Қазақстан республикасы білім және ғылым


Топырақ кескінінің қалыңдығы – саластырмалы



Pdf көрінісі
бет27/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

 
Топырақ кескінінің қалыңдығы – саластырмалы 
түсінік 
Қалыңдық – аз өзгерген жыныстан құрлық бетіне дейінгі 
топырақ кескінінің жалпы қалыңдығы (2). 
Қаратопырақтардың, 
шалғынды 
және 
шалғынды 
қаратопырақты топырақтарда қалыңдық А+ АВ қарашірікті 
қабаттармен сипатталады: 
Жұқа қабатты 25 – 40 см; 
Орта қабатты 40 – 80см; 
Зор қабатты 80 – 120см; 
Өте зор қабатты 120 см.-ден қалың. 
Қара-қоңыр және шалғынды қара-қоңыр топырақтарға 
(А+АВ): 
Жұқа қабатты қысқартылған 20 см-ден жұқа; 
Жұқа қабатты 20 – 30см; 
Орта қабатты 30 – 50 см; 
Зор қабатты 50 см-ден қалың. 
 
Кескіннің дифференсациясы. 
 
Ол топырақ түзу түріне байланысты. Бір түрдің ішінде 
топырақ түзу жасына және топырақ түзуші жыныстардың ерек-
шелігіне байланысты. 
Жас топырақтың жетілген топыраққа қарағанда диффе-
ренсациясы аздау болады, яғни (дифференсация) ұзақ уақыт 
топырақ түзудің нәтижесі. 
Берілген топырақ типінің дифференсациясы механикалық 
кұрамы орташа және жыныстары бұзылған, минералдармен бай 
топырақтарда максималды болады. 
Топырақ дифференсациясы аз – орта – көп (қатты) – диф-
ференсацияланғанға бөлінеді. 


Топырақтың түсі 
 
Топырақтың түсі – маңызды сыртқы қасиеттерінің бірі, 
байқауға ең қолайлы және топыраққа ат беруге кең қолданатын 
белгі (өзара топырақ, қызыл топырақ, сары топырақ, сұр топы-
рақ, т.б.). (1,2) 
С.А.Захаров пікірі бойынша топырақтың түсіне ең маңыз-
ды болып саналатын заттар үш топқа бөлінеді: 1. Қарашірік 2. 
Темір қосындылары. 3. Кремний қышқылы, көмір қышқылдары, 
әк және каолин. 
Топырақ қарашірігі көбейген сайын топырақтың түсі де 
қарая түседі. Топыраққа темір мен марганец қоңыр және қызыл 
түс береді. Ақшыл және ақ түс күлгіндену (топырақтың мине-
ралды бөлімімен бұзылуы және шайылуы), солодьтелген, тұз-
далған, карбонатталған үдерістерге байланысты, яғни топырақ-
тағы кремнезем, каолин, кальций және магний көмір қышқы-
лына, гипске және басқа тұздардың болуына байланысты. 


3-сурет. С.А.Захаровтың түстер үшбұрышы 
Көбінесе топырақ түсі бірнеше бояудан құрылады 
(мысалы: сұр-қоңыр, ақшыл сұр, қызыл-қоңыр, т.б.), басыңқы 
түстің аты соңында жазылады. 
Топырақ қабаттарының бояуы біртекті және біртексіз 
болуы мүмкін. Біркелкі– біртекті бояуды айырып тануға болады 
– бояудың түсі және қарқындылығы қабаттың түгел көлемінде 
сақталады. Біртекті емес бояу – қабаттардың жоғарғы жағынан 
астына қарай бояудың түсі мен қарқындылығы бірте-бірте 
өзгереді. Топырақта бояуын айырып таниды: Тарғыл (пятнис-
тый) – қабаттардың негізгі бояу фонында басқа түсті дақтар кез-
деседі. Жолақты – әртүрлі жолақтар кездеседі. Мрамортәрізді–
шұбар түсті, әртүрлі түсті оюлармен дақтар кездеседі. Теңбілді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет