Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет16/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

«Мазмұны дұрыс па? Яғни өмірде ондай қалып ұшырай ма?.. Адам баласының 
бәрінде боларлық қалып па, белгілі бір табында ғана боларлық қалып па? 
Мұрат қалып па? Кейіп қалып па? Бұл – шығарманың сүлде жағының сыны. 
Сурет жағының сынында сұраулар мынау түрде болмақ: 2. Көркемсөз табына 
шын қосыларлық сөз бе? Қиял жасаған тұрпаттар, ойдан үйлестірілген 
оқиғалар пікір санасына тура келіп, дұрыс суреттеп, өңдендіріп көрсете ала 


21 
ма? Тілі өрнекті ме? Әуезді ме? Лұғаты таза ма? Анық па? Қысқасы, ойды 
өрнектеп, көрнектеп, суреттеп көрсеткендей тілінде шеберлік бар ма? 
Ақылдың аңдағанын, қиялдың меңзегенін, көңілдің түйгенін тілі дұрыс жеткізе 
алған ба?» (1: 269). Әдебиет теориясындағы дискурстық стиль, әдеби тіл, 
талдау, көркемдік, сюжет, мазмұн мен мағына, эстетика мен этикалық 
контент категорияларын Ахмет Байтұрсынұлы осылай анықтап тастаған. 
Көркемдік түсінігінің, көркем шығарманың белгілері қандай? деген 
сауалға Ахмет Байтұрсынұлы екі түрлі талап қою керек екенін атап айтқан. 
Әдеби сынға қатысты пікірі күні бүгін нақтылығымен құнды.Сынның 
негізгі шарттары келесіндей айқындалған :«Көркем сөзде екі тысқы, екі ішкі сын 
болады. Тысқы сындар: 1) Тілдің лұғатының сыны яғни тілдің дұрыстығы, 
анықтығы, тазалығы, дәлдігі, көрнектілігі, әуезділігі, өрнектілігі жағының 
сыны». Яғни шығарма тілінің стилистикалық ерекшеліктері, бүгінгі 
лингвистикалық талдауға сай тысқарғы жағын бөліп айтады. Ғалым бұдан ішкі 
сындарды бөліп алады демек, бұл әдебиеттану, әдебиет теориясының еншісі, 
теориялық талдаудың объектісін нақтылайды: 2) «Суретінің сыны: яғни 
кестесін келтіріп, ұнасымды түрде үйлестіріп, суреттеуінің сыны. Ішкі сындар: 
1) Алынған мінез, айтылған қылық, көрсетілген қалып, жан жүйесінің жөнімен 
қарағанда, дұрыс бүгіп шығу, шықпауының сыны. 2) Өмір жүзінде айтылған 
нәрсенің болатындығының себебін дұрыс көрсеткен-көрсетпегенінің, адам 
қауымындағы қалып түзелу жағына эсер етерлік (пайда-зиян келтірерлік) қуаты 
бар-жоғының сыны. Көркем сөзді сынағанда, әдебиет түрінің осы төртеуі түгел 
жұмсалады» (1: 269). Біз қазір мәтіннің мазмұнымен ғана шектеліп келеміз. 
А.Байтұрсынұлы теориялық талдаудың, әдебиеттің, көркемсөздің басты 
ғылыми сараптамалық мақсатын аналитикалық талдау арқылы тұжырымдайды. 
Қазіргі әдебиеттанудағы антропологиялық адамдық кодтың аксиологиялық 
ұстанымын Ахмет Байтұрсынұлы осылай басты еткен. Демек, тек маңызды
ұлағатты көркемсөз мәтіні ғана сынға түсуі абзал, тысқы және ішкі сынға 
түсуіне лайықты көрнекті түрі мен ұлағатты мазмұн болуы шарт. Бүгінгі 
әдебиет теориясындағы «мазмұнды түр» – «содержательная форма» деген 
категорияның мазмұнын Ахмет Байтұрсынұлы осылай қазақша түсіндірген. 
Қазақ 
әдебиет 
теориясының 
басты 
терминдерін, 
түсініктерін 
А.Байтұрсынұлы сонау 1920-жылдары осылай айқындаған. Бұл – өз алдына 
мойындалған ғылыми факт, бірақ басты ой – «Әдебиет танытқышта» 
ұсынылған жаңа заманауи кәсіби концепцияда. 
Бұл бүгінде қажетті тұғырлы классикалық эстетикалық ұстаным. Ресей, 
Европа, Америка әдебиеттануында бар теориялық тұжырымдар мен 
қағидалардың сонау ХХ ғасырдың басында қазақ топырағында баяғыда 
қалыптасқанын біз тек 1989 жылы Әдебиет танытқыштан білдік. 
А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыштағы» басты теориялық 
ұстанымдары:1.Әдебиеттің өз даму заңдылықтары бар екені және олар тікелей 
саясатқа, идеологияға байланысты емес екені жөніндегі тұжырым: ұлттық 
әдебиет ұлт мұқтажы, ұлт тарихы мен ұлттық этикалық құндылықтарды 
ұстанатын 
контексте 
дамуымен 
құнды. 
Әлбетте 
жалпыадамзаттық 
құндылықтар негізінде. Сондықтан «сөз өнері» деген термин халықтың 


22 
ежелден келе жатқан әдебиеті деген ұғымды білдіреді. Оны «ауызша», 
«жазбаша» деп бөлудің өзі ойдан шығарылғаны айтылады. Әдебиеттің ауызша 
не ресми жазба түрі бар деп бөліп-жару соцреализмнің ойлап шығарғаны болып 
шықты: бір әдебиетті жоғарылату үшін екіншісін төмендету қажет болды.
Осы ретте Әдебиет танытқышта былай делінген: «Ауыз шығарманы «ауыз сөз» 
деп қана атап, жазба шығарманы «сыпайы әдебиет» деп танушылар бар.
Бірақ қалайда асыл сөздің бәрі де тілдегі әдебиет есебіне жүріледі» (1: 281). 
2.Әдебиет танытқыш әдебиетті өз категориялары арқылы түсіндіруге 
шақырады, яғни «пән сөздері» (АБ) басты кәсіби қажеттілік. Сонда ғана зерттеу 
мағыналы болып, көпсөзділіктен сақтайды. 
3.Әдебиеттанушы көркемдік әлемінің құдіреті автордың ішкі рухани 
тәуелсіздігімен тікелей байланысты екенін айтып, осы ретте Абай, Мағжан 
мәтіндерінің аналитикалық талдауын үлгілі классикалық етіп келтірген. 
4.«Жазу әдебиет» тарауында А.Байтұрсынұлы біз бүгінге дейін түрлі 
айтып келген қағиданы дәлелдеп береді: «Қазаққа жазу дінмен бірге келген... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет