Қазақтың классикалық
шығармаларын орындаудағы нұсқау
үлгілері, тәсілдері
Қазақтың халық әні «Алқоңыр»
Б.Ерзаковичтың өңдеуінде бұл ән
ноталық материалға едәуір жақсы
түсірілген. Вокалдық барлық дауыстар
түрлерінде (спорно, тенор, баритон)
орындалып жүр. Халық арасында
кең танымал, яғни академиялық
орындау мен ұлттық дәстүрдегі айтуда
бірдей дәріптеліп келеді. Жоғарыдағы
айтылған тұжырымды жүзеге асыру
барысындағы осы әнді дұрыс орындауда
оқу әдістемелік кейбір нақтылы үлгілерін
мысалға келтірейік. Әуелгі шарт, мұны екі
этапқа бөліп орындау кезегін ұсынамыз.
1-ден, өңдеп нотаға түсірген автордың
ұсынымы бойынша академиялық
мәнерде музыкалық бабы жағынан
сауатты орындап шығу (Сурет 6).
Әннің екінші шумағында әуелгі фраза
Сурет 5 – Дж. Верди «Травиатта» операсы. «Жермон»
рөлінде – Ғафиз Есімов. «Альфред» –Амангелді Сембин.
Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет
театры. 1980 жыл.
Сурет 6 – Халық артисі Нұрғали Нүсіпжанов, ҚР мәдениет
қайраткері Құрманбек Байқуатұлы, КСРО Халық артисі,
Қазақстанның Еңбек Ері Асаналы Әшімов. 2016 жыл.
92
Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s N1 | 2019
қайталанып тұр, ал, мәтіні өзгеше және
сол берілген ырғақ қалпында. Ал енді
осы әуен ұсынылған нота суреті бойынша
ғана орындалумен шектелсе, бұл өзі де
өткен ғасырдың, уақыт, заманның әні.
Баяу, салқын қанды музыкалық өрісі
жағынан бір қалыпты бағышталынған.
Нәтижесінде солғын тартып ән толық
ашылмай қалады.
Енді осы әннің 2-ші этап яғни
«қазақтың ғасырлар бойы қалыптасып
дамып орныққан ән орындаушылық
мектебінің озық үлгілерімен үндестіре,
ұштастыра отырып» айтудағы мәнісі
мен өзгешелігіне талдау жасап
көрелік. Алдымен ән сөзіндегі екпін
үндестігіне аса көңіл бөлу керек.
Ол бірінші шумақтағы «айнадағы»,
«жалаулатқан»және «найзадағы»
сөздерінде болса, екінші қайталауда
«сейілге шық», «сылаң қағып» және
«жайнадағы» сөздеріне түседі. Себебі
қазақ әндеріндегі екпін, өлең текстінің
ішкі мағынасына байланысты қойылып
отырады. Енді әннің музыкалық
құрылымы бойынша, әуен де
осыған байланысты кейбір уақтылы
интонациялық өзгерістерге ұшырап
отырады. Бұл қазақ ән орындаушылық
мектебінің сөз мағынасының астарына
аса мән беріп, көңіл бөлуден шығатын
бұлтартпас бір заңды үрдісі. Ал енді
әуеннің өзі де дәстүрлі ән шырқау
сәтіндегі шабыттан өзгеше бір сипатқа
айналып отыратыны бар. Мысалы: осы
ән мәтініндегі сөздерде «жалаулатқан»
және «сейілге шық» нота бойынша
үштікпен (триол) берілген. Міне дәл осы
бір жерде ұлттық әшекейлеу (украшение)
әсемдеу үлгісін қолдана білсек, бұл
әннің дәріптеу (интерпетациялық) өре-
дәрежесі едәуір белеске көтерілген
болар еді.
Әндерді, шығармаларды әуелгі үйрену
кезінде міндетті түрде нота текстісі
бойынша ғана орындалуы шарт.
Сонымен, мәселенің тоқетеріне
келсек: нотамен орындау берілген
ремарканы сақтау 1-ші кезең
мөлшерінде, ал оны әрі қарай
түрлендіріп, шарықтау шегіне жеткізу
барысындағы ізденіс-бұл 2-ші кезең.
Өзгеге көңілім тоярсың:
Жалпы шығарма бойынша жұмыс
істеу кезеңі. Бұл жұмысты студенттердің
шығарманың сөзін жатқа айтып, оның
өзі ой елегінен өткізіліп,салмақталғаннан
кейін барып шығармадағы ырғақтық
суреттерінің әуеніне,музыкалық
тұрғысынан автордың айтайын деген
ойы түсіндіруден басталады.Міне осы
арада шығарманың қай дәуірде, қай
уақытта пайда болғанын,сөзі мен
әуенінің ара қатынасы және студенттің
бұл жайындағы ойын сұрау арқылы
оны мұгалімнің әрі қарай жан-жақты
толықтыруы сияқты жағдайлардан
басталады. Мұғалімнің өзінің орындап
беруі немесе DVD, SD, телерадио арқылы
басқа да белгілі әншілердің орындауында
тыңдау керек.Әрине міндетті түрде
шығарманың қалай басталып оның әрі
қарай ішкі дамуы ырғақтық өзгерістері
және шарықтап шыңдалу кезін /
кульминация/ сосын барып қалай
аяқталуы, студентке толық талданып
айтылуы тиіс. Міне осының бәрі
теориялық және іс жүзінде асырылуы
тиіс. Мысалы, композитор Сыдық
Мұхамеджановтың Абай Құнанбаевтың
сөзіне жазылған «Өзгеге көңілім
тоярсың» романсын талдап көрелік.
1. Ақын өткен ғасырда (1845-
1904жж) өмір сүрген адам. Ұлы
ақын бұл өлеңінде өте терең
толғаныспен,сезіммен өлең,әннің шын
мәніндегі қасиетін тамаша ашып береді.
2. Ал композитор советтік дәуірдің
адамы. Абайдың сөзіне көптеген
93
Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s N1 | 2019
ән,романстар жазған белгілі композитор.
Атақты романстары «Жарқ етпес қара
көңілім неғылсада». «Қақтаған ақ
күмістей кең маңдайлым» т.б.
Композитордың бұл
романсында да Абай сөзінің терең
мағынасымен,композитордың зарлы
әуені біте қайнасып шыққандай.
Өзгеге көңілім тоярсың
Өлеңді қайтып қоярсың.
Оны айтқанда толғанып
Іштегі дертті жоярсын.
Сайра да зарла қызыл тіл
Қара көңілім оянсын.
Жыласын көзден жас ақсын
Омырауын боялсын.
Әлбетте шығарманы орындау
алдындағы талдау барысында
композитордың ырғақ, екпін және
дыбыс жалғастығы басқа да автордың
ұстанымын басшылыққа алып отыру
міндет.
Шумағы өте баяу дауыспен /р/ терең
үнмен толғана айтылады. Ерен ойлы
ақынның өлеңіндегі терең де ауқымы
философиялық толғанысын беру,
көрсетуде әнші дауысының классикалық
деңгейде бай тембірлі, кең диопазоны
мен музыкалық, вокалдық тұрғыдан
біліктілігі, шеберлігі жетік баритон
дауысты әншінің орындауын қажет етер
еді. Романсының толыққандылығы
d-mole тоналнісінде айқын көрінеді.
Енді екінші шумақта әуен динамикалық
құлшыныспен өрбиді. Осы екі ортада
«Сайра да» - сөзінде өтпелі нота тұр.
(Кездейсоқ нота емес) «ми» - нотасы
ашық емес, көмкерілген (крытая) діңгек
(столба) тұрақты академиялық үлгіні
ұстай отырып орындалады. Ал келесі
«Зарла» - сөзі «фа» нотасы арқылы
шарықтау шегіне ff (кульминация)
жетеді. Әрине fermato. Классикалық
үрдіс жұмырланған (округленная)
дауыспен тебірене, әуелете шырқау
барысында дауыстың көмескіленуіне
(перекрытый) немесе ашық айқайға
жол бермеу керек. Одан әргі «Қызыл
тіл» - терең толғаныспен орындалатын
бұл сөз ішкі сезіммен – сондықтан
екпінді үннің тез басылып pp-ға ауысуды
қажет етеді. Ал «Жыласын көзден жас
ақсын» мағынасына қарай ішкі ала-
сапран күйдің, дауыс тембріне әсер
етуі салдарынан аңыраған, жылаған
(рыдания) дауыстағы діріл арқылы,
тосын үнмен беру тәсілін қолдануға
болады. Бұрынғы итальян әншілерінде
(экарузо) бар үрдіс. Әрине көп нәрсе
орындаушының мүмкіндігіне байланысты
ғой. Шумақтың соңғы сөзі «Омырауым
боялсын» - жай таза нотамен орындап
қоя салуға болмайды. Төменгі «ля» (бас.
ключ) және «фа» (1-ші актв). Скачок
– аралықтың sexta (VI). Бұл жерде
вокалдық, техникалық тұрғыдан жақсы
орындаумен бірге «боялсын» поэтикалық
және әуен мәтінінің іштей үндесіп, өкініш
сезімі арқылы соңғы нүктені қоя білуді
әншіден үлкен шеберлікті керек етеді.
Осылай шығарманың классикалық
образын актер-әнші тұғырымен
ұштастыра орындау арқылы қазақтың
классикалық шығармаларын шырқау
мектебінің үлгісін паш ете аламыз.
Баяу дегенмен салмақты,мәнді үнмен
соңғы шумақтарды айтып барып бітіреді.
Шоқтығы биік,еуропа,орыс,неміс т.б.
әлемдік романстармен теңдес бұл
сияқты классикалық шығарманы
орындауда музыкалык,вокалдық
біліктілікпен бірге төл классикалық
ән шырқау үрдісі,мектебі үнемі
басшылықта болуы керек. «Көңілдегі
көрікті ойдың сыртқа шыққан соң сұрқы
қашады»-дегендей,әрине теориялық
тұрғыдан талдаумен оны іс жүзінде
көрсете білу ылғи да қабыса бермейді
94
Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s N1 | 2019
ғой. Десекте саф, ерен дарынның
өзіне дейінгілерден өзіндік «мен»-і бар
ерекшеліктерінде болса керек. Осы
романстың Неополитанның Э.Куртис
«Пой мне»деген әнімен екеуінде де ішкі
өкінішпен,тебіреніспен айтылатыны
көңіл бөлер қызықты жағдай емес
пе? Бұл жалаң еліктеу деген сөз
емес. Керісінше әншілік шабыттың,
шығармашылық жан-жақтылығы, талғам
қабылдаудың жоғарғы сатысына өрлеуге
баулу-тәрбиесі болмақ Осы жағдайда
жұмыс істеу үстінде студенттің өз бетімен
жұмыс жасау тәжірибесі, ізденуі өз
трактовкасындағы жақсы сәттерді
қолдап,оны әрі қарай дамытуына
мүмкіндік бере білу керек.
«Ән айтсаң да жаныңды жеп
айтасың» деген халық даналығы
еңбекке,ізденіске,жігерлікке шақырып
тұрған жоқ па? Осы сияқты ұлағатты
айтылған қанатты сөздермен,
студенттердің жалпы өнерге оның ішінде
ән орындаушылығына деген ықыласын
дамыту,өрбіте білу керек.
«Жүректен шыққан сөз жүрекке
жол табар» дейді халық даналығы.Ал
жүректен шыққан ән ше?
Әнім менің өзегім жан серігім,
Жүрегіммен тербейін жан сезімін.
Халық әні «Шапибаяу»
Бұл әннің әу баста дәстүрлі орындау
үлгісінде қайырмасы 2-рет айтылатын
болған. Ал күйсандықтың сүйемілдеуінде
вокалдық, академиялық орындауға
лайықты өңдеу барысында 3-рет
қайталанып, өте орынды классикалық
әнге айналған. Қайырмасындағы
байырғы «Хәйлім-жәләй»– деген
мәтінінде орындау және ондағы
қазақтың байырғы сөзі «Бәдәуи» - 2 рет
қайырымды өз үрдісінде орындау ләзім.
Халық әні «Ақжалмаш»
Бұл әндағы классикалық орындауға
өте тамаша өңделген. Романс
дәрежесінде келтіріп орындауға әбден
лайықты. Алайда қазақтың халық
ән орындаушылық мектебінің бай
өрнегін орынды қолданып, шабытпен
орындағанда ғана ән діттеген жерден
шығары хақ. Жалпы теория жүзінде
әрқилы жолдар, нұқаулардың бағыт-
бағдардың болуы өз алдына бір
тәлім. Алайда практика жүзінде
қазақтың классикалық ән шырқау
мектебі үлгісінде, әрбір әншінің өз
трактовкасымен, өзіндік шығармашылық
келбетінің болуы басты мақсат. Үлкен
өнер тағылымы болмақ.
Кез келген классикалық әннің,
шығарманың шырықтай шырқалуы
әншіге байланысты. Әншілік талап оның
табиғи икемі(навык) имровизаторлық,
музыкалық білім-ілімі, тәжірибесі
арқылы ән шығарманы соны биікке
шығара алады.
Классикалық өнер әлемге ортақ
болса, ол ұлттың ерекшелігімен құнды.
Қазақтың классикалық дүниелерінің осы
өреден көрініп, дәлелденген дағдыға
айналып, дамуы өміршең де баянды
болмақ. Сайып келгенде қазақтың
классикалық ән шырқау мектебінің
қалыптасу, даму тарихы, оның әлемдік
үдеріспен (прогресс) ілесе өрістеу
процесі осындай бағыт-бағдармен
айғақталуда.
Сондықтан да осы еңбекте берілген
кең танымал халық әндерін (күйсандық
пен концертмейстердің сүйемелдеуімен)
осы көрсетілген дәріс бойынша
машықтанып (өзіндік трактовкасымен)
аталмыш талап деңгейіне кәсіби
тұрғыдан әбден дағдылаған жағдайда
ғана ән өресі шарықтау деңгейінен
көрінбек.
Қорыта айтсақ бүгінгі әнші-актер
студент (талапкер шәкірт) келешек яғни,
ертеңгі ақиық әнші-суреткер тұғырына
көтерілу жолында «Өнерпаз болсаң
95
Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s N1 | 2019
арқалан» – болып келіп «өнерді үйрен
де жиренге» жетелік аралығындағы,
«Инемен құдық қазғандай» ізденіс,
еңбек, оқу-білім тұжырымының нәтижелі
жемісіне сайып келеді. Бұл өз кезегінде
айқын мақсатқа нақтылы бағыт-бағдар
беріп, оған апарар сара жолдың бірін-
бірі толықтыра өрбітіп, логикалық
жалғасымен астасып отыратын, «6» –
алты жүйелі тәсілдеме-қағидаға тікелей
байланысты. Атап айтқанда:
Студенттің жеке даусын дамыту
барысында (дем, диапозон, резонатор,
т.б.) керекті вокалдық кәсіби шеберлікке
орнықты жүйемен нәтижелі түрде
баулып, тәрбилеу.
Музыкалық білім жан-жақтылығымен
қаруландыруда осы саладағы тәлім
тәжірибенің (орындаушылықтың
мектебіне сәйкес) ұтырлы жолдарының
көзін таба білу.
Берілген шығарманың ішкі жан-
дүниесін аша білу тұрғысындағы
ізденіске байланысты нақтылы талап пен
талғам.
Актер-әншінің ішкі сезім қуаты, өзіндік
өзгешелік, ерекшелігінен туындайтын
шабытын, көркемдік-әрлеу шеберлігімен
ұштастыра білу шығармашылығы
деңгейін қалыптастыру.
Қазақ классикалық әндерін, қазақ
сазгерлерінің вокалдық шығармаларын
академиялық үлгіде өзінің табиғи
бояуымен орындауда, осы еңбекте
көрсетілген оқу-әдістемелік нұсқаудың
негізгі сатыларынан бастау ала отырып
уйретуге дағдылану жұмыстары.
Студенттің шығармашылық ізденуіне,
фантазиясына еркіндік бере отырып,
дұрыс талғаммен интеллектуалдық
тәлім-тәрбие беру. Үлкен суреткер
дайындаудағы мінез-құлық қалыптастыру
мектебінің бүгінгі таң талабына сай
үлгілерін ұлағаттылықпен қолдану.
«Неше түрлі жүйрік бар, шамасына
қарай шабады» – дегендейін бұл
көрсетілген тағылымды (компоненттерді)
әр қайсысының өз орнымен, керекті
творчестволық еркіндік аса біліктілікпен
қолдағанда ғана «Ән түзелді тыңдаушым
сен де түзелгін» (Абай) сеніммен
шығудың кәсіби жолының бірегейі
ретінде, іс жүзінде асыруға болады.
Шынайы сезім, шын жүректен айтылған
шабытты ән, тыңдаушы көңілінен
шығатынына күмән болмаса керек.
Құлактың құрышын, айызыңды
қандырар қазақтың классикалық
әні, әннің-әні, ал соны биік тұрғыда
шырқайтын орындаушыны әншінің-әншісі
дейді. Мұндай әннің де, әншінің де орны
бөлек. Пір тұтамыз мұндай өнер иесін...
Міне жоғарыдағы кең өрісті, толғау-
талқы болған, сондағы «қиюдан шауып,
қиысынын тауып» келген «Тұлпардың
қос тізгіні» – деп отырғанымыздың түп-
төркіні осында. Әнді, шығарманы нота
бойынша вокалдық, музыкалық тұғырдан
жоғарғы біліктілік, кәсіби шеберлік игере
отырып, қазақтың дәстүрлі ән-орындау
мектебінің озық үлгілерімен ұштастыру
талабы мен мақсатында машықтану.
Әнді жақсы орындау мен асқақтата
шырқаудың арасы жер мен көктей.
Алдыңғысымен шектелу, орта жолдан
қайту спетті. Бұл осы оқу құралындағы
басты мақсат, «қазақтың классикалық
әндерін академиялық үрдісте орындау
мектебінің»-оқу әтістемелік негізі
болып саналады. Яғни ән, шығарманы
орындаудан бастап, асқақтата
шырқау аралық – жолындағы жүйелі
методикалық нұсқау. Кез келген халық
әнін бұлайша терең, табиғи бояуын
сақтай отырып, дәйекті дәріптеуге баулу,
осы бағытты ұстай білу-бұл ең әуелі уақыт
талабы,ізденіс пен еңбекті керек ететін
вокалдық педагогикалық ілім.
Сөз соңында айтарымыз-
студенттердің кәсіби орындаушылық
96
Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s N1 | 2019
дағдыларын қалыптастырудағы
педагогикалық негіздеріне осы талдама
жан-жақты талқыланылған аталмыш
кезекті мәселелермен айқындап,кейбір
нақтылы ерекшеліктерімен толықтыра
білдік деген үміт, сенімдеміз!
Пікірталас
Белгілі халық әндерін бұрмалауға жол
жоқ
Жүрегіңнің түбіне терең сүңгі,
Содан алған асыл тас тастай көрме.
Абай
«О, жаратқан! Ей адамдар табиғат,
Рахымың мол, әділдікті азат ет.
Пенденің хақ құбылаға барары,
Жасай көрме өз халқыңа қиянат!
Отанды сүй, марқая біл ұлтыңмен,
Ерендігін асқақтата шырқарсың.
Әттеңі мол тұстарына еліңнің,
Азаматтық күрес, үндеу айтарсың!
Жақсылардан нұр шашады, шапағат,
Тегіне тартқан имансыздар, елге жат.
Лағнеті күллі елдің жібермес,
Қара ниет, іздегендер жаманат» [2, 26
б.].
Өкінішке орай, халықтың жүрегінен
терең орын алған «Бренд» байырғы
əндерін, əркімге бір теліп, бұрмалап
жазып, жалған айтып, жымысқы
әрекет жасап жүргендер айылын
жияр емес. Нақтылы тарихи деректер
мен музыкалық, ғылыми тұрғыдан
зерттелмеген, дүдəмəл, жорамалға арқа
сүйеп, білікті мамандардың талқысынан
өтпей айтылған, жазылған (вымысел,
домысел) нəрселерді жариялау, дөрекі
қателік. Қоғамның талай нәрсеге деген
керенаулық, немқұрайлығын әккі
пайдаланып, шаруасын бітіріп жүрген
«пысықтардың» іс-әрекеті «Е-дегеннің
емеурінін танитын» қазаққа көптен
белгілі көрінеді...
Халық жауһарларын əртүрлі,
əркез болып тұратын қисынсыз
бұрмалаушылықтардан қорғай білу,
елдік көзқараспен қарау рухани
дүниемізге деген сүйіспеншіліктен туса
керек. Қазіргі айдай əлемге белгілі
өнер майталмандарының орындауында
тəнті, кең танымал классикалық
əндеріміз «Ақбақай», «Сұршақыз»,
«Екі жирен», «Қарғаш», «Алқоңыр»,
«Назқоңыр», «Ғайни», «Тілеуқабақ»,
«Ауылың сенің Іргелі», т.б. рухани өнер
пирамидасы іспетті, архитекторы халық
(сол пирамиданың бір тасын аударып
ананікі еді, мына жақтікі ғой – деген баз
біреулердің ебедейсіз əрекетінің ендігі
жерде қандай қисыны бар). Тарихи терең
орныққан, мəртебелі «Халық əндері»
баға жетпес рухани байлық, өз орны,
тұғырында тұрған адамзатқа ортақ өнер
құндылығы.
Сондықтан классикалық кәсіби ән
орындау мектебінің (вокалдық) негізі
болып отырған халық әндерін жұлқылай
тартпақтау – өнерсүйенр қалың елдің
алаңдаушылығын тудырып отыр.
Жоғарыда айтылған классикалық халық
әндерінің поэтикалық мәтінінің өзі әр
заман, әр уақытта, әртүрлі авторлардың
(сазгерлердің) кең байтақ жеріміздің әр
тарапынан әр өңірде шыққаны көренеу
көзге көрініп тұр. Иә, ғасырлар бойы
халық елегінен өтіп, көптеген әндердің
бастапқы нұсқасы мұлдем өзгерді.
Сөйтіп халық әні болмысына айналуы
– бұл өнердегі рухани үрдіс. Одан
бергі дәуір мен ғасырда профессионал
зерттеушілер, композиторлар сол
әндерді кәсіби тұрғыда өңдеп, нотаға
түсірді. Бұл тарихи кезеңнің нәтижесінде
классикалық дүниеге айналып,
ол профессионалдық дәрежеде
насихатталды, дәріптелді.
97
Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s N1 | 2019
Халықтың рухани айнасы белгілі
классикалық әндерінің неге бұлай
бұрмалауына зер салып, саралап, осы
уақытқа дейінгі айтылған, жазылған
тұжырымдардың байыбына үңілсек
шынында да сонау сексенінші
жылдардың екінші жартысынан
бастап, қазақтың асыл қазынасына
айналған небір ән-жырларымызды,
негізінен бір адамның төңірегіне соны
дәріптеу мақсатындағы әрекет, іс-
шаралар екенін көреміз. Жарық көрген
білікті мамандардың, ғалымдардың
зерттеулеріне, жанайқайларына назар
аудара отырып осыған көз жеткіздік. Ел
құлағын елең еткізген Б.Тәжібаевтың
«ашық хаты» айтулы жағдайдың мән
жайын әу бастақ ашып берген екен ғой.
М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер
институтының Қолжазбалар қорында
сақталған Бәкір Тәжібаевтың «Халық
қазынасы талан-таражға түсе бере ме?»
[3]. Ауқымды жан-жақты зерттеліп халық
мәдени мұрасына деген жанашырлық
пен, шынайылықпен жазған осы бір
ашық хатқа дес берелік. VIII бөлімнен
тұратын сол хаттың классикалық
әндеріне байланысты II,ІІІ,IV,V бөлімін сол
күйінде толықтай ұсынуды жөн көрдік.
ІІ
Ең алдымен, сиықсыз, сұрықсыз
жайларға кешірек қосылса да, бірақ
белсенділік танытып келе жатқан Қазақ
радиосының «насихатына» тоқтап өтейік.
Эфирден беріліп жатқан көптеген халық
әндері «пәленшелердің», «түгеншелердің»
атымен, яғни «пәлен» Серінікі, «түген»
Серікіні деп берілуде.
Мысалы, халық әндерінен «Жиырма
бес» Салғарінікі, «Ләйлім», «Ғашығым»,
«Бурылтай» Біржандікі, «Қара торғай»
(Сырдың халық әні), «Алтыбасар»
Ыбрайдікі, «Гауһар тас», «Ғайни», «Бес
қарагер», «Әйкен- ай» Сегіздікі, «Топай
көк», «Ардақ» Жарылғапберлінікі, «Юран»
Естайдікі, «Сұржекей», «Шәпибай- ау»
Жаяу Мұсанікі, т.б болып бұрын- сонды
атақты әншілердің орындауында
лентаға жазылып алынған. Жоғарыда
аты аталған халық әндері бүгінде
диктордың жаңа «алғы сөзімен» күнбе-
күн эфирден беріліп жатыр. Сонда радио
басшыларына мұндай «жомарттыққа» кім
берді екен? Ол жағына ақыл жетпейді?.
Қазақ халық композиторларынан
жоғарыдағы маржан әндерді қызғану
емес, оларға «телінген» әндердің стильдік
және мазмұн жағынан келмеуін кейбір
адамдар неге ойластырмай отыр?
Олай ойламайтыны- тек әркім өз ата-
бабасының атақ- даңқын шығаруға
(мұны тарихшылар «трайбализм» деп
жүр) жан аямай, көз жұмбайлық әрекет
жасауында болар деген тұжырымға
келмеске ылаж жоқ.
Жалпы айта кетер нәрсе, аты
мәлім халық композиторлары музыка
тарихынан өз орындарын алған.
Олардың өз төл шығармалары өздеріне
жетеді. Олар жаман- жақсаусыз- ақ
халқына қадірлі! Олар туралы академик
Ахмет Қуанұлы Жұбанов «Ғасырлар
пернесі», «Замана бұлбұлдары», «Ән- күй
сапары» атты құнды дүниелер жазып
кетті [4]. Атақты А. Затаевич те бұл
турасында көл- көсір еңбек етті [5].
ІІІ
Содан соң ғана шындыққа бой
ұсынып, халық әндеріне, күйлеріне
араша түсе алар еді. Мысалы, «Ләйлім»
Біржандікі емес. Бұл ән Біржанның
«Ләйлім шырағанан» интонациялық
жағынан да, шығу негізі, туу мотиві
жағынан да тым шалғай жатыр. Өйткені
Біржан «Ләйлім шырағының» өз
өмірбаяны бар... Ал «Ләйлім» - лирикалық
халық әні.
Сол секілді Біржан «Ғашығында»:
98
Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s N1 | 2019
Дариға- ай, дүниеге неге келдім,
Келдім де бір жетімтіктің соңына
ердім...-
деп айтуға тиіс емес. Ән сазы қыз
аузынан шыққаны танылып тұр...
Тағы да халық әні «Бурылтай»
турасында А. Жұбанов: «Біржан әнінің
аты «Бурыл» болған. Бір қатар кісілер
«Бурыл» болса, «Бурылтай» да болар деп,
«Бурылтай» деп атап кеткен. Біздіңше, ол
дұрыс емес» [4, б. 49].
Эфирден беріліп жүрген «Юран»
әнінде:
Осы әнді Юран деген қыз айтыпты
Баласы басқа адамның салаған
емес,-
болып айтылса, ән авторларының кім
екендігі өзінен - өзі ашылмай ма?!»
«Алтыбасар» Ыбырайдың
творчестволық почеркіне
келіңкіремейді...
Біз, әрине, «Алтыбасарды» Ыбырайды
кимаудан аулақпыз. Бірақ авторы
белгісіз әндерді әбден шындығына
жетпей біреуге тели салудан да аулақпыз
[4, 196 б.]. «Ыбырай әндерінің тізімінде
«Қараторғай» деген ат бар... Әннің сөзіне
қарағанда біз білетін «Қараторғайдан»
басқа музыкасы бар сияқты!» [4, 201 б.].
Ахмет Жұбанов тағы бір сөзінде:
«...Кейбіреулер қазақтың ежелгі
қанына сіңген , әлі күнге арыла алмай
келе жатқан жерлестігіне тартып, жақсы
ән, жақсы күй болса, өзінің аталасына,
ауылдасына жапсырады» - деген [4, 203
б.]. Ахаң айтып кеткендей, халқымыздың
өзімен бірге жасасып келе жатқан, небір
маржан дүниелер «Қазақ әндері» жинағы
қаншама басылымдар көріп, көпшіліктің
рухани азығына айналса да, бүгінде сол
дүниелер талан-таражға түсіп, әркімге
танылып, республикалық радио мен
баспалардағы, газет журналдардағы
кейбір адамдардың құлшына кірісуімен
өз жерлестеріне зорлап беріліп, ғылымға
да, заңға да кереғар іс істеліп отыр.
Сол айтылған заңсыздықтың
құрбандары: «Сұржекей», «Шәпибай-
ау», «Ардақ» , «Топай көк», «Гауһар тас»,
«Ғайни», «Бес қаракер» , «Әйкен-ай»,
«Қарғаш», «Балқурай», «Сырғақты», тағы
басқа әндер.
Мысалы, Қуан Лекеров айтқан «Топай
көктің»:
«Жарылғап ескі әншінің маңғазы еді,
Әнді ерттеп, күйді мінген ардагері.
Осы әнді Көкшетаудан есіттім деп,
Баянға алып келіп жайған еді», -
деген әннің сөздері кімнің аузынан
шыққанын көрсетіп тұрды [4, 387 б.].
«Жарылғапберді өзі ән шығармаған,
бірақ қатарынан озған әнші-орындаушы
болса керек. Міне, оның репертуарынан
«Қали», «Шама», «Топай көк», «Ардақ»,
«Келіншек», және басқа әндер алады»
[4, 352 б.]. «Сондай-ақ «Сырғақты» әнін
Ыбырайға жапсырудың ешбір орны жоқ,
ол әннің Әсеттікі екені әлдеқашан белгілі.
Ыбырайдың «Балқурайы» атанып кеткен
ән де біз білетін «Айман-Шолпанға» енген
«Балқурай» емес, тек аттас» [4, 203-204
бб.].
IV
Ендеше А. Затаевич жинап, тілхатқа
(нотаға) түсірген сан мындаған халық
ән-күйлерін, А. Жұбанов жазып кеткен
халық композиторлары шығармаларын
қайта тексеріп (ревизиялап), авторлығын
бұрмалаудың қисыны жоқ, тіпті,
заңсыздық дейтініміз де сондықтан.
Халық композиторларының бәрі де, ең
алдымен, халық мұрасынан сусындаған.
Орындаушы әншілер туралы да академик
А. Жұбанов көп жазды. Сол көп
орындаушылардың бәрі бірдей ән мен
күйге автор болып кете алмайтынын да
дәлелдеген.
Ауызекі дәстүр бойынша кейбір
адамдар «ата-бабам шежіресі» деп,
99
Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s N1 | 2019
академияға күллі ел айтып жүрген
аңыз, ән-күй, жыр, мақал-мәтел,
шешендік сөздерін жинап көл-көсір етіп
тапсырады. Және де бәрінен бұрын өз
«болжамын» шындыққа саяды. Талай
ғасыр өтіп кеткен өз көзімен көрмеген
әлгі аталарының атағын шығарам деп,
газет-журналдарға «Ел аузынан» деген
айдар тағып жариялап, тіпті кітаптарға да
енгізуде...
Мұндай болжамдардың теріс,
дұрысы турасында академик, жазушы
Мұхтар Әуезов тарихи өлеңдердің
авторлары көбінесе сол оқиғаларды
көзімен көрген тұстастары деп, әділ,
тап басып айтса, ал өз көзімен көрмей-
ақ, әркімнің долбары мен біздің бүгінгі
тұстастарымыздың бірі Қаратай Биғожин
Сегіз сері Байрамұлы Шақшақов
«қалдырған» деп, «Керей шежіресі»
деген қолжазбасын Қазақ ССР ғылым
академиясына тапсырған. Сол бойынша
академияның ғылыми қызметкері Гүлшат
Тұрсынова «Қаратаудың басынан көш
келеді» («Елім-ай») деген мақаласын
«Мәдениет және тұрмыс» журналына
(№6, 1981 жылға саны) жариялаған
[5, 124 б.]. Сол мақалада халықтың
белгілі «Елім-айын» ерлі-зайыптылар
Қожаберген жырау (өлеңін), соның әйелі
Айша (әнін) шығармапты-мыс... Бұл
адамдар Омбы жағынан Сыр бойына
«қайындап» келгенде айтса керек.
«Елім-айдың» қанша нұсқасы болса да,
айтушысы халықтың өзі. Ән – «Ақтабан
шұбырынды» кезінде, импровизациямен
шыққан зар. Оның қаншама нұсқасын
қаншама адам айтса да, тарихта ел
білетін бір ғана түрі халыққа кең
жайылған. Ендеше «Елім-айға» жаңа
автор іздестірудің тіпті де жөн-жосығы
жоқ. Осындай «жаңашылдықтың»
кесірінен «Елім-ай» әні «Қазақ әндерінің»
кейінгі басылымдарына кірмей қалып
жүр...
V
«Әркім білгенін биік қояды» дегендей,
біз өмір сүрген дәуір ғасырлар бойы
жырланып келе жатқан халқымыздың
асыл мұралары – «Қыз Жібек», «Қозы
Көрпеш – Баян Сұлу», «Айман – Шолпан»,
тағы басқа таңғажайып дастандарын,
жырларын, ән-күйлерін теліген бұл
күнге дей»н аты елге мәлім емес
Сегіз дегенді тауып алып,тарихи тұлға
ретінде көрсеткісі келетіндер тобы
радиоға,газеттер редакцияларына
бірінен соң бірі ықпал етуде және
науқандық жұмысында олар ешбір
кедергісіз ойындағыларын елге әйгілеп
үлгереді.
Сонда Сегіз сері дегендері кім?
1) «Қазақ әдебиеті» газетінің
1977 жылғы 1 шілде күнгі санында
Е.Жақыповтың «Сегіз Сері» деген
мақаласы жарық көрді [6]. Қазақ
тарихында ешқандай прогрессивтік рөл
атқармаған Шақшақ бидің немересі,
Баймұралы Мұхаммедқанафия дегенге
Омбыдағы кадет корпусын бітіріп,
Шоқан туған жылы сол Мұхаммедқанфия
Байрамұлы Шақшақов «Қыз Жібек»,
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Ер Тарғын»,
«Айман – Шолпан» дастандарын, «Гаухар
тас», «Ғайни», «Қарғаш», «Әйкенай» ,
«Ақбұлақ» әндерін шағарады-мыс.
Бұл қалай? Қашқын офицерді іздеуші
болмаған ба?
Ал, Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» повесінде:
«Cегіз сері» деген Омбыға тақау
Қызылжар жерінде,өз елінде емін-
еркін салдық құрып жүрғой! Әлгі
қашқын Мұхаммедқанафия Байрамұлы
Шақшақов қалайша Сегіз сері атана
қояды? Шақшақов туралы да,Сегіз
туралы да тілдей болса да деректі
документ бар ма екен? Бар болса неге
айтылмайды? Ал Мұхаммедқанафия
да деп жүргендері – Шоқан
100
Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s N1 | 2019
(Мұхаммедқанафия) Уалиханов. Сонда
Сегіз дегендері «мата даңқымен бөз
еткеніме?...» [7].
Қалайша екі ғасырға жуық уақытта
қазақ халқы жоғарыда аталған сөз
асыл қазынасының «авторын», яғни
Шақшақовты атамаған? Ау, атадан
балаға мұра болып келе жатқан
халқымыздың ауыз әдебиетіндегі інжі-
маржандары ешқандай Шақшақовтікі
немесе Сегіздікі емес,халқымыздың өз
мұрасы емеспе еді!
2) «Қазақ әдебиеті» газеті өзінің
1978 жылғы 3 марттағы номерінде
И. Кенжалиев: (бұлда ғылым
кандидаты) «Cегіз Сері – Шақшақов
Исатай – Махамбет көтерілісіне
қатысқан,көтерілісшілерге кейбір
соғыс тәсілдерін үйреткен» - дейді
[8]. Өзі тарих ғылымының кандидаты
бола тұра,ешқандай жазба дерекке
сүйенбей,тіл ұшымен айта салынған
кіп-кішентай мақала қазақ тарихын
мүлде бұрмалау болып шыққан! «Исатай
– Махамбет көтерілісі туралы талайлар
Рязанов, Шахматов, Жұмалиев тағы
басқалар ғылыми еңбек жазды.
Шөреков ақынның Исатай, Махамбет
туралы дастаны бар. Ол кітаптардың
бірде-біреуінде не Сегіз, не Шақшақов
туралы бір ауыз сөз айтылмаған.
Мұны М.О.Әуезов атындағы
әдебиет және өнер институтының
ғылыми хатшысы, филология
ғылымының кандидаты А. Мусинов
(21маусым1978ж.). Маған жазған
хатында «Cегіз сері жайында әдеби
газетте жарияланған әдебиетші
Е.Жақыпов пен тарихшы И.Кенжелиевтің
мақалалары Академияның да,
институттың да пікірі емес, жеке
өздерінің пікірлері»,- делінген [9].
3) Соған қарамастан «Қазақ әдебиеті»
газеті әлі күнге өзі жазған Шақшақов
Байрамұлы Мұхаммедқанафияны
мүлдем ұмытып, Сегіз сері Шақшақов
деп атап, халық өлеңдерін, «ел аузынан»
алынған деп бұрыштама қойып,соның
атымен жариялап келеді. Шақшақов
бұл күнде Сегіз сері болып кетті.
Шақшақовтың өз атын,әкесінің атын
«Қазақ әдебиеті» мүлде есінен шығарып
алды. Оған телінген өлеңдерінің ақауы
көп». Сондай-ақ әндердің тағдырына
келсек, бұрыннан айтылып келе жатқан
халық әндерінің бірде-бірі музыка
зерттеушісі Затаевич жазған сан
мыңдаған қазақтың ән-күй жинағында
Сегіздікі, не Шақшақовтікі делінбеген.
Сегіз дегеннің – Шақшақ немересі
емес екенін, оның әдеби кейіпкер ғана
екенін, кезінде акдемик жазушы Сәбит
Мұқанов «Халық мұрасы» атты кітабында
(Қазақстан баспасы, 1974 ж.) жазып
қалдырған болатын [10].
Бұдан шығатын қорытынды: «Қазақ
әдебиеті» газетінде Е.Жақыпов, И.
Кенжалиев және басқалар көтерген
Сегіз Шақшақов Байрамұлы
Мұхаммедқанафия емесін С. Мұқанов
зерттеуі растайды. «Сегіз сері» әдеби
кейіпкер дейтініміз де сондықтан.
Сәбеңнің жазбасында «Мақпал-Сегіз»
хикаясын Ілияс Жансүгіров ақын да
дастан еткен көрінеді... [10].
Ендеше, ауыз әдебиетіндегі «алып-
қашпа» сөздерді пайдаланып, халық
мұрасын трік етуге болмас! Ата-бабаның
атын шығаруда өткен тарихты өзінше
өзгертуге ешкімнің де хакысы жоқ
болар! Сондай-ақ «Жершілдік» пен
«Жекшілдіктің» бүгінде ешбір пайдасы
жоқ! Ондайдың тамырына балта
шабылса керек-ті! Осы тұста келешек
ұрпаққа аманатты дұғай сәлеміндей,
тарихтың көлеңкелі тұстарынан сыр
шертетін дуалы хаттың тізгінін тежедік.
Енді бүгінгі уақыт, тандағы аталмыш
өзекті мәселеге байланысты жазылған
дәйекті, нақтылы деректерге тоқталсақ.
101
Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s N1 | 2019
2013 ж. М. О. Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институты Қолжазба
бөлімінің меңгерушісі, филология
ғылымдарының кандидаты Тоқтар
Әлібектің «Ойтамызық» кітабының
«сегіз серіге қатысты сенімсіз
қолжазбалар» атты көлемді зерттеу
мақаласында білікті заманауи
ғалымның көзқарасымен нақтылы
айқындалған [11]. Сол мақаладағы
халық әндеріне байланысты жерінен.
«Қазіргі электронды ақпарат көздерінде
беріліп жүрген «Гаухартас», «Ақерке»,
«Жылой», «Тілеу-Қабақ», «Ғайни», «Илигай»
т.б. бірқатар халық әндері мен ондаған
күйлерді С.Баһрамұлының авторлық
туындылары деуге ғылыми дәлел жоқ.
Қазақтың 1000 әнін нотаға түсіріп,
жинаған әрі зерттеген А. В. Затаевич пен
академик А. Жұбановтың еңбектерінде
Сегіз серінің ән-күйлеріне байланысты
ешқандай мәлімет көрсетілмеген [5].
Сөйтіп, 17-18 жасар бозбала
Сегіз сері 1835-1836 жылдар
аралығында осыншама дастандарды
жырлап,шығарып көптеген ән-күйлерді
дүниеге келтірген болып шығады.
Жеткізушілердің мәліметінше, Сегіз
серінің «Қыз Жібек», «Зейне-Зайып»,
«Қозы көрпеш-Баян сұлу» дастандарын
Жүсіпбек Шайхисламұлы, Мәулекей
Юмачков, Хасен Баба деген адамдар
Қазан қаласынан бастырып, кітап етіп
шығарған. Бұл айтылғандарға ешқандай
дәлел келтірілмейді. Қ.Биғожин
тапсырған «Қыз Жібек» жырының
мәтіні мен Жүсіпбек нұсқасында
айтарлықтай ерекшелітер байқалады.
Сондықтан фольклортанушы-текстолог
ғалым марқұм М. Ғұмарова Қ. Биғожин
қолжазбасына мынадай қорытынды
жасайды:
«Бұл-жарияланып жүрген “Қыз Жібек”
жырының және опералық қойылымының
мазмұнынан алынып жазылған жаңа
туынды. Қиссаның мәтіні бойынша оның
сюжетін пайдалана отырып, жырдың
эпизодтарын құнсыз ұйқастармен,
кейде он жолда бір кездесетін
ұйқас-бос сөздермен, кейде басқа
жырлардың сол сияқты сюжеттерін
алып, орынсыз толтырылған. ...Жыр
жариялауға да, зерттеуге де келмейді.
Кейін құрастырылған, әдемі жырдың
текстін бұзбақ болған әрекет. Мұндай
жырлармен фондыны толықтырудың
қажеті жоқ» [12]. Ал белгілі эпостанушы,
филология ғылымдарының докторы,
сол тұстағы Қолжазба орталығының
меңгерушісі, профессор О.
Нұрмағамбетова М. О. Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институтының
ғылыми қызметкері Т.Қанағатовқа:
«Биғожин Қаратайдан келіп түскен керей
Сегіз сері Бахрамұлы жырлады дейтін
“Қыз Жібек қиссасының нұсқасын” өзіне
қайтарып жіберуі керек» (сол бумада) -
деген нұсқау береді [11].
«Ойтамызық» кітабынан тағы бір
үзінді. “Қазақ фольклорының алтын
қорына қосылған «Қыз жібек», «Айман-
Шолпан» «Қозы көрпеш – Баян
Сұлу», «Қамбар батыр» «Ер тарғын» т.б
жәдігерлерің Сегіз әсері Бахрамулының
шығармашылығына телінуі тіпті
негізсіз болып көрінеді [11]. Себебі
көрсетелген халық мұралары М.
Әуезов. С. Сейфуллин, Ы. Дүйсенбаев,
М. Ғабдуллин, Ә. Қоңыратбаев,
Р. Бердібаев, С. Қасқабасов, О.
Нұрмағанбетова, Ш. Ыбыраев, Е.
Тұрсынов, Т. Сыдықов, М. Ғұмарова, З.
Сейітжанова т.б. ғалымдар тарапынан
зерттеліп олардың айтушы-жыршылары,
жеткізуші-жиналушылары жөнінде
моногарфиялық, библиографиялық
және сипаттамалық еңбектер жазылды.
Бірақ бұл еңбектерде С. Бахрамулы есімі
аталмайды. Сол мақалада Елбасы Н.
Назарбаевтың бастамасымен «Мәдени
102
Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s N1 | 2019
мұра» бағдарламасының аясында
жарық көріп жатқан «Бабалар сөзі» 100
томдық жинағының бел ортасынан орын
алатын «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан»,
«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Қамбат
батыр», «Ер Тарғын» т.б. [13] жырлар
мен дастандардың жалғыз бір тұлғаға
телінуі рухани құндылықтарға жасалған
қиянат болып саналады. Сол сияқты
халықтың ән-күйлері санатындағы
көптеген жәдігерлерді С. Баһрамұлының
авторлығына телу әрекеттері де негізсіз,
ғылымға жат тұжырым болып саналады
[14, 124 б.]. Осы айтылғандарды
түйіндей келе, Сегіз сері мұрасы делініп
жүрген Қ. Биғожин, М. Болатов өткізген
М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институты Қолжазба қорында
сақталған, түп-төркіні белгісіз,
бұрмаланған, сапасы мен көркемдік
деңгейі сын көтермейтін мәтіндерді
[14] жан-жақты, іргелі түрде зерттемей
тұрып, жоғары оқу орындары мен мектеп
оқулықтарына енгізу ертерек деуге
негіз бар. Осы жерде М. Қабанбайдың
ретроспективалық сұхбатынан әрқилы
заманауи құйтырқылыққа байланысты
айтып кеткен терең ойдан шыққан,
көрегендік сөзі ойға оралады...
«Өйткені бұрынғы одақтың қырағы
бақылауы жоқ, өзіміз би, өзіміз қожа
болған соң баяғы кинорежжисер марқұм
Сұлтан Қожықовтың “Қыз- Жібекті”
түсіріп жүріп, қашай салған кино
таңбалы тасынан “әлемдік жаңалық
ашып” масқара болған кезіміздей,
ауадан академик жасап жүрміз»
ретроспективалық сұхбатынан [15, 20
б.].
Өнер тарабында ғасырлардан аса
кең қолданысқа ие халық әндерінен
жинақтар бар. Онда тайға таңба
басқандай Халық әні «Ақбақай», «Екі
жирен». Өңдеген Л. Хамиди. Халық
әні: «Шапибаяу», «Япырай», «Алқоңыр»,
т.б. Өңдеген Б. Ерзакович. Осы
құнды оқу құралындағы «Халық әні»
– деген қасиетті сөз, ұғымды ысырып
қойып орнына (Сегіз сері) өңдеген Л.
Хамиди т.б өңдеген адамдардың аты
жөнін қалдырып, жинақтар шығарып
жүргендер бар. Мысалы: Халық әні
«Ғайни» бір жинақта Жарылғап берді,
ал тағы бірінде сол ән Сегіз сері – деп
өзгертіп жазыла береді [16]. Сонда
ғасырлардан дамып, шыңдалып
жеткен халық әндері оны сол тұрғыдан
бағалап, зерттеп, зерделеп барып
заманауи талап деңгейден өңдеп,
орнықтырған майталмандар қазақ
өнерінің негізін қалаушылардың
еңбегін еш қылуға қандай адамның дәті
барады. Осынау бай мұраны паш еткен
қайраткеркерлердің ерен еңбегі қайда
қалмақ?! Бабалардан қалған мирас
рухани дүние жеке меншікке аударатын
мүлікке (недвижимость) жатпайды. Бүкіл
саналы өмірлерін, кәсіби біліктілігін
сарып еткен адал еңбегін, олар өмірден
өткеннен кейін, негізсіз оңды-солды,
тоғытуға,қыстыруға кімнің қақысы бар?
Бір адамды дәріптеу мақсатында,
әйгілі әндерді жасанды жолмен соған
теліп бұрмалаудан абырой болмайтыны
жайлы айтылып, жазылып та жүргеніне
жарты ғасыр. Ұлы қайраткерлердің
аманат қылып кеткен халық әндерін
жоққа шығарып отырған қандай
зерттеуші. Кәсіби маман, өз ісіне адал
адам мұндай тоғышарлыққа бармас еді
ғой...
Бұрын белгісіз кәсіби тұрғыдан
өңделмеген әндерді жарыққа шығарып,
тыңдаушы қауымға жаңалық ұсынса бір
сәрі ғой...ұланғайыр кең даланың ана
шетімен мына шетіне бір секіртіп жүрген
Сегіз сері дейтін сенімсіз кейіпкерде
ондай бір ән кездеспейді. Халықтың
кәсіби мамандармен бірлесіп, кешенді
түрде әкелген асыл мұрасын шекесінен
103
Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s N1 | 2019
шертіп отырып, бір адамға теліп, алып
беру пиғыл-әрекеті айқайлап тұр?
Жоғарыда Б. Тәжібаевтың хатында
Ғашығым-әнінің Біржандікі емес екені
дәлелденген. Кейін М. Жұмабаевтікі
болып басылып жүр... Буынсыз жерге
пышақ ұрған әулекілікте дауа жоқ екен.
Ал әннің сөзіне жүгінсек,сол баяғы
Дариға дүниеге неге келдім,
Келдім де бір жемтіктің соңына ердім.
Әйел затының шығарғанын өзі-ақ
айтып тұр. Қазақта «Сыңсу» – деген
қыз ұзатқанда дәстүр болған теңіне,
сүйгеніне ұзатпай қалың малға берілген
талай қыздың тағдырынан сыр шертетін
өлең, әуендер, жоқтау т.б.көп болған.
Қазаққа қыз-келіншектің ән, өлең
шығаратыны таңсық болған емес.
Халық әні: «Екі жирен».
Көшкенде жылқы айдаймын
даламенен,
Аулыңа барушы едім аламенен –
деп басталады ғой. Халықтың төл әнін,
біреуге телу үшін, шығарған «Серінің»
– кімнің жылқысын бағып жүріп, кімге
арнағанын дәлелдеу керек емес пе?
Халық әні «Япырай», «Қызыл бидай» А.
Байтұрсыновтыкі делініп, (сегіз сері
болып шыға келгені қалай). Халық әні
«Жылыойдың», Б. Тәжібаевтың «Ақбұлақ»,
Сәдіқожаның «Сары бидай» әндерін
Сегіз серіге ауыстыру әрекеті әрине
делитанттық.
Халық әніне, аса сақ, абай бола
білу өнегесінің көрінісі классик
зерттеушілермізде тамаша айқындалған.
Бірер әннің даудамайы өз алдына.
Қаншама қазақтың классиқалық
әндерін, ол аз болғандай бүтіндей
бір халықтың ғасырлар бойы
қалыптастырған қисса, жырларын дайын
күйі көлдеңен көк аттыға өңгере саған...
Тіпті ойға симайтын нәрсе ғой...
Орыстың халық әндеріне өлеңін
жазған А. Пушкин, М. Лермонтов
немесе романс қылып өңдеген
композиторларының болғаны белгілі.
Бірақ сол орыстың халық әнін әркімге
бір теліп (лақтыру), таратып беру,
тіпті бір адамның атына төңкере
салу сияқты сорақы әрекеттер,
бұл халықта атымен жоқ. Ресейдің
орталық телеканалдарынан орыстың
халық әндерін, вокалист әншілердің
орындауында концерт залдарынан
трансляция жасап жатады. Оған әр түрлі
ұлт өкілдері қатысады.
Тіпті Ә. Қастеев атындағы музейден
(ҚР. МӨМ қорынан) «VII-IX ғасырлардағы
белгісіз орыс суретшілерінің портреттері»
– деген атпен көрме көруге болады.
Бізде де «Назқоңыр» әнінің өлеңін өңдеп
жазған Иса Байзақов болатын. Енді
қашаннан бері оны көлденең келген көк
(серіге) өңгеріп жіберген.
«Адал болмай азаматпын демегін». Б.
Момышұлы.
Халық әртісі, профессор Қаукен
Кенжетаевтың аузынан «Сұрша қыз» –
әнінің Жаяу Мұсаның әні емес екенін
талай естідік. (Ол Жаяу Мұсаның әні
болса, маған да жақсы,аталас ағайын
болып келеміз, бірақ бұл әннің оған
қатысы жоқ–дейтін) [17]. Ардақты
ағаның тағзым етер адалдығы ғой. Ең
алғаш А. Затаевичтың Жаяу Мұсаның
өз аузынан жазып алған сегіз әнінің
ішінде бұл ән жоқ. Болса өзі-ақ айтар
еді ғой. Ғасырлар бойы тыңдаушы
құлағына әбден сіңіп, жүрегінен терең
орын алған, халық әндерін, белгілі
өнер қайраткерлері кәсіби деңгейде
өңдеді. Сол арқылы әлемге классикалық
дүние, музыка әкелуге қайталанбас
үлес қосқан. Ал ол әндерді өз кезеңінде
атақты әншілер орындап, насихаттаған
және ол өз жалғасын табуда. Осынау
замана дәуірлерді шығармашылық жол,
тағдырды бастан өткеріп, баз кешкен
халық әндерінің және оны паш еткен,
104
Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s N1 | 2019
жарыққа шығарған қайраткерлердің
нендей жазығы бар? Авторлық құқ, заң
жалпыға ортақ емес пе. Кешегі жақсы
қағида «Бәрі бірі үшін, бірі бәрі үшін» –
бүгін, «Әркім қара қан басы үшін» деп
ауыстырып алсақ, ол ұлттық сананың
уланғаны емей не?
Бұдан шығар қорытынды:
- Халықтың өз рухани дүниесін өзіне
қимай тартып алудың құйтырқы әрекеті;
- Түп тамыры халықпен біте
қайнасып, «халық айнасына» айналған
байырғы халық әндерін баз біреуге
телу үшін, бұрынғы кәсіби классик
зерттеуші ғалым, өнер қайраткерлерінің
аманат етіп кеткен еңбектерін негізгі
басшылыққа алу арқылы зерттелуі тиіс.
Сегізге байланысты жазылып жүрген
нәрселердің көп жағдайда аталмыш
талапқа кереғар болуы оның негізсіз,
дүдәмәл сын көтермейтін әуесқой әдеби
шығармалар екендігін дәлелдейтін
тұжырымдардың болуы.
- Қазақ халқының бай, қисса,
батырлар жыры, айтыс, тіпті әріден
келе жатқан синкреттік өнер «Қыз
Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» т.б.
Есте жоқ ескі заманнан аңыз көптеген
халқымыздың төл туындыларын бір
сегізге аудару, сол шығартты-мыс деп
телу ешқандай қисынға келмейтіні кез
келген көзқарақты адамға түсінікті болса
керек.
- Кенесары, Жанқожа, Исатай-
Махамбет т.б. «Толарсақтан саз кешіп»,
қазақ халқы үшін жан кештілікпен бүткіл
саналы өмірін сарп еткен қолбасшы
баҺадүрлермен замандас болған адам,
олармен қандай да бір жағдаймен
араласқаны жайлы ешқандай тарихи
деректердің жоқтығын жоғарыдағы
авторлардың қадау-қадау айтқан
айғақты пікірлерінің көңілге қонымды
екені де рас.
- Белгілі халық санасындағы айтулы
халық әндерінен басқа, бірде-бір
әннің «Сегіздікі» болып шықты деп
табылмағанының өзі үлкен күдік
тудырады. Соған қарамастан, ескі,
жарамсыз дәйектерді әлеуметтік
желіде боратып, буынсыз жерге пышақ
ұруды әдетке айналдырғандарға дауа
болмағаны өкінішті-ақ!
- Тарихи-музыкалық ғылыми тұрғыдан
дәлелденбеген, кәсіби мамандардың
дәйекті, сарабынан өтпеген нәрселерді
шынға ауыстырып, сол арқылы жансақ
пікір тудыруды жүйелеп жіберген.
Соның салдарынан көптеген асыл
құндылықтарға сыз түсуде;
- Қазіргі заманауи қоғамдағы
көптеген нәрселерге деген
немқұрайлылықты өз дегендеріне әккі
пайдаланып айтылып,жазылып жүрген
объективтік пікірлермен санаспай
анайылылықпен (лобовым путем)
бір адамды дәріптеудің жолын іске
асырылып келе жатқаны көз қарақты
азаматтардың ашу-ызасын тудыруда.
Халық әндерін халықтың өзіне қимай
бұрмалау қысастығына әділ тойтарыс
берудің үлгісі ретінде бұрыннан, келе
жатқан классификациялаудың үрдісін
біліктілікпен орнықтыра отырып
жазған «Назқоңыр» атты оқу құралы,
кітап болып жарық көрді . Кітаптың
авторлары Т. Жургенов атындағы
ұлттық өнер академиясының кафедра
меңгерушісі, Қ. Р-ның еңбек сіңірген
өнер қайраткері Р. Стамғазиев және
Қ. Р-ның мәдениет қайраткері белгілі
күйші М. Әбуғазы [18]. Қазақ халық
әндерін оның ішінде жоғарыда аталған
Гауһартас, Ғайни, Екі Жирен, Қарғаш
т.б. жалпы саны 80 нен аса әндер
көрсетілген. Бір айтарлығы сол әндердің
кезіндегі қандай өнер дүлдүлдерінің
орындауларында танымал болғанын
сол қайраткерлердің есімдерімен қоса
көрсетілген. Халқымыздың байырғы
105
Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s N1 | 2019
ән жауһарларын айқындап нақтылаған
«Рухани жаңғыру» – аясында түбірлі өнер
халық әндерін, өскелең ұрпаққа жеткізе
білу барысындағы игілікті, тәрбиелік мәні
зор еңбек.
Бұл өзекті мәселеге байланысты біз
үшін ең басты, маңыздысы қазақтың
классикалық ән орындау мектебінің
негізі болып қалыптасқан, тарихи,
қазақи болмысын сақтап жүйелі
орныққан қазақтың классикалық
әндерін дін аман өзінің сара
жолымен болашақта жалғасын табуы.
Аталмыш әндердің академиялық
(вокалдық) орындаудағы орны ерекше
болғандықтан, оның біртұтас (монолиттік)
формасы мен мағынасының жойылмай
ел руханиятына адал қызмет етуі.
Отан ана жер, тілдің егесі қазақ
халқы. Ол тәркілеуге жатпайтын елдің
асыл құндылығы болса, қазақтың
байырғы халық әндері де сондайлық
мәртебелі,киелі,иесі бар, халықтың
рухани құндылығы, оны қолды қылуға,
ешкімнің, ешқашандай хақысы жоқ.
«Азамат деп жүргенің арғы тегімен
бұлданса,азғындықтың белгісі».
Әйтеке би
Халық, ел елегінен, таразысынан
өткен өнер-білім, ілімнің-шындығына
елдік тұрғыдан адал ниетпен қарау
адами парыз болса керек!
Бағы заман ғасырлар қойнауынан
жеткен мирас тарихи қазақ халық
әндерін зерттеп, зерделеп, вокалдық
әлемге ортақ академиялық дәрежеде
орындауға лайықтап, кәсіби шеберлікпен
өңдеп,халық әндері жинағы талай мәрте
жарық көрді. Осынау ерен еңбектің
арқасында қазақтың классикалық
әндері болып, өнер әлемінен өз орнын
тапты. Ең алғашқы фундаментін қалаған
А. В. Зотаевич, Е. Брусиловский, Б.
Ерзакович, А. Жұбанов, Л. Хамиди, М. И.
Иванов-Соколовский, Б. Байқадамов,
т.б.
Халық әндеріне калссикалық
тұрғыдан әр беріп, өңдеу үлгісі де сол
майталмандардың үлесіне жатады.
Олардың «Халық әні» деп танып, аманат
еткен дүниесін, музыкасын көздің
қаршығындай сақтай білу ұлттық сана –
елдік абырой!
Достарыңызбен бөлісу: |