Диссоциациялану дәрежесі. Диссоциация қайтымды процесс болғандықтан ерітіндіде
иондармен қатар диссоциацияланбаған молекулалар да болады. Иондарға ыдыраған молекулалар санының жалпы еріген молекулалар санына қатанысы диссоциациялану дәрежесі (α) деп аталады: α = N n осындағы: n – диссоциацияланған молекулалар саны; N – еріген молекулалардың жалпы саны. Электролиттің диссоциациялану дәрежесі бөлшек санмен немесе процентпен көрсетіледі. Диссоциациялану дәрежесі электролиттің күшін сипаттайды. Диссоциациялану дәрежесінің мәні бойынша электролиттер үш топқа бөлінеді: 1. Күшті электролиттер.Олардың α >30% болады. Күшті электролиттерге суда жақсы еритін тұздар, күшті қышқылдар, күшті негіздер (сілтілер) жатады. 2. Әлсіз электролиттер. Олардың α < 3 % болады. Әлсіз электролиттерге әлсіз қышқылдар, әлсіз негіздер (аммоний гидроксиді және суда ерімейтін гидроксидтер), суда нашар еритін тұздар жатады. 3. Күші орташа электролиттер. Олардың диссоциациялану дәрежесі 3 %< α< 30 % болады. Мұндай электролиттерге жатады: фосфор қышқылы, магний гидроксиді, фторлы сутек қышқылы, күкіртті қышқыл және т.б. Электролиттің диссоциациялану дәрежесіне мына факторлар әсер етеді: 1 Еріткіштің табиғаты. 2. Еріген зат табиғаты. 3. Температура. 4. Ерітінді концентрациясы. 5. Бір текті ион.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus) Басылым: екінші Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым