65
5.3. Скважинаны зерттеу
Қазіргі
таңда игеру объектілерін, мұнай, су жəне газ скважиналарын
игеру кезіндегі қабаттағы процестердің өзгеру
көрсеткіштерін анықтауда
скважинаны зерттеудің бірнеше əдістері қолданылады [14].
Скважинаны зерттеудің негізгі түрлері
гидродинамикалық жəне
термодинамикалық болып табылады. Сонымен бірге арнайы зерттеулер де бар
- оларға
гидрохимиялық жəне
геофизикалық əдістерді жатқызуға болады.
Гидродинамикалық зерттеу əдісі жұмыс жасап тұрған немесе тоқтап
тұрған скважинаны зерттеуде қабаттың анықталған параметрлерін (қысым,
температура, шығым, уақыт жəне т.б.) зерттеу үшін жəне олардың мəндерін
тіркеп алу мақсатында жүргізіледі, одан əрі жүйелі түрде барлық кен орынды
пайдалану ұзақтылығына байланысты жүргізіліп отырады.
Алынған
мəліметтер арнайы зерттеу зертханаларына жіберіліп, онда толығымен талдау
жасалады. Зерттеу жұмыстары арнайы құрылған бригадада арнайы техникалар
мен өлшегіш құрылғылары көмегімен жүргізіледі.
Геофизикалық зерттеу əдісі – физикалық əсер етуге негізделген.
Геофизикалық əдіспен скважинаны зерттеу жəне геологиялық қима тау
жыныстарының
жағдайы жөнінде, олардың параметрлерін,
игеру кезіндегі
өзгерістері жөнінде ақпарат беріп отырады. Сонымен бірге бұл зерттеу
геологиядан басқа, яғни технологиялық шараларда да қатысып отырады.
Геофизикалық зерттеулер каротаж көмегімен іске асады.
Оның арнайы
құрылғылары электркабельі арқылы скважинаға түсіріліп, таңдалып алынған
скважина аралығы зерттеледі.
Скважинаны дебитометрмен зерттеу. Олар скважинадағы сұйық ағымын
(өндіру скважиналарында) жəне айдау скважиналарының жұту санын, арнайы
құрылғылар қолдану арқылы іске асады. Құралдарға: дебитометрлер жəне
шығын өлшегіштер жатады. Олар скважинаға түсіріліп, перфорацияланған
аралықта орнатылады.
Дебитометрлік зерттеулер скважинада маңызды ақпараттар алуға
мүмкіндік береді. Олар: жұмыс жасаушы қабат қалыңдығы, бөлек қабатшалар
өнімі т.б.
Достарыңызбен бөлісу: