36
Жазулар бір немесе бастапқы екі əріптен құралуы мүмкін. Мыса-
лы: U, S, Al, Fe, Ni. Жазулар карта бетін жауып қалатындықтан, олар-
ды геметриялық пішіндердің ішіне кіргізу арқылы да қолданады.
Картадағы жазулар географиялық атаулардың тегін (көл, теңіз,
өзен), сапасын (тұзды, ластанған) көрсетсе, сандық көрсеткіштер ол
объектілердің ұзындығын, тереңдігін, жүк сиымдылығын жəне т.б.
ерекшеліктерін сипаттайды.
Көрнекі белгілер картаға түсірілетін
объектінің нақты
кішірейтілген бейнесіне сəйкес келеді. Олар
символдық жəне
табиғи бейнелік белгілер болып ажыратылады.
Бейнелеу əдістерін таңдауда картаға түсірілетін объектілердің
мазмұны есепке алынады. Тақырыптық карталарда мынадай бейне-
леу əдістері қолданылады:
1. Ареалдар əдісі – бояу, штрих, шекара, белгі, жазу көмегімен
картада кез-келген объекті мен
құбылыстың таралу аймағын
көрсетеді. Олар абсолюттік жəне салыстырмалы ареалдар болып
бөлінеді. Абсолюттік ареал аумағында
тек сол аумақтан басқа
жерде байқалмайтын құбылыс немесе сол аумақтан басқа жерде
кездеспейтін өсімдік немесе жануар түрі берілуі мүмкін. Ареалдар
бояумен, штрихпен, тұтас немесе үзік сызықтармен берілуі мүмкін.
2. Қозғалыс белгілері əдісі – бояу,
геометриялық пішіндер,
бағыт, сызықтар көмегімен табиғи жəне əлеуметтік-экономикалық
құбылыстар объектілер мен құбылыстардың кеңістіктік қозғалысын
бейнелеуді (халықтың миграциясы, құс қайтуы, жүктердің бағыты,
ауаның қозғалысы, беткі ағыстар жəне т.б.) жүзеге асырады.
Қозғалыс белгілері кез-келген объектінің қозғалысын нүктелік
əдіспен (кеме, кит жəне т.б.), сызықтық əдіспен (фронттардың
қозғалысы), сондай ақ аудандық əдіспен (лавалық жыныстардың
жинақталуы) де көрсетеді.
Қозғалыс белгілері векторлық жəне
жолақтық болып бөлінеді. Векторлық белгіге қозғалыс бағыттары
жатады. Қозғалыс белгілері де объектінің сипатына қарай абсолютті,
салыстырмалы, үздіксіз жəне баспалдақты болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: