К. А. Нариков, Г. Г. Беркалиева, С. С. Тулемисова



Pdf көрінісі
бет46/77
Дата25.02.2024
өлшемі3.99 Mb.
#493135
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   77
шоғыр

Пайдалану 
Сорапты 
компрессорлы 
Бағыттаушы 
құбыр h = 6 
– 8 м


79 
Тізбек басы. Ол құбыр аралық кеңістікті саңылаусыздандыру 
мақсатында, скважина сағасын шегендеуші құбырға жалғау үшін, сонымен 
қатар фонтанды арматураны бекіту үшін арналған [8]. 
Тізбек басының корпусы 1 кондуктордың жоғарғы басына бұрандалы 
қосылыспен бекітіледі (7.2-сурет). 
Шегендеуші құбыр (10) арнайы муфтаға (7) бекітіледі. Тізбек басының 
корпусымен (1) муфта (7) аралығындағы саңылау, муфтамен (2) жəне екі 
сақиналы арнайы мұнайға төзімді резинамен (3) саңылаусыздандырылады. 
Олар берік отырғызылуы үшін, муфтаны жарты сақиналармен (5) жəне 
фланецты (4) болт арқылы корпусқа бекітіледі. Муфтаның (7) жоғары бөлігі 
фонтанды арматураға бекітілуі үшін фланецпен (6) аяқталады. 
Тізбек басының қысымын тексеру үшін жəне құбыраралық кеңістіктегі 
қысымды бақылау үшін бүйір шығу жолында жоғары қысымды кран (9) жəне 
манометр (8) қарастырылған. 
Сурет 7.2 – Бір шегендеу құбырына арналған қарапайым тізбек басының 
конструкциясы 
1- тізбек басының корпусы; 2 – муфта; 3 - екі сақиналы арнайы мұнайға 
төзімді резина; 4 - фланцты байланыс; 5 - жарты сақина; 6 - фонтанды 
арматураға бекітуге арналған фланц; 7 - арнайы муфта; 8 – манометр; 9 - 
жоғары қысымды кран; 10 –кран; 11 - шегендеуші құбыр. 
Тізбек басы 14,0; 21,0; 35,0; 50,0 жəне 70,0 МПа жұмыс қысымына 
есептелініп шығарылады. Кейбір жағдайларда (газ скважиналарында) 150 
МПа жұмыс қысымына дейін есептелген тізбек басы қолданылады. 
Фонтанды арматура: 
Қысымы бойынша фонтанды скважиналарда келесі стандарттар 
қабылданған: арматуралар: 7, 14, 21, 35, 70 жəне 105 МПа жұмыс қысымына 
есептелген, оның ішінде 7, 14, 21 жəне 35 МПа қысымға арналған арматуралар 
екі есе жұмыс қысымына сыналады, ал 70 жəне 105 МПа қысымдық 
арматуралар жарты қысымға сыналады. 


80 
Фонтанды арматуралар екі элементтен тұрады: құбыр басынан жəне 
фонтанды шыршадан. 
Фонтанды арматуралар: 
- фонтанды құбырдың бір немесе екі тізбегін жалғау үшін; 
- фонтанды құбыр мен шегендеуші құбыр аралығын бақылау жəне 
саңылаусыздандыру үшін; 
- скважинаны меңгеру, пайдалану жəне жөндеудің технологиялық 
операцияларын жүргізу үшін; 
- скважина өнімін лақтыру құбырларымен өлшегіш құбырларға жіберу 
үшін; 
- скважина жұмысының режимін жəне тереңге зерттеу жұмыстарын 
жүргізу үшін арналған. 
Фонтанды арматуралар құрылысы мен мықтылығына байланысты келесі 
топтарға бөлінеді: 
- қысымы бойынша – 7 МПа-дан 105 МПа дейін; 
- құбыр бағанының өткізгіш қимасының өлшеміне байланысты–50-
100мм; 
- фонтанды шыршаның құрылысы бойынша - төрт жəне үш жақты; 
- скважинаға түсірілетін құбыр тізбегінің санына байланысты – бір 
тізбекті жəне екі тізбекті; 
- бекіткіш қондырғылардың түріне байланысты – ысырмалы жəне 
бұрандалы. 
Құбыр басы кондуктор жəне пайдалану құбырларының ұштарын 
біріктіру үшін жəне құбыраралық кеңістікті саңылаусыздандырып, тізбек 
басын жəне фонтанды шыршаны көтеруге, тірек қызметіне арналған. 
Фонтанды арматуралардың шифрлары келесі түрде болады: 
- АФТ-65Кр-140, үш жақты фонтанды арматура, өткізгіш қимасы 65мм, 
бұрандалы, 14 МПа жұмыс қысымына арналған; 
- АФК-50Кр-210 – төрт жақты фонтанды арматура, өткізгіш қимасы 50 
мм, бұрандалы, 21 МПа жұмыс қысымына арналған. 
Фонтанды арматураның салмағы 3 тонна, биіктігі 4 м, ені 3,3 м. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет