46
7-сурет. Жергілікті түсірілім түрлері:
а-полярлық түсірілім тəсілі, ə-таңба тəсілі,
б-перпендикуляр тəсілі, в-створ əдісі
Обьект биіктігі
Н, осы арақатынас арқылы анықталады:
l
h
L
H
мұндағы,
L – бақылаушыдан обьектіге дейінгі қашықтық (қадаммен
өлшенеді) өлшемі, метр есебімен;
h – сызғыш
бойындағы өлшем,
сантиметр есебімен;
l – көзбен
қарағандағы сызғыш қашықтығы,
сантиметр есебімен алынады (
8-сурет).
Күн ашық кезде обьект биіктігін заттың көлеңкесін пайдала-
нып, өлшеуге болады. Мысалы: адам көлеңкесі 1,2 метрге тең деп
есептесек, осы көрсеткішке сүйене отырып, коэффицентті есептеп
шығаруға болады.
Оны ағаш, үй, бағана, мұнара жəне басқа да
топографиялық обьектілер бикітігін анықтау үшін қолдануға бола-
ды.
Көлеңке
болмаған жағдайда, обьект биіктігін бойының
ұзындығы белгілі адамға сəйкестеп, шамамен де анықтауға болады.
Біраз қашықтыққа жүріп барып, бір көзбен объект жəне адам бойын
салыстырып қарау қажет.