Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет45/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Ғарыштың құрылымы. Ғарыш əлемін құрайтын аспан денелері 
Хаббл заңы бойынша кең масштабта алғанда изотропты жəне біртекті 
болып келеді, изотроптық қасиеттің басты белгісі нысандардың 
кеңістіктегі бағытының тəуелсіз болуы, ол өте алыс қашықтықтан 
келетін реликт радиосəулеленудің біртекті таралуымен түсіндіріледі. 
Ең соңғы нақты ақпараттар бойынша ғарыш əлемінің түрлі 


56
кеңістігіндегі нысандардың сəулелену жиілігінде ауытқулар 
тіркелмеген, бұл өз тарапынан ғарыш əлемінің жалпы алғанда 
біртектес екендігін дəлелдейді. Заттар тығыздығының ауытқуы ор-
таша көрсеткіш мөлшерінен 3%-дан аспайды.
Аспан əлемінің екінші бір ерекшелігі тар ауқымда алғанда 
біртекті емес жəне құрылымды (дискретті) болып келуінде. 
Ғаламдық масштабта жүздеген мегапарсек ғарыш заттарын галак-
тика мен галактикалар жиынтығынан тұратын біртекті біртұтас 
орта деп қарастыруға болады. Ал олардың əр бөлшегіне зер салып 
қарайтын болсақ, олардың орналасуының өзіндік құрылымдық 
иерархиялық ерекшелігі байқалады. 
Ғарыш əлемінің құрылымдық элементтеріне ғарыштық денелер, 
ең алдымен, жұлдыздар жатады. Олар түрлі деңгейдегі жұлдыздар 
шоғырын түзеді. Жұлдыздық шоғырдың қатары: галактика – галак-
тика шоғырыметагалактикадан құралады. Олардың барлығы 
бір орталықты айнала үнемі қозғалыста болады.
2.2. Галактика, олардың түрлері. Құс жолы
Жерге ең жақын орналасқан, ең анық көрінетін Галактика-
ны (грек тілінде, galaktikos – сүт тəрізді деген мағынаны береді) 
Құс жолы немесе құрамына Күн жүйесі енетін болғандықтан 
«біздің Галактика»деп атайды, ол шамамен 200 млрдқа жуық алып 
жұлдыздар мен жұлдыздар жиынтығынан құралған (12-сурет). 
Құс жолының жұлдыздық табиғатын тұңғыш рет 1610 жылы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет