ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economy series. №2 (108). 2015
57
Алтаев Б.Ш., Тайтаразова М.Б.
талдау түрі болып табылады. Жоғарыда талдан-
ған мысалды басшылыққа ала отырып,
сату кө-
лемі белгісіз жəне ол қалыпты таратылған деп
қарастырып көрейік.
Ескерту. Қалыпты тарату ықтималдықты
тарату түрлерінің ішіндегі ең көп тараған түрі.
Ол графикте қоңырау пішінді болып кескінделе-
ді жəне толығымен
екі статистикалық өлшем-
дермен, атап айтқанда, орташа ауытқу жəне ор-
таша квадраттық ауытқу көрсеткіштерімен си-
патталады. Қалыпты
жағдайда типтік статисти-
калық əдіс пайдаланылады. Бұл əдіс белгісіз сату
көлемінің айнымалы шамаға əсерін анықтауға
мүмкіндік береді, мысалы, таза табыстың маржи-
налдық табысқа əсері. Одан басқа, типтік статис-
тикалық əдіс жоспарлаумен байланысты келесі-
дей сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді:
1. Зиянсыздықты
сақтаудың ықтималдық
деңгейі қандай?
2. Күтілетін пайданың бекітілген пайда мөл-
шерінен төмен болмайтынынын ықтималдық
деңгейі қандай?
3. Егер сату нəтижесінде зиян орын алса,
онда оны болдырмау ықтималдығы қандай?
Джедике мен Робичек 1964 жылы
зиянсыз-
дық (қауіпсіздік) нүктесін анықтау ықтималды-
ғын көрсету үшін арнайы тəсілді ұсынды. Ол тə-
сіл бойынша қалыпты (нормалдық) ауытқуды (Z)
анықтау керек. Қалыпты (нормалдық) ауытқу ке-
лесі формула арқылы анықталады:
(2)
мұндағы:
Достарыңызбен бөлісу: