ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. №2 (108). 2015
60
Белгісіздік және тәуекелділік жағдайында басқарушылық шешімдер қабылдау
Үшіншіден, шығындар құрылымын оңтай-
ландыру үшін, компанияның тəуекелділігін
сыртқы біреуге ауыстыру керек. Компанияның
қаржылық стратегиясы тұрғысынан тиімді ше-
шім тəуекелділікті
ауыстыру емес, ол тəекел-
дікті жою болып табылады. Себебі компанияға
тəуекелдікті азайту нəтижесінде болған пайда
туралы басқа біреулермен келіссөз жүргізу қа-
жеттілігі болмайды [3].
Жоғарыда айтылып кеткендей, шығындар-
ды тұрақты жəне айнымалы деп классифика-
циялау жəне оларды талдау көптеген компа-
ниялардың басқару есебінің жүйесіне кіреді.
Бірақ
оның қалай жасалатыны, əдетте страте-
гиялық шешімдер қабылдауда көп көмектес-
пейді. Шығындар элементтері мен қандай да
бір баптарының тұрақты жəне айнымалы бо-
луы уақыт кезеңіне байланысты: қысқа мерзім-
де барлық шығындар көп жағдайда тұрақты бо-
лады, бірақ ұзақ мерзімде шығындардың ешбір
элементі тұрақты деп саналмайды жəне олар
осы кезең ішінде өзгеріп отырады. Көптеген
фирмалар өздерінің
шығындарын жедел жос-
парлау (бюджеттеу) шегіне байланысты клас-
сификациялайды, мысалы, бір жыл, тоқсан, ай
жəне т.б. Сонымен бірге стратегиялық шешім-
дердің шегі айтарлықтай ұзақ екені айқын. Сол
себепті стратегиялық басқару есебі жүйесі тек
қана қысқа мерзімнің шығындарын классифи-
кациялаумен шектелмеуі керек, сонымен қатар
шығындар стратегиялық шешімдер шегіне сəй-
кес талдануы қажет.
Енді осы белгісіздік жағдайында шешімдер
қабылдаудың негізгі критерийлеріне тоқталсақ.
Белгілі бір нарық ортасындағы тиімділік дең-
гейін
m деп қабылдап, ал осы ортадағы сатылу
мөлшерінің варианттарын
n десек осы негіздер-
ді анықтау критерийлерінің бағыттары:
1. Вальд критерийі (пессимизм соңы) агрес-
сивтік ортада пайдаланылады, мұнда жобаның
(шешімнің) ең жоғарғы кепілді нəтижесі қа-
былданады:
min
x
ij
max (4)
j=1…,ni=1…,m
2. Оптимизм шегі критерийі, нарық ортасы
кез келген жағдайда тек қолайлы жағдайда бо-
лады деп қарастыру жəне осы негізде барлық
варианттар арасынан тек ең жоғары нəтижелі
варианты қабылданады: α
mах
x
ij
max
(5)
j=1…,ni=1…,m
3. Гурвицтің критерийі жоғарыда келтіріл-
ген критерийлердің ықтималдық α жəне (1-α)
көрсеткіштерінің
орташаландырылған деңгейі
болып табылады, ал α көп жағдайларда. Крите-
рий төмендегідей түрде жазылады:
α min
x
ij +
(1- α) mах
x
ij
max (6)
j=1…,n j=1…,n
i=1…,m
4. Математикалық болжамның критерийі
бұл нарықтық орталарының түрлерінің априор-
лық ықтималдылықтарының
p
j
мəндері белгілі
болған жағдайда қолданылады. Бұл эксперттік
бағалаулардың мəндері немесе мерзімдердегі
нарық ортасының
статистикалық ақпараттары
болуы мүмкін.
Егер нарық ортасының ықтималдықтары
бірдей мəнде болған жағдайда ол Лапластың
критерийіне сəйкес болып жоғарыдағы Вальд
пен Гурвицтің критерийлеріне қарағанда оң-
тайлылау болады. Математикалық болжамның
критерийі төмендегідей түрде жазылады: [4]
n
∑
p
j
x
ij
max
(7)
J=1
i=1…,m
Достарыңызбен бөлісу: