Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(66), 2020 ж.
321
- әсер ету процесі;
- әрекетсіздік процесі;
- жәрдем ету процесі.
Өзара әрекеттесу әсері авторитарлық тәсілге тән және педагогтың мінсіздік үлгісіне сәйкес бала
тұлғасын қалыптастыруға деген ықыласында көрінеді. Ынтымақтастықтың бұл түрі
жиі мектепке
дейінгі білім беру тәжірибесінде кездеседі.
Әрекетсіздік либералды немесе формальды типтегі тәрбиешілерге тән. Педагогикалық процесті
формалды ұйымдастыру, балалардың өмірлік белсенділігін педагог тек қана өзіне жүктелген
функцияларды жүзеге асыратындығымен көреді. Әрекеттесудің
әдістері мен формалары
жалпыланады, «орта» балаға арналған, педагог
балалар проблемаларына енбейді, педагогикалық
процесс мәселелерін үстірт түрде шешеді. Ынтымақтастықтың бұл түрі
- ең қауіпті және, өкінішке
орай, бірқатар себептерге байланысты балабақша тәжірибесінде бар.
Жәрдем ету процесі өзара іс-әрекет ұйымдастыруда тұлғаға бағытталған
тәсілдемеге тән және
педагогикалық процесс қатысушыларының позицияларын, яғни педагог
пен балалардың субъект-
субъектілі қарым-қатынастарын барынша қарастырады. Осы өзара әрекеттесу жолымен педагог жеке
мүдделерді, қарым-қатынастарды, балалардың дербестігін ескеретін тәсілдер мен формаларды және
өзара қатынастар мен ынтымақтастықтың кең ауқымын ұсынады [5, 79 б.].
Жәрдем ету процесі іс жүзінде жүзеге асуда қиын, өйткені педагог өз ісінің міндеттерін анықтап
қана қоймай, сондай-ақ баланың өз міндеттерін қалай қабылдайтынын есепке алады.
Достарыңызбен бөлісу: