Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Картографиялық объектілердің бірізділігі –



Pdf көрінісі
бет24/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

6. Картографиялық объектілердің бірізділігі – картаның үлгі 
ретіндегі қасиеттері белгіленген шартты белгілер жүйесінде нақты 
бір мəнді ғана көрсететіндігінде. Ол екі мағынада: кеңістіктік 
бірізділік жəне шартты белгілік бірізділік тұрғысында сипатталады. 
7. Картографиялық объектілердің үздіксіздігі – картада 
бейнеленетін объектілердің үзіліссіз жалғасуынан көрінеді, яғни 
карта бетінде бос кеңістіктер болмауы шарт.
8. Картаның көрнектілігі – картада бейнеленген объектілердің 
кеңістіктік пішіндері, орналасуы жəне олардың өзара байланысының 
көпшіліктің қабылдауына тиімді болуынан көрінеді. Карта 
көрнектілігі оның оқылу мүмкіндігімен тығыз байланысты, яғни 
ондағы барлық объектілердің элементтері мен бөлшектері бір-
бірінен айқын ажыратылуы тиіс.
9. Картаның жалпылама көрінісі – бір қараған кезде картадағы 
барлық объектілер, олардың орналасу ерекшеліктері жəне өзара 
байланысы, негізгі элементтері мен құрылымы көзге айқын көрінуі 
қажет.
10. Картаның жоғары ақпараттық мазмұндылығы – 
картаның əрбір аудан бірлігінде мүмкіндігінше сапалық сипаттама-
лар, географиялық атаулар мен шартты белгілердің саны неғұрлым 
көп болуы тиіс. Ғылыми-анықтамалық картаның 1 дм
2
ауданында 
шартты белгілер жиынтығы жүзден аспауы тиіс. Белгілер бір-
бірімен сəйкестенуі немесе бірінің үстіне бірі көрсетілуі мүмкін, 
мəселен қабатты бояулардың үстіне штрихтер, сызықтар, белгілер 
қатар түсіріледі.
Географиялық карталар мазмұндық дəлдігіне қарай былайша 
жіктеледі:
1. Байқау карталары немесе құжаттық карта;
2. Карта-қорытынды, ол карталар нақты алынған мəліметтер 
негізінде жасалады;
3. Гипотетикалық карталар – болжаулар мен жорамалдар 
негізінде жасалады, мəселен «Литосфералық тақталар қозғалысы»;
4. Тенденциялық карталар: нақты мəліметтерді кері бұрмалау 
арқылы жасалады. Көп жағдайда саяси, геосаяси оқиғаларды 
бейнелейтін карталарды жатқызады.


32
Карта мазмұнының нақтылығы мен геометриялық дəлдігіне 
қарай карта-сызба жəне сызбалық карта деп бөлінеді. Карта-сызба 
алдын ала жоспарланған түрлі бейнелеуді қарапайымдап көрсетсе, 
ал сызбалық картада сандық жəне сапалық бұрмаланулар көптеп 
кездесуі мүмкін.
Карталар қолданбалы мəніне қарай нысандар мен құбылыстарды 
жіктеуге сəйкес берілсе – инвентаризациялық деп, ал нысандар мен 
құбылыстар пайдалануы мен тиімділігі нақты көрсетілген жағдайда 
– бағалау карталары деп бөлінеді. Сондай-ақ ұсыныс карталары 
мен болжау карталары да ажыратылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет