Белгісіздік және тәуекелділік жағдайында басқарушылық шешімдер қабылдау Мақалада «Дәуір Сервис»



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата18.02.2024
өлшемі2.1 Mb.
#492300
1   2   3   4   5   6   7   8   9
белгісіздік

сия жəне орташа квадраттық ауытқу.
Дисперсия деп əрбір қатардағы белгінің (A) 
жеке мəнінен арифметикалық орташа шаманы 
алғандағы айырмаларды (А-
қосын-
дыны
белгі санына (n) немесе дəре-
желенген ауытқу екі есе дəрежелеп (А-
жəне бір-біріне қосып, одан шыққан ауытқу 
көрсеткіштері жиіліктеріне (P) көбейтіп, оның 
қосындысын
сол жиіліктің жал-
пы жиынтығына (
) бөлгеннен шыққан бө-
ліндіні айтады. 
Ауытқудың ыңғайлы көрсеткіші бөлу ықти-
малдылығының орташа квадраттық ауытқуы 
болып табылады. Орташа квадраттық ауыт-
қу деп шашыранды көрсеткіштерін түбірлеуді 
айтады. Ол гректің сигма əрпімен белгілене-
ді жəне төменде берілген формула бойынша 
есептеледі: 
(1) 
мұндағы: 
 – нақты пайда деңгейіндегі нəтиже; 
 – күтілетін немесе орташа шама; 
 – ықтималдық; 
болуы мүмкін варианттардың жалпы 
сан.
Сонымен басқару шешімдерін дайындау 
жəне қабылдау процесінде тəуекелділік пен 
белгісіздік жағдайларында менеджер тəуекел-
ділікке талдау жүргізу қажеттілігін ұғынады, 
сондай-ақ тəуекелділікті болдырмауға, шегеру-
ге жəне оның деңгейін төмендетуге байланыс-
ты шараларды іске асырады. Одан басқа, бел-
гісіздік жəне тəуекелділік жағдайында менед-
жер шешім қабылдаудың арнайы əдістері мен 


ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economy series. №2 (108). 2015
55
Алтаев Б.Ш., Тайтаразова М.Б.
тəсілдерін пайдалануы қажет. Басқару шешім-
дерін қабылдау кезінде мынадай шараларды іс-
ке асыру қажет:
- алдағы болуы мүмкін жағдайларды бол-
жау, мысалы сұраныс деңгейін;
- мүмкін баламалар (альтернативті) тізім-
дерін дайындау;
- əрбір жағдайдың ықтималдылығын 
анықтау; 
- таңдалған шешімдер бойынша белгілер-
дің баламаларын бағалау.
Басқару қызметтерінің басты қағидалары-
ның бірінде былай делінген: тəуекелділіктен 
қашпай, оны төмен деңгейге дейін төмендетуге 
тырысып, алдын алу керек. Бұл тəуекелділікті 
тиімді басқаруды талап етеді, яғни белгісіздікті 
жəне басқару шешімдерін дайындау жəне іске 
асыруды ұйымдастыру қызметіне келтіретін 
зиянды дер кезінде болжау, алдын алу жəне 
оны анықтау.
Тəжірибеде бір ғана айнымалы көрсеткіш 
қана белгісіз болуы мүмкін (мысалы, сату көле-
мі немесе шығындар), сонымен қатар бірнеше 
айнымалы көрсеткіштердің мəні басқа айныма-
лы көрсеткіштерге тəуелді болуы мүмкін.
Осының салдарынан əртүрлі нəтижелер орын 
алуы мүмкін, тіпті бір жағдайдың нəтижелері 
алдыңғы нəтижелерге байланысты да болуы 
мүмкін. Осындай жағдайларға байланысты 
мүмкін болатын шешімдерді қабылдауда пай-
далы талдамалық құрал – шешімдер терегі бо-
лып табылады.
Шешімдер терегі – бірнеше мүмкін бола-
тын əрекеттер мен мүмкін болатын жағдайлар-
ды көрсететін диаграмма, сондай-ақ əрбір əре-
кетке қатысты потенциалды нəтижені ұсына-
тын сызба. Мұнда əрбір əрекеттің нұсқасы не-
месе нəтижесінде орын алуы мүмкін жағдайлар 
жеке-жеке терек ретінде көрсетіледі. Шешім-
дер терегі талданып жатқан шарттарда болуы 
мүмкін баламалар мен жағдайлардың барлық 
диапазонын көрсету үшін құрылады. Шешім-
дер терегінің құндылығы оның көмегімен то-
лық стратегиялық таңдау жасау үшін, барлық 
мүмкін нұсқаларды ескере отырып, кəсіпорын-
ның шешім қабылдамай тұрып логикалық тал-
дау жүргізуіне септігін тигізетіндігімен анық-
талынады. 
Нарық экономикасы жағдайында сату кө-
лемі, баға жəне өндірілген өнімнің ұсынысына 
байланысты жиі өзгерістер болып отырады. 
Сол себепті бұл факторларды басшылыққа ал-
майынша, дұрыс басқару шешімдерін қабылдау 
мүмкін емес. Осыған байланысты «Дəуір Сер-
вис» ЖШС көрсеткіштері негізінде белгісіздік 
жағдайлары кезінде шешімдер терегі көмегімен
басқару шешімдерін қабылдау жағдайын қа-
растырып көрейік.
«Дəуір Сервис» ЖШС негізгі қызметі – қа-
жетті қағаз өнімдері мен полиграфиялық мате-
риалдарды Ресейден əкеліп, отандық баспаха-
наларды жабдықтау болып табылады. Өнім 
түрлеріне əртүрлі форматтағы картон қағазда-
ры, офсет қағаздары, газет қағаздары жəне пе-
реплет қағаздары жатады. Өнім түрлері: 
1. Қалыңдығы 2,0 форматы 79*100 жəне қа-
лыңдығы 1,75 форматы 79*100 картон қағазда-
ры. 
2. Форматы 84*65, 72*65, 72*80, 84*120, 
84*80 офсет қағаздары. 
3. Форматы 42*45, 84*45, 62*45, 70*45 га-
зет қағаздары. 
4. Қалыңдығы 1,5 переплет қағаздары. 
Аталған өнімдердің ішінде ең көп сұраныс-
қи ие 42*45 форматтағы газет қағаздары.
«Дəуір Сервис» ЖШС жылдық тұрақты шы-
ғындар 2 760 000 теңгеге, ал 1 айдың тұрақты 
шығындары 230 000 теңгеге (2 760 000 / 12 айға ) 
тең. 42*45 форматтағы газет қағаздарының сату 
көлемі жəне сату бағасы бойынша жағдайы то-
лығымен анықталмаған деп тұжырымдайық. Сол 
себепті сату көлемі мен сату бағасының мүмкін 
болатын ықтималдық деңгейін белгілейміз. Ол 
төмендегі 1-кестеде көрсетілген:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет