Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет130/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

5-ТАРАУ. ЖЕР АТМОСФЕРАСЫ
5.1. Атмосфераның құрамы мен құрылысы
Барлық белгілі ғаламшарлардың ішінде тек жерде ғана тіршілік 
дамуы үшін қолайлы атмосфера қалыптасқан. Жер атмосфера-
сы эволюциясы процесінде құрамы ерекше сипат алған үш кезең 
болды. Бірінші реттік жер атмосферасы біздің ғаламшарымыздың 
гравитациялық өрісін қамтыған. Мұндай атмосфера сутек пен ге-
лийден тұрған. 
Х. Холландтың пікірінше, алғашқы атмосфера негізінен метан 
жəне сутектен құралған. Сутек-гелийден тұратын алғашқы жер 
атмосферасының массасы 10
25
-10
26
грамға жетуі мүмкін (89-сурет). 
89-сурет. Алғашқы Жер атмосферасының құрамы
Ал қысым бетінде 10

атмосферадан артуы мүмкін. Осылайша 
атмосфера толығымен мөлдір болған жоқ, «жылыжай эффектісі» 
жəне температураның адиабатты қысымынан температура 10000
0
С 
дейін көтерілуі мүмкін. Бірақ жерде экзотикалық атмосфераның 
болғаны туралы ешқандай геологиялық дəлел жоқ. Жерде тығыз 
атмосфераның орнағанын жəне оның механизмін түсіндіріп беру өте 
қиынға соғады.
Екінші реттік жер атмосферасы жанартау атқылау нəтижесінде 
мантиядан шыққан қосылыстар құрамындағы газ ыдырауы арқылы 
қалыптасқан. Бұл құбылыстар тек жер қойнауындағы заттардың 
дифференциациялануы процесі жүргеннен кейін (04-3,8 млрд жыл 
бұрын жер қыртысында алғашқы эндогендік тектоникалық белгілер 


182
пайда болған) басталуы керек еді. Газдардың ыдырауы мантияның 
химиялық құрамына тəуелді болды. Сондықтан оның химиялық 
құрамының негізгі эволюциялық белгілерін қарастыру қажет.
Алғашқы жер заттары құрамындағы ауыр фракция – темір 
жəне оның қосылыстарының (Fe, FeO, FeS, Ni) бөлінуі, мантиядан 
бөлінген бұл элементтер төменге орын ауыстырып, жер ядросын 
қалыптастырды. Ал жеңіл əрі қозғалмалы элементтер (H
2
O, K
2
O, 
Na
2
O, CO
2
, N
2
жəне т.б.) жер қыртысы, гидросфера мен атмосфераны 
түзді.
Ерте архейде алғашқы заттан барлық темір бөлінгеннен кейін көп 
таралған жəне аз қозғалатын оксидтер (SiO
2
, MgO, Al
2
O
3
, CaO) кон-
центрациясы жоғарылай бастады. Қазіргі кезде олардың мантиядағы 
концентрациясы шамамен 1,5 есе жоғары. 
Қозғалмалы қосылыстар мен Na
2
O концентрациясы бірнеше 
рет өсті. H
2
O, K
2
O жəне Rb
2
O көп мөлшерде шығарылғандықтан 
олардың мантиядағы мөлшері уақыт өте келе екі есеге азайды. Ман-
тияда уран жəне торий сияқты радиоактивті элементтердің концен-
трациясы бірнеше есе азайды. Бұл радиоактивті элементтердің ыды-
рауы есебінен жүрді. Архей ортасынан бастап FeO концентрациясы 
азая бастады.
Протерозой жəне фанерозойда қалған элементтер концентрация-
сы мен қосылыстардың бародиффузиялық бөліну механизмі жүзеге 
аса басталғаннан кейін, мантияда темір жəне оның тотықтарының 
ядроға өтуі жоғарылай бастады. Ядролық заттардың концентрация-
сы мантияда протерозойдан бастап азайды. 
Осындай жолмен архейден кейін мантиядағы никель, плати-
на, алтын, темір сульфиді, қорғасын, мыс жəне т.б. элементтер 
концентрациясының жер ядросына жылжуы өзгерді.
Ерте архейде алғашқы заттар дифференциациясы процесі 
басталғаннан кейін мантиядағы темір концентрациясы төмендеу 
керек еді. Соңғы архейде жеңіл балқитын қорытпалардың Fe, FeO, 
Fe
2
O жіктелуге түсуіне байланысты темір концентрациясы қайтадан 
жоғарылай бастады (5,5%). 
Бұл архейдің соңында мантияда конвекциялық температураның 
төмендеуімен байланысты болды. Темір толығымен мантиядан
0,5 млрд жылдан кейін жойылды. Кембрийге дейінгі кезеңде ман-
тияда жəне рифт зонасында басты химиялық реагент гидросфера 
жəне атмосферадан оттегімен белсенді қосылысқа түсетін темірдің 
мөлшері азайды.


183
Жеңіл жəне қозғалмалы элементтер тығыз мантия заттары 
арқылы сыртқы геосфераға тек терең жарықтар арқылы, базальтты 
магманың құйылуы есебінен өтуі мүмкін.
Архей жəне ерте протерозой атмосферасы қайта қалпына 
келетін болған. Осы кезеңде алғашқы беткі су айдындары пайда 
болды. Ағылшын геологтары С. МурбатРК. О’Найон жəне Р. Дж 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет