Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет52/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

19-сурет. Меркурий атмосферасының құрамы


67
Меркурий атмосферасының тығыздығы (10
-11
атм.) өте төмен
ғаламшардың беткі бөлігіндегі қысым Жер бетіндегі қысым 
көрсеткішінен 500 млрд есе кем (бұл көрсеткіш қазіргі вакуумдық 
құрылғылардағы қысымнан да төмен). Атмосфера құрамында 
оттегінің мөлшері өте төмен (19-сурет).
Меркурийдің магниттік өрісі Жермен салыстырғанда 100 есе 
əлсіз, ол ғаламшардың өз білігі бойынша айналу жылдамдығының 
төмен болуымен түсіндіріледі. Меркурийде тіршілік белгісі 
байқалмайды. 
Шолпан – Жерге ең жақын орналасқан ғаламшар. Оның Жерден 
қашықтығы 40 млн км, ал Күннен қашықтығы 108 млн км шамасын-
да. Шолпан өзінің өлшемдері жағынан Жерге жақын, оның диаметрі 
Жер диаметрінен 5%-ға кіші, массасы Жер массасының 81%-ын 
құрайды. 
Шолпан өз білігінен Меркурийден де баяу жəне шығыстан 
батысқа қарай айналады. Шолпан ғаламшарының да серіктері жоқ. 
Шолпан туралы жалпы мəліметтер өте ерте кезеңнен белгілі болған, 
алайда, олар ғылыми деректер негізінде кеңестік жəне америкалық 
радиозондтар көмегімен нақтыланды. 
Шолпанның жер қыртысы 15-20 км шамасында, оның негізгі 
бөлігін силикатты қабық алып жатыр. Оның құрамында базальтты-
гранитті жыныстар да кездеседі. Осы қабат біртіндеп 3224 км 
тереңдікте темір заттардан тұратын ядроға ұласады. Жер бедері өте 
күшті тілімденген. Биіктігі 8 км дейін жететін биік тау жоталарының 
тізбектері диаметрі бірнеше километрге жететін (диаметрі 160 км, 
тереңдігі 0,5 км дейін) кратерлермен алма-кезек ауысып отыра-
ды. Өте кең алқапты алып жатқан тегіс жазықтардың беткі бөлігі 
қиыршық тастармен жабылған. 
20-сурет. Шолпан атмосферасының құрамы


68
Шолпан экваторы маңайында ұзындығы 1500 км, ені 150 км, 
тереңдігі 2 км жететін ұзына бойғы жарық анықталған. 
1981 жылы «Венера-13» жəне «Венера-14» станциялары 
ғаламшар грунтының үлгілерін алып, оның түрлі түсті суреттерін 
түсірген болатын. Осы үлгілер негізінде Шолпандағы тау жыны-
стары құрамы жағынан жердегі тау жыныстарына өте жақын, ал 
көкжиектің түсі қызылсары-сарғыш-жасыл екендігі анықталды. 
Шолпан ғаламшарында өте тығыз атмосфера қабаты бар, оның 
тығыздығы 90-100 атмосфераға тең. Бұл көрсеткіш 1000 м мұхит 
тереңдігіндегі тығыздыққа жақын. Атмосферадағы газдар құрамы 
Жерге жақын болғанымен, оның концентрациясы басқаша болып 
келеді (20-сурет).
Шолпанда атмосфера қабаты бар екенін ең алғаш 1761 жылы 6 
маусымда орыс ғалымы М. В. Ломоносов ғаламшардың Күн дискісі 
арқылы өткен кезінде мəлімдеген болатын. Шолпанның Күн дискісі 
арқылы өтуінің ең соңғы көрінісі 2012 жылдың 6 маусымында
байқалған. Бұл құбылысты енді тек 100 жыл өткен соң ғана байқауға 
болады.
1967 жылы Кеңестер Одағының ғарыш аралық «Венера-4» 
радиозонды Шолпан атмосферасының 96%-ы көмір қышқыл газы-
нан тұратынын анықтады. Сондықтан да Шолпанда «жылыжай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет