71
Марс грунтын зерттеу нəтижесінде оның құрамы басым
түрде
кремнезем, темір тотықтары, кальций, алюминий, магний,
күкірт, калий сияқты заттардан тұратыны анықталды. Құрамы
жағынан Жердегі кейбір
жанартаулық жыныстарға жақын, алайда,
темір қосылыстарының үлесі жоғары, керісінше, кремнезем
қосылыстарының үлесі төмен болып келеді.
Марс грунтының 50 сантиметрден 1 километрге дейінгі аралығы
көп жылдық тоң қабаттарына айналған. Алайда ғаламшардың терең
қойнауында температура 800-1500
0
С-ге дейін көтеріледі. Демек
аралық қабаттарда судың жинақталып, онда əлі күнге анықталмаған
қарапайым тіршілік өкілдерінің болу мүмкіндігін де
жоққа
шығармайды.
Марстың екі табиғи серігі бар: олар –
Фобос (грек тілінде
үрей)
жəне
Деймос (грек тілінде
жаман, жексұрын, деген мағына береді)
. Олардың болу мүмкіндігін ғаламшарлар қозғалысы заңдылығын
ашқан неміс ғалымы
Иоганн Кеплер 1610 жылы айтып кеткен
болатын. Ал 1877
жылы америка астрономы Асаф Холл оларды
нақты ашып, ғылымға жария етті. Олардың беткі бөлігі кратерлер-
мен тілімденген. Оларды Марс өзінің тартылыс күші ықпалымен
қосып алған астероидтар болуы мүмкін деген болжамдар бар.
Марсты зерттеу ХVІІ ғасырдан басталып, əлі күнге жалғасуда.
Оны зерттеуде америкалық ғалымдар мен олар ұшырған
аппараттардың үлесі өте зор. Марс орбитасы бойымен ұшырылған
бұл құрылғылар ғаламшар беткі бөлігін сипаттайтын фотосу-
реттер топтамасын жасады. 1997 жылы америкалық корабль
Марс бетіне алты дөңгелекті роботты қондырып, ол 4 шілде мен
27 қыркүйек аралығында ғаламшар бетінен теледидар көмегімен
тікелей хабар да жүргізген.
Марс та тіршілік бар ма, əлде жоқ па деген сұраққа əлі де жа-
уап жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: