Тапсырмалар 1 – ші тапсырма Сурет 1 - ші Тапсырманың сипаттамасы:Әрбір сөздегі бірінші дыбысты айт; айтылу
бойынша дыбысты бөл; бұл дыбыс дауысты ма, әлде дауыссыз ба екпінін
анықта.
Нәтижелерді бағалау. - 4 ұпай - бала өз бетімен еш мүлтіксіз барлық сөздердегі бірінші
дыбысты айтып шықты, оны айтылу бойынша бөлуі, үлкендердің
көмегінсіз бірінші дыбысқа (дауысты, дауыссыз) сипаттама беруі.
- 3 ұпай - тапсырманы орындағанда бала 1-3 қате жіберді, бірақ
тәрбиешінің көмегімен орындап шығады.
- 2 ұпай - бала 3-тен көп қәте жібереді, тапсырманы орындағанда
үлкендердің көмегі қажет болады.
- 1 ұпай - бар тапсырмалар үлкендердің көмегімен орындалды.
Дыбыстарды сипаттағанда бала шатасады.
- 0 ұпай - бала берілген тапсырманы мүлде орындай аламады.
2-ші тапсырма Сурет 2 - ші бойынша жасыл, қызыл, көк және ақ түстерді анықтау.
Тапсырманың сипаттамасы:Сөздерді топтарға бөл: 1 топ – бір буын, 2
топ – 2 буын, 3 топ – 3 буын болатын. Сөздерге дыбыстық талдау жаса,
мысалы: раушан, өрік.
Нәтижелерді бағалау. - 4 ұпай - бала сөздерді (буынның санына байланысты) жылдам және тез
топтарға бөлуі. Өз бетімен дыбыстық талдау жасайды, дыбыстарға толық
сипаттама жасайды, сөздерді буындарға бөледі, екпінді дыбысты дұрыс
анықтайды.
- 3 ұпай - бала сөздерді буынға бөлгенде 1-2 қате жібереді, өзі сөздерге
талдау жасады, егер қате жіберіп алса, өзі түзетіп отырды. Сөздерді
буынға бөлгенде моторлы компоненттерді қолданады.
- 2 ұпай - тәрбиешінің көмегімен дыбыстық талдау жасайды. Сөздерді
буынға бөлгенде біраз қателіктерді өзі түзейді. Сапалық сипаттаманы
тәрбиешінің көмегі арқылы береді.
119
- 1 ұпай - барлық жұмыс тәрбиешінің көмегімен, үлгісімен жасалады. Бала
сөздерді буынға бөлгенде бір топқа бөле алмайды. Өз бетімен дыбыстық
талдау жасауға қиналады.
- 0 ұпай - бала берілген тапсырманы орындай алмайды.