Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-сурет. Күн жүйесі құрамына кіретін аспан денелері Күн жүйесінің құрамы



Pdf көрінісі
бет48/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

14-сурет. Күн жүйесі құрамына кіретін аспан денелері
Күн жүйесінің құрамы. Күн жүйесі оның тартылыс күші 
əсерінен белгілі бір орбита бойымен үнемі қозғалыста болатын аспан 
денелерінің күрделі жиынтығынан құралады. Оларға ғаламшарлар 
(планеталар), олардың серіктері, астероидтар, кометалар мен мете-
орлар жатады.
Əрбір ғаламшардың айналу еңкіштігінің бұрышы мен орбитасы 
өзіне ғана тəн болып келеді. Ғаламшарлар серіктерінің жалпы саны 
140 астам, өз ғаламшарлары мен Күнді айнала үнемі қозғалыста 
жүреді. Ғаламшарлар орналасуы мен өзіндік ерекшеліктеріне бай-
ланысты ішкі немесе Жер тобындағы жəне сыртқы немесе алып 
ғаламшарлар деп бөлінеді (14,15 суреттер). 
Олардың арасындағы өзіндік шекара – астероидтар белдеуі деп 


60
аталады. Астероидтар əртүрлі өлшемдегі ғарыштық қатты денелер 
жиынтығынан құралады. Ол бұрын болған Фаэтон ғаламшарының 
қалдықтары немесе қалыптаспай қалған тағы бір ғаламшарды 
құраушы бөлшектерден тұрады деген болжам бар. 
15-сурет. Күн жүйесін құрайтын аспан денелері
Қазіргі таңда диаметрі 450-1054 км болатын 2000-нан аса 
ірі астероидтар тіркелген (ең ірілері Церера, Паллада, Кета). 
Астероидтардың көпшілігі Марс пен Юпитер орбиталарының ара-
сында орналасқан жəне 20 км/сек жылдамдықпен Күннің айнала-
сында 3-9 жылға дейінгі уақыт аралығында айнала қозғалады. 
Күн жүйесінің қалыптасуы туралы əлі күнге дейін қалыптасқан 
белгілі тұжырымдама жоқ. Соның ішінде ежелгі күн тұмандықтары 
құрамындағы түрлі материялар гравитациялық қысылу нəтижесінде 
алғашқы денелердің қалыптасуына мүмкіндік берген деген бірнеше 
гипотезалар топтамасы ғана шындыққа жанасады. 
Алайда, Күн жүйесін құрайтын аспан денелері құрамында Мен-
делев кестесіндегі химиялық элементтер топтамасының кездесуін 
жəне ежелгі тұмандықтар құрамындағы ғаздар мен тозаңдардың 
қалай конденсациялану жолын түсіндіру мүмкін болмай отыр (2-ке-
сте).


61


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет