Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет31/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

10. Картодиаграмма əдісіабсолюттік статистикалық 
мəліметтерді əкімшілік бөліну бірліктері бойынша картограмма 
түрінде көрсету. Диаграммалар əртүрлі геометриялық пішіндер 
түрінде беріледі: шеңбер, квадрат, үшбұрыш, бесбұрыш жəне 
т.б. Сондай-ақ бағаналы диаграммалар да кеңінен қолданылады. 
Ондағы əрбір миллиметр биіктік белгілі бір сандық көрсеткішке 
сəйкес келеді. Мысалы: экономикалық карта бетінде бір елдегі шой-
ын өндірудің жылдық мөлшері 1 миллиметрде 1 тоннамен берілуі 
мүмкін.
Бір картада картограмма мен картадиаграмма əдістерін қатар 
қолдануға болады. Мұндай жағдайда картограмма картаның жалпы 
фонына айналып, ал диаграммалар əрбір жеке өзгерістерді бейнелеуі 
мүмкін. Мысалы, Қазақстан халқына медициналық қызмет көрсету 
картасында картограмма ретінде 10 000 адамға шаққандағы 
дəрігерлер саны бояумен көрсетіліп, жалпы фон жасайды, ал əрбір 
облыстағы медициналық жедел көмек көрсету дəрежесі диаграмма-
мен беріледі.
Географиялық картадағы жазулар – аса маңызды ақпарат 
көзі болып саналады, олардың көмегінсіз карта мазмұнын түсіну 


39
мүмкін емес. Картадағы жазулар үш топқа бөлінеді: топонимдер 
географиялық объектілер атаулары; терминдер географиялық
геологиялық, əлеуметтік-экономикалық жəне т.б. ұғымдар 
жиынтығы; түсіндірме мəтіндер географиялық объектілердің 
сапалық жəне сандық сипаттамасы, хронологиялық мəліметтер жəне 
т.б.
Картадағы географиялық атаулармен картографиялық топони-
мика ғылымы айналысады. Картадағы түрлі атауларды мазмұндық 
ерекшелігіне қарай:
• Жергілікті ресми атаулар: Дунай – Дунав, Волга – Еділ;
• Фонетикалық атаулар: Кельн – Koln;
• Транскрипцияға ұшыраған атаулар, Paris – Париж; 
• Дəстүрлі атаулар: Эстеррейх – Австрия;
• Аударма атаулар: Берег Слоновой Кости – Піл сүйегі жағалауы 
сияқты топтарға бөледі.
Картадағы атауларды реттеумен арнаулы Ұлттық жəне 
Халықаралық топонимикалық комиссия айналысады. 
Барлық карталар мен атластарда арнаулы сараптамадан өткізіліп, 
белгілі талапқа сəйкестендірілген географиялық атаулар ғана 
беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет