Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет56/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Юпитер - ең алып ғаламшар, оның Жермен салыстырғандағы 
көлемі 1300 есе, массасы 318 есе, диаметрі 11 есе артық болып 
келеді. Ғаламшардың айналасында жіңішке сақина орналасқан, 
алайда, оның тығыздығы төмен болғандықтан ол анық көрінбейді. 
Юпитер өз орбитасы бойымен Күнді айнала 12 жылға жуық 
уақытта айналып шығады, оның орбитасының орташа ұзындығы 800 
млн км. Юпитер білігі оның орбитасына перпендикуляр орналасқан, 
сондықтан онда жыл мезгілдерінің ауысуы анық байқалмайды. 
Юпитер өз білігінен өте жылдам айналады, оның айналу периоды 9 
сағат 55 минутқа тең. 
Осындай айналым нəтижесінде жəне Юпитер қатты емес, газды-
сұйықтықты дене болғандықтан полюске қарағанда экватор бойы 
өте жылдам қозғалысқа түседі. Экватордағы əрбір нүкте 45 000 км/
сағат жылдамдықпен қозғалады. 
Бұл өз тарапынан ғаламшар бетіндегі атмосфераны да түрліше 
жылдамдықта қозғалысқа түсіреді де, соның нəтижесінде алуан 
түрлі бұлттар белдеуі қалыптасады. Олар үшеу: ең жоғарғысы 
мұзды аммиактан, ортаңғы бөлігі күкіртсутекті аммоний мен метан 
кристалдарынан, ал ең төменгі бөлігі мұзды су немесе сұйық судан 
тұруы мүмкін. 
Юпитерде өте қуатты желдер соғады, олардың жылдамдығы 
500 км/сағатқа дейін жетеді. Жерден тұрақты байқалатын Юпитер 
бетіндегі Үлкен Қызыл Дақ осындай атмосфералық дауылдардың 
белгісі болып саналады. Бұл дақты 1664 жылы ағылшын ғалымы 
Роберт Гук ашқан болатын. 
Қазіргі кезде оның ұзындығы 25 000 км, ал 100 жыл бұрын 
50 000 км шамасында болған. Бұл дақ бірде ұлғайып, бірде кішірейіп 
отырады, тіпті, оның түсі де өзгеріп отыратын көрінеді. Америкалық 
«Пионер», «Вояджер», «Галилео» сияқты зондтар бұл дақтың қатты 
негізді емес, оның Юпитер атмосферасындағы циклондық əрекеттер 
екенін анықтаған. Сондай-ақ Юпитер атмосферасында ұзындығы 
10 000 км асатын ақ түсті дақ та табылған. Бұлттардың жоғарғы 
бөлігіндегі ауа температурасы 130
0
С-ге дейін көтеріледі. 
Юпитер атмосферасы өте тығыз, ол құрамы жағынан Күн атмос-
ферасына жақын болып келеді (23-сурет).


74


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет