Дәрістер Химия пәні және мақсаттары. Химияның негізгі түсініктері мен стехиометриялық заңдары



Pdf көрінісі
бет68/71
Дата22.02.2024
өлшемі2.16 Mb.
#492785
түріҚұрамы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
лекции химия

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті
 
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
 
Басылым: екінші
 
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым 
онша үлкен емес (0,004 атм), бірақ биологиялық процестерде маңызды роль атқарады. 
Онкоқысым концентрация жоғарылағанда әжептәуір жоғарылайды және былай есептеледі:
Р=СRТ/М+kС

Мұндағы: 
Р - осмос қысымы; 
С - массалық үлес; 
R - газ тұрақтысы; 
Т - абсолют температура; 
М - мольдік масса; 
k - константа. 
Бұл теңдеу бойынша полимерлердің мольдік массасы неғүрлым жоғары болса, осмос 
қысымы соғүрлым төмен болады. 
Онкоқысым судың ұлпалық сұйықтықтан қанға өтуінде маңызды роль атқарады. Бұл 
жағдай плазманың молекулалық массасы кіші заттарының, негізінен, электролиттердің ұлпа 
сұйықтығындағы осмостық белсеңділігінің өте төмен болуымен түсіндіріледі, себебі олар 
қан тамырлары арқылы кедергісіз өте алады. Адам қанының онко- немесе коллоидтық осмос 
қысымы шамамен 30 мм с.б. бойынша. Ал ұлпа сұйықтығының және лимфанікі шамамен 10 
мм с.б. Екеуінің арасындағы айырмашылыққа байланысты су лимфадан қанға өтеді, яғни 
ақуыздың концентрациясы жоғары жаққа ауысады. 
Егер қандағы ақуыз мөлшері төмендесе (патологиялық жағдайда), қан мен ұлпа 
сұйықтығының онкоқысымының арасында айырмашылық пайда болады. Сол себепті су 
қысым жоғары жакка қарай ауысып, ұлпаларда тері асты клетчаткасының ісінуі 
(онкотикалық ісінуі) туындайды (аштық ісіну немесе бүйректік ісіну). Жанды ұлпаларда 
ақуыз ерітінділері және олардың тұздарымен қоса кәдімгі электролиттердің (NaСІ, КСІ, 
СаСl, NаНС0
3
, Nа
2
НР0
4
) иондары да болады. Адам ағзасында электролит ерітінділерінен 
бөлінген (жасуша мембранасы арқылы) ақуыз тұздарының болуы электролиттердің қайта 
бөлінуіне және соған сәйкес мембрананың екі жағында осмос қысымының өзгеруіне әкеледі. 
Электролиттердің қайта бөлінуі мембрана тепе-теңдігінің теңдеуіне бағынады (Доннан 
теңдеуі): 
Х=С
2
(С)
/(С
i
+2С
(С)

Мұндағы: 
С
с
- сыртқы концентрация (электролиттің) 
С
i
- ішкі концентрация (электролиттің) 
X - мембрана арқылы жасушаның ішіне өткен электролит иондарының мөлшері 
Мембрананың екі жағында электролит ионының бөлінуінің үш түрлі жағдайы болады: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет