Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет5/107
Дата15.02.2024
өлшемі2.94 Mb.
#491998
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107
ЖАЛПЫ ТОПЫРАҚТАНУ

1-сурет. Топырақтану ғылымының халық шаруашылығының 
басқа салаларымен байланысы. 


Топырақтану ғылымының халық шаруашылығының басқа 
салаларымен байланысы бірінші схемалық суретте келтірілген. 
Докучаевтың жетекшілігімен 1888 жылы ұйымдастырылған
Ресейдегі топырақ зерттеу комиссясы – бүкіл дүние жүзіндегі 
бұл саладағы бірінші топырақтану ғылымының ұясы еді. Бұл 
ғылымның дамуына Докучаевтың замандасы, орыстың ірі оқы-
мыстысы П.А.Костычев, оқушылары Н.М.Сибирцев, К.Д.Глинка 
көп үлес қосты. 
Докучаевтың қажырлы еңбегінің арқасында 1899 жылы 
ұйымдастырылып шыға бастаған топырақтану саласындағы 
ғылыми - теориялық «Топырақтану» (Почвоведение) журналы 
күні бүгінге дейін Ресей Ғылым академиясының топырақтану 
жөніндегі негізгі журналы болып келеді. 
В.В.Докучаев ұйымдастырған топырақ зерттеу комис-
сиясы 1913 жылы Топырақтану ғылыми-зертттеу институты 
болып қайта құрылды. Бұған Қазан революциясынан кейін В.В 
Докучаевтың есімі берілді. 
Ө.О.Оспанов− Қазақстаннан шыққан алғашқы топырақ-
танушы ғалым. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым акае-
миясының корреспондент мүшесі. Топырақтану институтының 
директоры (1945-1968 жж.).
Докучаев іліміне Қазақстандық 
ғалымдар
А.И.Безсонов, Боровский,
А.М.Дурасов,
Т.Т.Тазабеков, 
Р.Жанпейісов, Ж.У.Ахановтың қос-
қан үлестері өте мол. Қазақстан Рес-
публикасы Ұлттық академиясының 
Еңбек Қызыл Ту орденді Топы-
рақтану институты – еліміздің топы-
рағын жан-жақты зерттеп, оны халық 
шаруашылығына тиімді пайдалану-
дың негіздерін көрсететін басты ғы-
лыми мекеме. 
Бұл институт кең байтақ республикамыздың жер қорын 
тиімді пайдаланудың ғылыми негіздерін жасауда біршама 
игілікті істер атқарды. Барлық облыстардың орта масштабты 


топырақ картасы жасалып, олардың сипаттамасы, агрономиялық 
қасиеттері, халық шаруашылығына тиімді пайдалану жолдары 
жеке-жеке монографияларда баяндалды. Институт қызметкер-
лері 1950 жылдары еліміздегі ауылшаруашылық саласында ірі 
оқиға – тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде көптеген 
экспедициялар ұйымдастырып, 100 млн гектардай жерді зерт-
теуге оның 25 млн гектарын егістікке игеруге көмектесті. Рес-
публикамыздың сумен қамтамасыз етілген, суармалы егіншілік 
дамыған аудандары: Сырдария, Шу, Іле, Жайық, Талас – Ассы, 
Арыс өзендерінің бойлары ірі масштабты топырақ – мелиора-
тивтік зерттеулермен қамтылып, бұл жерлерді суармалы егінші-
лікке тиімді пайдалану жолдары көрсетілген. 
Қазіргі кезде институт қызметкерлері – Ұлттық ғылым 
академиясының корреспондент мүшелері Ө.Оспанов, Ж.Аханов, 
ауылшаруашылық және биология ғылымының докторлары 
Р.Жанпейісов, І.Дәулетшин, Қ.Ш.Фаизов, М.И.Рубинштейн, 
М.А.Орлова, Ш.З.Мамилов,Ж.У.Мамутов, география ғылымы-
ның 
докторлары М.Е.Белгібаев, М.Ш.Ишанқұлов, Е.А.Сұлтанбаев,
ғылым 
кандидаттары 
С.Ж.Әбдіқалықов, 
Т.Жалаңкөзов, 
Қ.Ж.Қаражанов, Н.Л.Яцынин, т.б. басшылығымен республика-
мыздың топырақ қыртысы бұрынғыдан да тереңірек зерттеліп, 
оны халқымыздың игілігіне тиімді пайдаланудың ғылыми жол-
дары қарастырылып келеді. Топырақтану институты 1974 жылы 
көпжылдық жемісті еңбегі үшін және елімізде тың игерудің 20 
жылдығына байланысты Еңбек Қызыл Ту орденімен марапат-
талды. 
Топырақтану ғылымы – көп салалы ғылым. Оның құра-
мында топырақ географиясы, эрозиясы, физикасы, химиясы, 
микробиологиясы, мелиорациясы, топырақ экологиясы және 
оны қайта құнарландыру сияқты бағыттар бар Институттағы 
ғылыми - зерттеу жұмыстары осы бағыттағы салаларды түгелге 
жуық қамтиды. Төменде осы іргелі ғылым ордасының тарихы 
мен атқарған жұмыстары, құрылымы туралы мәліметтер келті-
реміз. 
1939 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы 
құрамында топырақтану секторы ұйымдастырылды. Секторды 
ұйымдастыру туралы алғаш ынта білдіріп, осы жұмысты өз 


қолына алған Қазақстаннан шыққан алғашқы ғалымдардың бірі, 
белгілі топырақ зерттеуші, КСРО ғылым академиясының Қазақ 
филиалы алқасының төрағасының орынбасары Ө.Оспанов бола-
тын. Реті келгенде тағы айта кететін нәрсе – Ө.Оспанов филиал 
алқасының төрағасы, Қ.И.Сәтбаевтың орынбасары бола жүріп, 
Қазақ КСР Ғылым академиясының негізін қалауда көптеген 
ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. 
Ұйымдастырылған топырақтану секторына басшылық ету 
үшін еліміздің топырақтану саласында белгілі ғалымы профес-
сор А.И.Безсонов шақырылды. Сонымен қатар секторда топы-
рақ зерттеуші ғалымдар А.М. Петелина, Д.М. Сороженко, аспи-
рант П.И.Шлеймович, А.А.Соколов, Қ.И.Иманқұлов болды. Бұл 
топқа соғыс жылдарының басында Алматыға көшіп келген 
КСРО Ғылым академиясы Докучаев атындағы Топырақтану 
институтының белгілі ғалымдары қосылды. 
А.И.Безсонов− Қазақстан Рес-
публикасы Ұлттық ғылым академия-
сының 
корреспондент 
мүшесі. 
Қазақстанда алғашқы топырақтану 
секторының меңгерушісі (1939- 
1943 жж.) 
Академик Л.И.Прасолов бас-
тап келген бұл ғылымдардың ішінде 
кейінірек академик И.И. Герасимов, 
профессорлар 
М.А.Глазовская, 
Е.В.Лобова, Б.Ф.Петров, т.б. қыз-
меткерлер болды. Сонымен, сектор
Қазақстан топырағын жан-жақты 
зерттеу жұмыстарын бастады, деген-
мен сектор ұйымдастырылғанға дейін Қазақстан жерінің топы-
рағы туралы ешқандай дерек болмады деп айту – әбестік. 
Қазақстан жерінде XVIII-XIX ғасырларда жүргізілген 
кейбір зерттеу экспедициялары (Лепехин, Гмелин, Паллас, 
Краснов, Миддендорф, Пржевальский, Уәлиханов, Семенов, 
т.б.) негізінен жалпы табиғаттану мақсатындағы географиялық 
сапар – саяхаттар еді.


Зерттеу экспедицияларында Докучаевтың шәкірттері мен 
ізбасарлары, кейінірек елімізідің көрнекті топырақ зерттеуші ға-
лымдары
аталған 
С.С.Неуструев, 
Л.И.Прасосов,
А.И.Безносов, Р.И.Аболиндер өте құнды материалдар жинады. 
Осы еңбектердің нәтижесінде ел қоныстанып, жерін егіншілікке 
пайдалануға жарайтын көптеген аймақтар анықталды. Ал 
жиналған зерттеу материалдары, кейінгі қосымшалармен, бұрын 
зерттелмеген аймақтың жалпы табиғаты, топырағы туралы 
біршама еңбектердің шығуына арқау болды. 
Қазан төңкерісінен кейін, жиырмасыншы жылдардың 
ортасында КСРО ғылым академиясының құрамында арнайы 
Қазақстан экспедициясы ұйымдастырылды. Ол бұрын зерттеу 
жұмысымен қамтылмаған шалғай жатқан Үстірт, Маңғышлақ 
аймақтарында 
жүргізілді. 
Экспедиция 
саяхатттарына 
И.П.Герасимов, Е.Н.Иванова, Е.В.Лобова белгілі топырақ зерт-
теуші ғалымдар қатысты. Зерттеу нәтижесінде бұл аймақтардың 
топырақ карталары жасалынып, очерк жазылды. 
1926 жылы республикамыздың Жер шаруашылық комис-
сариаты жанында топырақ зерттеу бюросы ұйымдастырылды. 
Бұл бюро кейінірек Қазақтың жер тыңайту және агротопырақ-
тану институты, 1935 жылдан бастап В.Р.Вильямс атындағы 
Қазақ егіншілік институты болып аталды. Мұндағы топырақ 
зерттеушілер 
тобынан Н.А.Калугин, С.П.Матусевич, А.М.Петелина, 
С.К.Серпиков және басқалар қолда бар азын-аулақ материал-
дарды пайдаланып, Қазақстанның алғашқы шолу топырақ кар-
тасын жасады. 
Отызыншы жылдары Оңтүстік Қазақстанның мақтаға жа-
рамды жерлерін зерттеуге Орта Азия мемлекеттік университеті 
жанындағы ботаника және топырақтану институтының ға-
лымдары біраз қолғабыс тигізді. Дәл сол кезде осы аймақтағы 
Мырзашөл 
алқабында 
профессорлар 
В.А.Ковда 
мен 
А.Н.Розановтың басшылығымен бір топ топырақ зерттеушілер 
тиімді зерттеулер жүргізді. Бұл жұмыстардың нәтижесі 1948 
жылы арнайы монография болып жарық көрді. Сөйтіп, 
Қазақстан топырақ зерттеу жөнінен тұңғыш ғылыми сектор 
ашылған кезде республика топырағы жайында осындай азын-
аулақ мәліметтер бар еді. 


Жаңадан ашылған топырақтану секторы өзінің ғылыми 
жұмысын сол кезде өндірісі өрге баса бастаған Жезқазған төңі-
регінің топырағын зерттеуден, ондағы халықты азық - түлікпен 
қамтамасыз ету үшін әртүрлі, көбінде көкөніс дақылдарын өсіру 
мақсатымен тұрақты тәжірибе жүргізуден бастады. Сонымен 
қатар қаланы көгалдандыру мәселесімен шұғылданды. 
Ұлы Отан соғысы жылдарында сектор ғалымдары 
Мәскеуден уақытша көшіп келген Докучаев атындағы топы-
рақтану институтының тәжірибелі ғылым күштерін пайдаланып, 
Қазақстанның әр облыстарының топырақ картасын жасап 
үлгерді. Бұл карталардың сапалы шығуына ірі маман, академик 
Л.И.Прасоловтың көп көмегі тиді. 
Сонымен топырақтану секторының алғашқы жылдардағы 
жемісті жұмысы нәтижесінде болашақ Топырақтану институты-
ның негізі қаланды. Алғашында КСРО ғылым академиясы Қазақ 
филиалы құрамында топырақтану және өсімдіктер, ботаника 
бағы, биохимия мен физиология секторларының негізінде Топы-
рақтану-ботаника институты 
ұйымдастырылды. Бұл–1943 жыл еді. 
Көп кешікпей Қазақстан ғылымының өз алдына отау тігіп, 
Ғылым академиясының құрылуына әзірлік жұмыстары жүргізіле 
бастады. Соның бір көрінісі ретінде кешенді Топырақтану бота-
ника институты жеке-жеке екі институт болып қайта ұйымдас-
тырылды. Топырақтану институтының директоры болып 
Ө.Оспанов бекітілді. Бұл – 1945 жылдың басы болатын. 
Алғашында секторда небары 40-қа таяу қызметкер 
болатын, оның екеуі ғылым докторы, жетеуі ғылым кандидаты, 
он бірі кіші ғылыми қызметкерлер еді. Олар екі бөлімде, жеке 
бір зертханада жұмыс істейтін. Топырақ географиясы мен 
генезисі, топырақ мелиорациясы, бөлімдері және тек топырақ 
химиясы мен физикасы зертханасы болатын. 
1952-1956 жылдар арасында институт құрамында 
1946 жылы ұйымдастырылған Қызылорда ғылыми зерттеу 
базасы болды. Ал 1961 жылдан 1967 жылға дейін Ақмоладағы 
филиал жұмыс істеді, 1968 жылдан бастап бұл филиал инсти-
туттың осындағы бөлімшесі. Бұрын бұл бөлімшеде, негізінен, 
топырақ қорғау бағытында зерттеулер жүргізілсе, 1981 жылы 


кебірленген топырақты мелиорациялау зертханасы ұйымдасты-
рылды. 
Институттағы негізгі ғылыми-өндірістік бөлімшелер – 
зертханалар мен бөлімдер, олардың саны әзірше 16. Әр бөлім-
шенің қандай ғылыми мәселемен шұғылданатынына кейінірек 
жеке-жеке тоқталамыз. Ал қазір институттың кезінде респуб-
лика халық шаруашылығына аса қажет болған жалпы зерттеу 
жұмыстарын сөз қылайық.
Республикамыздың барлық облыстарының шағын масшта-
бы топырақ карталарынан жиналған материалдар республика 
топырағының таралу заңдылықтары, оның сапасы мен көлемі 
жөнінен нақты мәліметтер берді. Осының нәтижесінде топырақ 
құрамына, оның сапасына қарап, республикамыздың ауыл-
шаруашылығына пайдалануға қажетті жер қорлары анықталды. 
Институт ұйымдастырылғаннан бастап жүргізілген зерт-
теулерің негізгі бағыты географиялық тұрғыда болды. Оның 
себебі түсінікті де, жерді игеру үшін әуелі оның географиялық 
орналасуын, таралу заңдылықтарын, қасиеттерін анықтайды. Ал 
бұл үшін ең алдымен игеруге қажетті аймақтардың топырақ 
карталарын жасауға тура келеді. Міне, сондықтан Қазақстан 
топырақтану саласындағы географтары Қазақ КСР Ғылым ака-
демиясының корреспондент - мүшесі Ө.Оспановтың жетек-
шілігімен бүкіл Қазақстан территориясының топырақ картасын 
жасады. Алдымен барлық облыстардың шағын масштабты 
карталары жасалғанын жоғарыда айттық. Әр облыс көлеміндегі 
топырақтар сапасына қарай әртүрлі агроөндірістік топтарға бө-
лініп, олардың көлемі, жыртуға жарамды-жарамсызы, жарамды 
жерлердің сапа жөнінен қай топқа жататыны, т.б. жағдайлар 
анықталды. Облыстық топырақ карталарымен қоса, жер-жерде 
таралған топырақтың толық көлемі және сапасы жөніндегі мә-
ліметтер Қазақстанның әр облысына арналған жеке монография-
ларда баяндалды. 
Бұл жүргізілген географиялық зерттеулер тың және тыңай-
ған жерлерді игеру кезінде көп септігін тигізді. Институт ғалым-
дары осы жылдары Қазақстанда игерілген тың және тыңайған 
жерлерді таңдай алуға методикалық басшылық етті. Соның 
нәтижесінде, негізінен, терістік облыстарымызда зерттелген 100 


млн гектар жердің 23 млн гектары игеруге таңдап алынды. 
Институт ғалымдары оның 15,4 млн гектарын өздері зерттеп, 4,4
млн гектарын игеруге ұсынды. Қазақстан тыңын игеруге 
Мәскеудің топырақ зерттеуші ғалымдары да үлкен үлес қосты. 
В.М. Боровский. Қазақстан Рес-
публикасы ҰҒА академигі. Топырақ-
тану институтының директоры (1968-
1984жж.). 
Топырақты географиялық зерт-
теумен қатар, еліміздегі топырақ ме-
лиорациясы 
саласындағы 
белгілі 
ғалым, Қазақ КСР Ғылым академия-
сының академигі В.М.Боровскийдің 
жетекшілігімен топырақты мелиора-
циялау бағытында да кешенді зерт-
теулер жүргізілді. Ең алдымен, жерді 
мелиорациялауға ыңғайлы ірі өзен 
бойлары мен сағалары зерттелді. Оның ішінде Сырдария, Іле, 
Шу, Жайық, Талас – Асы, Еділ – Жайық аралықтары, Ертіс – 
Қарағанды каналы бойы, өндірісі өрістеп дамып келе жатқан 
Маңғыстау түбегі, т.б. кішігірім алқаптар көп жылдық мұқият 
зерттеулермен қамтылды. Соның нәтижесінде бұл алқаптардағы 
топырақ сапасы анықталып, алғашқы кезекте суаруға жарам-
дылары таңдап алынды. Зерттеу нәтижелерінде алынған матер-
иалдар, осы алқаптардағы топырақтардың мелиоративтік сипат-
тамалары, оның суаруға игерудің ережелері, яғни суару кезінде 
қолданылатын мелиоративтік шаралар туралы жеке-жеке моно-
графиялық еңбек болып жарық көрді. Осындай мұқият зерттеу 
жұмыстарының барысында республикамызда топырақ зерттеуші 
мелиоратор - кадрлар даярланды. Олардың көбі қазір
В.М.Боровский бастап кеткен бағытта өз беттерінше жемісті 
еңбек етуде. 
Қазақстан 
жерін 
мелорациялау 
саласындағы 
В.М.Боровский басқарған зерттеулердің тәжірибеге енгізілуі 
жақсы нәтиже бергенін көзімізбен көріп отырмыз. Республика-
мыз қазір суармалы егіншілігі мықтап дамыған өлкеге айналды. 


Академик Боровский мен оның шәкірттерінің республикамызда 
мелиорацияны дамыту жөніндегі жемісті еңбектері 1984 жылы 
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығына ие болғанын біз орынды 
мақтан етеміз. Бұл лауреаттар ішінде Боровскиймен бірге
Ж.У.Аханов, К.Ж. Қаражанов, В.Т. Корниенко, Л.И. Пачикина, 
М.А.Орлова бар. 
Ж.У.Аханов. Қазақстан ұлттық 
академиясының корреспондент мүше-
сі. Топырақтану институтының ди-
ректоры. 
Қазақстан ұлттық академиясы-
ның Топырақтану институты респуб-
ликамыздағы барлық топырақ зерттеу 
жұмыстарына консультациялық бас-
шылық жасап, үйлестіріп отыратын 
ғылыми орынға айналды. Республика-
мыздың топырақтану ғылыми сала-
сындағы жетістіктерді өндіріске кеңі-
нен енгізу үшін Қазақстан топырақ 
зерттеушілерінің ғылыми-тәжірибелік конференциялары 6 рет 
өткізілді. Республикалық тәжірибе алмасу мақсатымен 1969 
жылы Алматыда Орта Азия мен Қазақстан мелиораторларының 
бас қосқан жиналысы болды. 1971 жылы Алматыда топырақ 
зерттеушілер қоғамының кезекті Бүкілодақтық IV съезі өткі-
зілді. Съезге бүкіл ТМД елдерінің түкпір-түкпірінен 1000-ға 
жуық делегат қатысты, шет елдерден де қонақтар болды. 
Қазір республикамыздың топырақтану ісінде дамыған бар-
лық бағыттар институтта өріс алған. Солардың қай-қайсысы да 
тиянақты зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Төменде сол жайында 
әңгіме қозғайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет