Болаттарды электр пештерінде қорыту. Бұл əдіс жоғары сапалы
көміртекті жəне қоспаланған болаттар мен ферро қорытпаларды қорыту
үшін кең қолданылады. Себебі электр пештерінде мартен пештеріне
қарағанда жоғарырақ температуралар жетілдіруге болады. Сонымен
қатар электр пештеріне отынның жағылуы үшін ауа үрленбендіктен
пештің атмосферасы тотықтандырғыш болмайды. Сол себепті болатта
темірдің
шала
тотығының
FеО
мөлшері
төмендейді
де
тотықсыздандырғыштардың шығыны жəне қоспалайтын элементтердің күюі
азаяды. Болатты қорыту үшін электр пештердің екі түрі болады: доғалық жəне
индукциялық. Доғалық электр пештерінде (негізді жəне қышқылды) болатты
қорыту шихтаны қыздыру жəне балқыту электр доғаның əсеріне негізделген.
Доғалы электр пеш трансформаторы арқылы үш фазалы токпен
қоректендіріледі. Пеш транформаторының екінші оралымына электрод
ұстағыштар арқылы графидты немесе көмірлі электродтар қосылған.
Шихта балқығаннан кейін металл шихтасы жəне сұйық металлдың
шомылығы ток өткізгіш міндетін атқарады. Пешке жұмыс терезесі
арқылы немесе пештің төбесі алынғаннан кейін салынатын шихта
негізінен металлдың сынықтарынан тұрады. Дайын сұйық пештен
науаша жəне өңеші арқылы шығарылады. Металлды шығару үшін пеш
аунақшаларға тірелген доға тəрізді сегменттің арқасында бұрылады.
Шихтадағы қоспаларды тотықтандыру үшін балқыған шомылыққа темір
рудасы жəне от қабыршықтар салынады. Алқа жетті қожды
қалыптастыру үшін флюстер салынады.
Шихта тотыққануда пайда болатын темірдің шала тотығы металлда
ериді де Si,Mn, S, Р қоспаларының тотығуын қамтамасыздандырады.
Болатты ыдыстарға бөліп құю. Дайын болат ішінде еріген газдар мен
қождың бөлшектері шығу үшін жəне металлдың температурасы төмендеуі
үшін сыйымдылықтары 0,5 тен 375 тоннаға дейін келетін шөміштерде 5.-15
минут ұсталады. Егерде болатта еріген газды толық жою, сонымен қатар
ондағы зиянды қоспалардың мөлшерлерін төмендету қажет болса, онда болат
шөміштер де вакум немесе синтетикалық қождар мен өңделеді. Тазарту
процессі бірнеше минут ішінде жүргізіледі.
Орташа жəне майда құйма кесектерді жасау үшін сұйық болат астынан
келтірілетін сифонды сауыт құймаларға құйылады.
Болаттың көпшілігі механикалық кесіп өңдеу арқылы бұйымға айналады.
Болат əрі қарай илем деп немесе соғып өңдеу үшін сауыт қорамдарға
құйылады. Сауыт қорам түбі бар немесе түбі жоқ əртүрлі қималы (квадрат,
дөңгелек, көпбұрышты) шойыннан немесе болаттан жасалған қорама. Сауыт
қорам сұйық болатпен үстінен немесе астынан толтырылады.Үлкен мөлшерлі
құйма кесектерді жасау үшін болат ірі сауыт қорамға үстінен құйылады.
Құю процесінің өнімділігін жоғарылату үшін үздіксіз құю тəсілі
қолданылады.
Болат
құйма
кесегінің
ақаулары
ретінде
келесілер
жатады:қоспалардың (көміртегі,күкірт,фосфоржəне газдар) əсіресе
қайнаған болатта бір келкі болып орналаспаулары; бойлы жəне көлденең