27
Қорытынды
Бүгінде ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңнің қалай өтіп жатқанына бәріміз
куәміз. Президент Қ.Қ.Тоқаев айтқандай. «Азаматтар реформаның нақты игілігін
көруі керек, сонымен қатар оған тікелей қатыса алуы керек.
Ең өзекті
тақырыптар бойынша қазақстандықтарға интерактивті сауалнама жүргізуге
болады. Қазақстандықтар түйткілді мәселелердің шешімін ұсына отырып,
еліміздің жаңғыруына өз үлесін қоса алады.
Қайырымдылық шараларын
үйлестіретін анық және тиімді электронды қызметті іске қосуға болады. Мұның
барлығы цифрлық демократияны дамытудың технологиялық платформасының
негізін құрайды. Дамыған елдер осыған ұмтылуда. Біз әлемдік өркениеттен
қалып қоймауымыз керек. Ұлттық Құрылтайдың
электронды нұсқасын жасау
қажет. Сонда әрбір азамат Жаңа, Әділ Қазақстанды құруға атсалысады», – деді
Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Республика күнін мемлекеттік мереке ретінде атап өту
керектігін атап өтті. Ал Елбасы Тәуелсіздік күнін халық қаһармандарын еске алу
күні ретінде атап өтуді және оны мемлекеттік мерекелер қатарына қосуды
ұсынды.
2022 жылғы қыркүйекте Парламент Сенаты «Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық
актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
заңға
өзгерістер мен толықтыруларды қабылдады. Нәтижесінде 25 қазан Республика
күні мемлекеттік мереке, ал 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке
ретінде белгіленді.
«Осы заңға сәйкес 25 қазан мемлекеттік мереке, Республика күні
болып
бекітілді. Бұл тарихи және өте маңызды шешім. Еліміздің тәуелсіздігі шынымен
де осы күннен басталады. Сондықтан бұл күннің мемлекеттік мереке ретінде
бекітілуінің өзі мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам болып
табылады. Болашақта ұлттық мереке – Республика күні ел
тәуелсіздігінің
нығаюына және танымал болуына септігін тигізеді.