Абдуллина г. К



Pdf көрінісі
бет30/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

Механикалық 
дислалия 
перифериялық 
тілдік 
аппараттардың 
органикалық кемістіктеріне байланысты мынандай түрлері бар: тіл асты 
(уздечка) қысқа болуы; жақтың кемістігінен аномалиялық жағдайлар - 
прогнатия үстіңгі жақтың шығыңқы болуы, прогения астыңғы жақтың 
шығынқы болуы.
Қызметтік (функционалдық) дислалия көп жағдайда төмендегілерге: 
баланың отбасында сөйлеудің бұрыс тәрбиеленуіне (баламен сөйлесу 
кезінде үлкендердің асыра еркелетіп «бала тілін» қолдану); баланы 
қоршаған жақын адамдарының дыбысты дұрыс дыбыстамауына; 
педагогикалық салғырттыққа, фонематикалық тәрбиелеудің жетілмеуіне 
байланысты. Сондай-ақ қызметтік дислалия кіші мектеп жасында екі тілді 
бірдей уақытта меңгеретін балаларда және де екі тілдік жүйе 
дыбыстарының сөйлеу кезінде араласуы байқалуы мүмкін.
Жақ сүйектерінің дұрыс орналаспауы да дыбыстың бұзылуына 
әкеледі. Бұл бұзылуларды бірнеше вариантқа бөлуге болады: прогнатия 
және прогения. Прогнатия– жоғарғы жақ сүйегі алдыға қарай шығып 
тұратын болса соның нәтижесінде төменгі алдыңғы тістер үстіңғы 
тістермен жанаспайды. Прогения – төменгі жақ сүйегі алдына шығып 
тұратын болса. Ашық формада болуы, яғни алдыңғы тістердің жоғарғы тіс 
пен төменгі тістің арасында ашық орын болғанда. Кей жағдайда сол жақ, 
кейде оң жақ, кейде екі жағында тістері қосылмауы мүмкін. 
Тістің дұрыс орналаспауы. Функционалды дислалия артикуляциялық 
аппараттың қызметіне байланысты емес, яғни баланың тілін семьяда дұрыс 
тәрбиелемеу негізінде туындайтын кемістіктер.
Себептері: 


70 
1. тәрбиенің дұрыс болмауы жанұяда, 
2. еліктеу, 
3. ата-анасының әртүрлі тілде немесе бала тілінде сөйлеуі, 
4. педагогикалық немқұрайлылық. 
Сонымен қатар дыбыстың кемшілігі баланың артикуляциялық 
аппаратының жеткілікті түрде қызметін атқара алмауынан. 
Артикуляциялық аппарат: тіл, ерін, төменгі жақ сүйегі. Сонымен 
қатар құлағының есту қабілетінің төмендегінен болуы мүмкін. 
Дыбысталуының бұзылуының 10 % - осы себепке байланысты. Ұзақ уақыт 
бас ауруы түрінде өтетін дислалияның себебі ақыл-ой кемістігінен болуы 
мүмкін. 
Дислалияның түрлері. Сөйлеу тілі мүшелерінің күрделі қимылдарын 
және тілдің қатысуын онша көп керек етпейтін («м», «н», «т», «п») 
дыбыстары сирек бұзылатыны, ал басқа дауыссыз дыбыстардың кез келгені 
жиі бұзылып айтылатындығы байқалады. 
Әсіресе сөйлеу тілі мүшелерінің қиын айтылатын («р», «л») тіл 
дыбыстары, ысқырық («с», «э», «ц» және ызың («ш», «ж», «ч», «щ») 
дыбыстары жиі бұзылады. Әдетте қатан және ұяң дауыссыздар 
сыңарларымен қоса бірдей бұзылады. Мысалы: бала «с», «з» дыбыстарын 
дұрыс айтпаса, ауа олардың жіңішке сыңарларының да ақауы болады. «Р», 
«л» дыбыстарының ғана жіңішке сыңарлары көбінесе дұрыс айтылады, 
өйткені бұл дыбыстардың жіңішке сыңарлары сөйлеу тілі мүшелерінің 
ыңғайына қарай келіп түрады. 
Баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың бұзылуы әртүрлі болады, 
мысалы, кез келген бір дыбыс сөз ішінде айтылмай түсіп қалса, ая қойсы 
бірі оларды бурмалап немесе басқа дыбыспен алмастырып айтуы мүмкін. 
Бұзылудың осы түрлерін жеке-жеке қарастырып көрейік. Сөйлеу тіліндегі 
дыбыстардың түсіп қалуы сөздің басында, ортасында және аяғында кездесуі 
мүмкін. Мысалы: «ракета-акета, тарақ-таақ, батыр-баты». 
Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуы бұрмалаған кезде тіл 
дыбыстарының жүйесінде болмаған түсініксіз дыбыстарды шығарады. 
Мысалы: «Р» дыбысын айтқанда жұмсақ таңдайдың артқы жағынан шеті 
дірілдеп, қырылдаған дыбысын немесе кішкентай тіл тербеліп, көмейден 
ырылдаған тұрпайы «р» дыбысы, тілін шайнап «с» дыбысын, тілін бұрап бір 
езуін «ш» дыбысын, еріндерінүрлеп «л» дыбысын шығарады. 
Тіл дыбыстарының жүйесіндегі бір дыбыс екінші дыбыспен 
алмастырылып айтылады. Алмастырулардың мынандай түрлері болуы 
мүмкін: 
1. Жасалу жолдары жағынан ұқсас, сөйлеу тілі мүшелеріндегі 
айтылуында айырмашылығы бар дыбыстар алмастырылады, мысалы тіл 
арты «қ» түзелмелі (шұғыл)дыбыстарын тіл алды «т», «д» шұғыл 
дыбыстарына алмастырылады («камила – тамила», «гүл – дүл»). 


71 
2. Сөйлеу мүшелеріндегі айтылуы ұқсас, жасалу жолдарының 
айырмашылығы бар дыбыстар алмастырылады мысалы, тіл алды «с» 
дыбысы тіл алды «т» дыбысына алмастырылады «сабын - табын».
3. Жасалу жолдары ұқсас, ал сөйлеу тілі мүшелерінің әрекеті бойынша 
айырмашылығы бар «с» дыбысына алмастырылады. Мысалы: «Самат-
Фамат», т.б.
4. Сөйлеу тілі мүшелеріндегі айтылуы мен жасалу жолдары ұқсас 
дыбыстар дауыстың қатысуымен шығатын дыбыстармен, мысалы: ұяң 
дыбыстар қатаң дыбыстармен алмастырылады, мысалы «болат - полат», 
«қозы - қосы».
5. Жасалу жолдары ұқсас дыбыстар мен сөйлеу мүшелерінің белсену 
әрекеттері бойынша шығатын дыбыстар жуан және жіңішке белгілерімен 
айқындалатын дыбыстармен, мысалы: жіңішке дыбыс жуан дыбыспен, жуан 
дыбыс жіңішке дыбыспен алмастырады «пяз - паз», «ерік - ерық». 
Сөйлеу тілінде айтылуы бұзылған дыбыстардың мөлшері бойынша 
дислалия қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Егер сөйлеу тілінің 
айтылуында бұзылған дыбыстардың соны төртке дейін болса, оны 
қарапайым, ал одан көп болса күрделі дислалия дейді. Егер сөйлеу тілінің 
айтылуында бұзылған дыбыстардың ақаулықтары дыбыс шығарудағы 
сөйлеу тілі мүшелерінің әрекетіндей бір топтағы (мысалы, ысқырықтар) 
дыбыстарда болса, оларды мономорфиялық дислалия дейді. Егер бұндай 
ақаулықтар дыбыс шығарудағы сөйлеу тілі мүшелерінің әрепетіндегі 
бірнеше топтардағы (мысалы, ротацизм, сигматизм және ламбдацизм) 
дыбыстарда болса, оларды полиморфиялық дислалия дейді. 
Белгілі бір топтағы дыбыстардың айтылуындағы ерекшеліктерін қарай 
дислалия мынадай түрлерге бөлінеді: 
1. Сигматизм гректін сигма деген әртінің дыбысталуымен ысқырық 
(«с, сі», «з, зі», «ц») және ызың («ш», «ж», «ч», «щ») дыбыстарының айтылу 
мүкістіктерін білдіреді. Мүкістіктер – сөйлеу тілінде дыбыстардың 
айтылуындағы ең көп талаған түрлері. 
2. Ротацизм гректің ламбда деген әрпі «р» дыбысын білдіреді «р, рі» 
дыбыстарының сөйлеу тілінің айтылуында болатын мүкістік. 
3. Ламбдацизм гректің ламбда деген әрпі «л» дыбысын білдіреді «л, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет