72
• Əрбір ғаламшар орбитасы келесі ғаламшар орбитасынан екі
есе үлкен болып келеді.
2.5. Алып ғаламшарлар
Алып
ғаламшарлар сыртқы ғаламшарлар деп те аталады.
Олардың Жер тобындағы ғаламшарлардан
өлшем бірліктері ғана
емес, олардың заттық құрамы
жағынан да айырмашылық жа-
сайды. Күннен қашық орналасуына
байланысты Жер тобындағы
ғаламшарлардан басты айырмашылығы оларды құрайтын алғашқы
сутек пен гелийді өзгеріссіз жағдайда сақтап қалуы. Олардың Күнді
айналу ұзақтығы бірнеше ондаған жылдармен есептеледі. Юпитер
11,9 жылда, Сатурн 29 жылда, Уран 84 жылда, Нептун 165 жылда
Күнді орбита бойымен бір рет айналып шығады (
22-сурет).
22-сурет. Күн жүйесіндегі алып ғаламшарлар
Сыртқы ғаламшарларды құрайтын заттардың тығыздығы жоғары
болмағанымен (0,7-1,8 г/см
3
), олардың көлемі мен массасы өте үлкен
болып келеді. Юпитер мен Сатурнда Күн жүйесін құрайтын аспан
денелері жалпы массасының 92,5%-ы (Юпитерде 71,2%-ы, Сатурн-
де 21,3%-ы) шоғырланған. Алып ғаламшарлар тобын «егіз алыптар»
деп аталатын Уран мен Нептун ғаламшарлары аяқтайды.
73
Бұл ғаламшарлардың тағы
бір басты ерекшелігі табиғи
серіктерінің өте көп болуы жəне
олардың тасты құрылымды бо-
лып келуі. Бұл ғаламшар серіктерінің
сыртқы ғарыш денелерінен
қалыптасқандығын дəлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: