68
Аттандым алыс сапар елден жырақ,
Құдайдан амандықты жүрмін сұрап.
Ағайын, тату болшы, тілегім сол,
Кетейін осы жолы басың құрап.
Ахау, достар, көңіл қоштар,
Хош боп тұр қайта айналып келгенімше..
Жолдыбек бұл ән жайлы
«Ахаңның көп өлеңдерінің арасында, іздесе, жүрген
шығар. Бекболаттың Ахметінен сөзін түгел ұстап қала алмадым, қайырмасын
ғана ұстап қалдым» деп айтқаны да осы кітапта келтірілген [5, 107 б].
Аталған әннің сөзінің тағы бір шумағын өлкетанушы Ибрагим Ағытаев
1986 жылы белгілі ақын Ахметхан Әбіқаевтан «Ахоу достар» деген атпен
жазып алыпты. Әннің сөзі мынадай:
Бұл күнде қашық тартқан біздің достар,
Кез келсе сыр қалмаған көңіл қоштар.
Лебіндей айдаһардың тартқан достар,
Бұл күнде бәрі де жоқ қолмен ұстар.
Ахау, достар,
Көңіл қоштар.
Қош боп тұр жолыққанша, асыл достар! [6, 205 б.].
Ахметхан Әбіқаев 1937 жылы республикалық
көркемөнерпаздар
байқауында 80 күйшінің ішінен Дина Нүрпейісовадан кейінгі 2-ші орынды
иеленген, Торғай өңірінің музыкалық мұрасын жетік білген кісі. Ахметхан
орындауынан жазып алынған шумақ Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет
танытқышында» сәл өзгешелеу қалыпта кездеседі.
Бір күнде іздеп тапқан кетті достар,
Сұрасқан хал-ахуал көңіл қоштар.
Деміндей айдаһардың тартқан достың,
Бірі жоқ осы күні қолмен ұстар.
Қатқан соң қабағына қар менен мұз,
Қалды ғой қараса алмай қыран құстар, - деп келетін өлең
жолдары «Әдебиет танытқыш» кітабында Діндар дәуір әдебиетіндегі
«Мінажат» өлеңге мысал ретінде келтірілген.
Бұл Торғай өңіріне белгілі
Сейдахмет Бейсенұлының өлеңі. Ахмет Сейдахмет мұрасымен жеткілікті түрде
таныс болған. «Қазақтың бас ақыны» мақаласында, «Әдебиет танытқышта»
Сейдахмет есімін атап, оның шығармаларын мысалға келтірген.
А.Затаевичтің «Қазақ халқының мың әні» жинағында Торғай уезінен
жазып алынған «Асыл достар» деген ән бар. Әнді Әліби Жангелдин жеткізген.
Бұл ән жайлы А.Затаевич «Популярная песенка ташкентского происхождения,
из рода «Караторгаев» деп байлам жасаған. Жалпы А.Затаевич өзі жазып алған
«Қараторғай» атты әндердің атауына байланысты
«Как мне передавали, в
Ташкенте в настощее время проживает казахская певица и слагательница
песен, прозванная как за свою голосистость, так и за малый рост и смуглость
«караторгаем». ...Возможно поэтому предположить, что воовще –
первоисточник приводимых мною красивых мелодий данного названия следует
69
искать в песенном творчестве этой выдающейся казахской певицы, которая,
несмотря на свой поблекшие уже данные, как меня уверяли приезжавшие из
ташкента казахи, еще недавно выступала там на концертах [1, 374 с].
Қазақ өнерінде Сырдың қараторғайы атанған бұл әнші Шолпан
Жанболатқызы. Ол айтқан «Қараторғай» әнінің мәтіні біз қарастырып отырған
әннен мүлдем бөлек.
Құс болсаң, жібектен бау тағар едім,
Күмістен тұғырыңды жабар едім.
Мойныңа сары алтыннан жыға тағып,
Қолға алып сылап-сыйпап бағар едім.
Қайырмасы:
Салайын мен әніме Қараторғай,
Қараторғай, халә, иллә,
ле-лей, халә, лиллә лел-ләй-ай!
Болғанда қасың қара, шашың сүмбіл,
Албырап екі бетің жанар гүл-гүл.
Бейіштің гүлжазира сарайында,
Сайраған тоты құстай сен бір бұлбұл.
Бір өкініштісі Бекболаттың Ахметі, Қабдуахит, Жолдыбек Мұқановтар
арқылы жетіп экспедиция кезінде жазып алынған
әннің аудиожазбасы біздің
қолымызға түспегендіктен, оны А.Затаевич жазып алған ән нотасымен
салыстыру мүмкін болмай отыр. Біз келтірген мәтіндер экспедициядан кейін
шыққан «Алтын бесік» кітабынан алынды.
Бүгінде Ахмет Байтұрсынұлының әні деп айтылып жүрген әндердің бірі
«Аққұм». Торғай өңіріндегі ел аузында айтылатын әңгімелерде «Аққұм» әнін
Ахмет Бессары Бөгенбай салдың Іңкәр атты қызына арнап шығарған деседі.
Алматы қаласындағы орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорында
Қосымжан Бабақовтан жазып алынған ән мәтіндері сақталған. Қосымжан
«Аққұм» әнін Ақан
серінің әні ретінде жазғызып, «
Аққұм көлдің аты.
Достарыңызбен бөлісу: