Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет57/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

23-сурет. Юпитер атмосферасының құрамы
Атмосфера қабатының қалыңдығы 6000 км жетеді. Оның түсінің 
қызғылт-сары болуы фосфор мен күкірт қоспасының болуымен 
түсіндіріледі. Бұл қоспа өте улы, өйткені оның құрамында аммиак 
пен ацетилен бар. 
Юпитердің магниттік өрісі Жер өрісінен 10 есе қуатты, ол 
ғаламшар айналасында протондар мен электрондар жиынтығынан 
құралған радиациялық белдеулерді қалыптастырады. Ғалымдардың 
тұжырымдамасы бойынша Юпитер Күн жүйесіндегі «шаңсорғыш» 
қызметін атқарады. Ол өзінің қуатты магнитті-гравитациялық өрісі 
көмегімен аспан кеңістігінде еркін қозғалыста жүрген денелерді 
өзіне тартып алып отырады. 
Оған 1994 жылы Юпитердің «Шумейкер – Леви -9» коме-
тасын өзіне тартып алып, оның қуатты тартылыс күші əсерінен 
бірнеше бөлікке бөлініп, 220 000 км/сағат жылдамдықпен ғаламшар 
бетіне құлауы нақты дəлел болады. Əрбір комета сынықтарының 
құлау күші бірнеше миллион мегатоннаға жетіп, оның Юпитер 
атмосферасындағы жарылыс толқындары Жердегі бақылаушыларға 
айқын көрінген болатын. Бұл құбылыс ғылымға алдын ала белгілі 
болғандықтан өз уақытында өте мұқият зерттелді.
Қазіргі кезеңде Юпитер серіктерінің жалпы саны – 63, олардың 
1/3-нің өз аттары бар. Табиғи серіктерінің он алтысы Юпитер ор-
битасы төңірегінде қозғалып жүреді. Жиырмадан астам серіктері 
өте қашықта орналасқан жəне кері айналымда қозғалады, 2-4 км 
шамасындағы шағын денелі болып келеді. 
Ең ірі төрт серігі – Ганимед, Калисто, Ио, Еуропа – Галилейлік 
серіктер деп аталады, өйткені оларды италия астрономы Галилео 
Галилей 1610 жылы өз телескопын сынақтан өткізу кезінде ашқан 
болатын. Олар тасты-силикатты негізден тұрады, əрекет етуші жа-
нартаулар, мұздықтардың іздері, сұйықтықтар (су болуы да мүмкін) 
анықталған. 


75
Сатурн – Күннен алтыншы кезекте орналасқан ғаламшар. 
Сатурнның массасы Жер массасынан 95 есе артық. Оның диаметрі 
Жер диаметрінен 9,46 есе артық, ұзындығы 120 420 км тең. Өз 
білігінен 10,14 сағатта бір рет айналып өтеді. Күннен орташа 
қашықтығы 800 млн км (максимум 1млрд 429 млн км), орбита бойы-
мен 29,5 жылда бір рет айналып шығады. 
Сатурн – Күн жүйесіндегі ерекше ғаламшар, оның басты 
ерекшелігі экватор маңында сақинасының болуы. Сақинаның 
диаметрі 274 мың км, ғаламшар диаметрінен екі есеге жуық 
үлкен. Сақина жазықтығы орбита жазықтығына 29
о 
еңкіштікпен 
орналасқан. Əрбір 14-15 жылда сақина қырынан бұрылып, Жерден 
көзге көрінбей қалады. 
Сақинаның қалыңдығы 2 км шамасында, ғарыштан жасалған 
бақылаулар нəтижесінде оның арақашықтығы түрліше, бірнеше 
жіңішке шеңберлер жиынтығынан тұратыны анықталған. 
Сақина силикатты қатты заттардан, бірнеше миллиметрден 
бірнеше метрге жететін мұзды жентектерден құралған. Сатурн 
сақинасын ең алғаш рет 1610 жылы Галилео Галилей көрген бола-
тын (24-сурет).
Осыдан жарты ғасыр өткенде голланд ғалымы Христиан Гюй-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет