К. А. Нариков, Г. Г. Беркалиева, С. С. Тулемисова



Pdf көрінісі
бет29/77
Дата25.02.2024
өлшемі3.99 Mb.
#493135
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   77
шоғыр

 
 


47 
4 – БӨЛІМ. МҰНАЙ ЖƏНЕ ГАЗ КЕН ОРЫНДАРЫ ТУРАЛЫ 
АЛҒАШҚЫ ТҮСІНІК 
 
4.1. Мұнай жəне газ шоғырлары мен кен орындарының қалыптасу 
шарттары 
Жер қойнауында мұнай мен газдың бір жерге жинақталып шоғыр түзілуі 
үшін төмендегідей шарттар орындалуы тиіс: 
- өткізгіш тау жыныстарының болуы; 
- мұнай мен газдың қозғалысын шектейтін өткізбейтін тау 
жыныстарының болуы; 
- ерекше пішіндегі қабаттардың болуы, яғни бұл қабаттарда түзілген 
мұнай мен газ ұстағыштарда ұсталып қалады. 
Тау жыныстары – бұл минералдық жəне химиялық құрамы жағынан 
барынша біртекті, өзінше бір геологиялық денені құрайтын минералдық 
агрегаттар. 
Тау жыныстары өзінің түзілуі бойынша үш топқа бөлінеді: магмалық, 
шөгінді жəне метамофтық. Мұнай мен газдың негізгі өндірістік қоры негізінен 
шөгінді тау жыныстарында шоғырланады. Магмалық жəне метаморфтық тау 
жыныстарында мұнай-газ шоғырлары өте сирек кездеседі жəне оларды өндіру 
тиімсіз болып келеді.
Шөгінді (тұнба) тау жыныстары түзілу əдістері бойынша келесідей 
бөлінеді: 
- сынықты жыныстар (құмдар, құмтастар, валундар, саз, сазды 
сланецтер, аргилиттер т.б) 
- хемогендік жыныстар – химиялық əсерлерден тұнба түзген жыныстар 
(əктастар, туфтар, доломиттер, тас тұзы, бор, каустобиолиттер т.б.) 
- органогендік жыныстар (биолиттер) - организмдер қалдықтарынан 
тұнба түзген жыныстар (көмір, мұнай, шымтезек, жанғыш жіктастар) 
- аралас жыныстар (мерглдер, сазды əктастар, құмды əктастар т.б.). 
Тау жыныстарының құрылымы түйірлердің пішіні жəне мөлшерімен 
анықталады. Құрылымдық мөлшеріне қарай: 
- псефитті - тау жынысы мөлшері 2 мм-ден жоғары түйір-сынықтардан 
тұрады) 
- псаммитті - 0,1 ÷ 2 мм 
- алевритті - 0,01 ÷ 0,1 мм 
- пелитті - 0,01 мм-ден төмен.
Мұнай жəне газ қабаттары бір немесе бірнеше жеке қаттардан тұрады. 
Олар құрамы, құрылысы, түзілімі жəне түсі бойынша əр түрлі болады. 
Қабаттың үстіңгі шегін жабыны, ал астыңғы межесін оның табаны деп 
атайды. Демек, үстіңгі қабаттың табаны астыңғы қабаттың жабыны болады. 
Қабаттар тек көлденең бағытта орналаспайды, сонымен қатар əр түрлі 
қыртыстар түрінде де түзілуі мүмкін. Қабаттың майысу доғасы жоғары 
көтеріліп, канаттары төмен жайылған иілімді – антиклиналь, ал қабаттың өзегі 
төмен майысып, қанаттары жоғары көтерілген иілімдерді – синклиналь деп 


48 
атайды. Жапсарлас антиклиналь мен синклиналь бірігіп толық қатпарды 
құрады (4.1 – сурет).
Сурет 4.1 – Шөгінді тау жынысы қатпарлары 
Шоғырдың пайда болуының тағы бір маңызды шарты, бұл мұнай мен 
газдың көшуі. Мұнай мен газдың жылжуы тау жынысы қойнауында кеуек 
қуысты толтырып тұратын сумен бірге жүзеге асады. Жылжу қысым жоғары 
жақтан қысым төмен жаққа қарай жүреді. Ал ұстағыштар (ерекше пішді қабат) 
ары қарай мұнайдың жылжуына кедергі болады[5]. 
Өткізгіштігі бойынша тау жыныстары өткізетін (жинауыш) жəне 
өткізбейтін (жабын) болып бөлінеді.
Жинауыш жыныстар - бұл сұйық пен газды өз бойына ұстап тұратын 
жəне оны өз бойынан жібере алатын тау жыныстары. Ең жақсы өткізгіштік 
қабілеті бар тау жыныстарына түйіршік құрамды сынықты жыныстарды 
жатқызуға болады: құмдар, борпылдақ құмтастар жəне т.б. 
Жабындар – бұл сұйық пен газды өткізбейтін тау жыныстары. Көбіне 
жабын рөлін саздар атқарады: саздар суды сіңіріп ісінеді де барлық кеуектерді 
жабады. Сонымен қатар жабын ретінде тас тұзы мен əктастар да болуы мүмкін. 
Жер қойнауында мұнай, газ жəне су орналасқаны коллекторлардың 
үстіңгі жəне астыңғы жағы сұйықтық пен газды өткізбейтін (немесе нашар 
өткізетін) жыныстармен қоршалған қоймаларды табиғи қорқоймалар 
(резервуарлар) деп атайды (4.2 – сурет). Жер қойнауында табиғи 
резервуарлардың бірнеше түрлері кездеседі: қабаттық, массивті жəне 
литологиялық шектелген резервуарлар. Қабаттық резервуар қабат тəрізді, 
массивті – ені барынша үлкен бірнеше жыныстардан құралған, ал 
литологиялық экрандалған – жан жағынан өткізбейтін тау жыныстарымен 
қоршалған болып келеді.


49 
Сурет 4.2 – Табиғи қорқойма: 
а -қабатты, б – массивті, в-литологиялық экрандалған 
Табиғи қорқойманың бір түрі – ұстағыш, онда мұнай мен газ көшу 
əсерінен жиналып, сақталып тұрады. Ұстағышқа түскен мұнай, газ жəне су 
өздерінің тығыздығына қарай бөлінеді: табиғи газ жеңіл болғандықтан 
ұстағыштың үстіңгі бөлігіне жиналады да газ қалпақшасын түзеді, газ 
қалпақшасы астында мұнай, одан кейін ең ауыры қабат сулары жатады. 
Көбіне антиклинді ұстағыштар кездеседі. Егер антиклинді қатпарда 
қабат-коллектор өткізбейтін жабынмен шектелсе, онда бұнда болашақта 
көмірсутегі жиналу мүмкін. Бұндай ұстағыш түрі күмбез қабаттық деп 
аталады. Шоғырдың ең жоғарғы нүктесін оның щыңы деп атайды. 
Шоғырдың ұзындығы бойынша өсінде жатқан жанындағы бөліктерін оның 
қанаттары деп, ал орталық бөлігін күмбезі деп атайды. Қабаттың жабыны 
мен табаны арасындағы қашықтық оның қалыңдығы (қуаты) болады. 
Жалпы қалыңдықтан тиімді қалыңдықты бөледі, бұл дегеніміз өткізбейтін 
қабаттарды (саздар, сланецтер жəне т.б.) қоспағандағы, тек өткізетін 
қабаттардың қалыңдығы. Газ бен мұнайдың түйісу шегін газмұнай 
шекарасы деп атайды (ГМШ), мұнай мен судың түйісу шегін мұнайсу 
шекарасы (МСШ) деп атайды. Мұнай-су шекаралығы басқаша айтқанда 
мұнай қабатының табаны болып келеді. Бұл жазықтығын қабаттың бетімен 
кездесіп түйіскен шеңберін мұнайдың сыртқы нұсқасы деп атайды. Мұнай-
су шекаралығының, қабаттың табанымен кездесетін сызықты мұнайдың 
ішкі нұсқасы дейді. 
Мұнай бетінде орналасқан газ шоғырын газ төмпешігі деп атайды. 
Мұнай-газ шектерінің қабаттың бетімен кездесетін жерін газдың 
сыртқы нүсқасы деп, ал қабаттың табанымен кездескен жерді газдың ішкі 
ңүсқасы дейді. 
Газдылық пен мұнайлылықтың ішкі жəне сыртқы нұсқалары, бұл 
сəйкесінше ГМШ мен СМШ – ның қабаттың жабыны жəне табанымен 
қиылысу сызығы (4.3 – сурет). 


50 
Жер қойнауында өте жиі кездесетін ұстағыш түрлері суретте 
келтірілген. 
Сурет 4.3 – Газ-мұнай кен орны 
1-газдың ішкі нұсқасы, 2- газдың сыртқы нұсқасы, 3 – мұнайдың ішкі 
нұсқасы, 4 - мұнайдың сыртқы нұсқасы. 
Мұнай мен газдың шоғырлануы үшін ұстағыштың пішіні тек қана 
антиклинал болу шарт емес. Кей жағдайларды мұнай мен газға қаныққан 
қабаттар өткізгіштік қабілеті жоқ тау жыныстарымен қоршалуы да мүмкін. 
Мұндай ұстағыштарды литологиялық экрандалған ұстағыштар деп айтады. 
Ұстағыштардың кейбір түрлері жердің тектоникалық жарықтарымен 
байланысты болуы мүмкін (4.4-сурет). Мұндай мұнай-газ жатақтарын 
тектоникалық кедергілі ұстағыштар деп атайды. Егер белгілі бір бетте 
коллектор барынша жас жабынымен қоршаласа, онда ол стратиграфиялық 
кедергілі ұстағыш болады. 
Сурет 4.4 – Ұстағыш түрлері 


51 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет