде
жұмсалады» деген тұжырымымен дəйектейді. Соның негізінде
көмекші есімдерге мынадай анықтама береді:
Достарыңызбен бөлісу: